І тарау. МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ - КУЛЬТУРФИЛОСОФИЯ
«Мәдениет» латын сӛзі болғанымен бар әлемге адам қолынан шыққан
барлық материалдық және рухани ӛндіріс нәтижелерін қамтитын жалпы
философиялық кӛзқарас ретінде танымал. Ӛз бастауын сонау антикалық
кезеңнен алатын мәдениеттанулық ойлар бертін келе зерттеу аймағы кеңейіп, ӛз
бетінше жаңа «мәдениеттану» ғылымының пайда болуына алып келді. Қазіргі
қоғамда ӛмір сүретін мәдени меңгеру нысандары мен әдістерінің нақтылы
бӛлінуі, мәдениет нысандарын жасау мен жеткізу, мәдени ӛмірдегі тұрақты
және ӛзгермелі процестер, мәдени факторлар мен механизмдерді
сабақтастырушы «мәдениеттану» ғылымы ХХ ғасырдың ең озық қоғамдық-
гуманитарлық ғылымдар қатарында. Осы аталған және дербес мәдениеттану
ғылымының қызметтері мен процестеріне килікпей, түрлі мәдени іс-шараларға
ӛзінше философиялық серпін, мән-мазмұн беретін мәдениет философиясы
ғылымы болып табылады. Мәдениеттану ғылымымен қатарласа дамып келе
жатқан мәдениет философиясы болмыс, сана, материя, қоғам, даму сынды таза
философиялық проблемалармен мәдениеттің құндылықтық-танымдық жүйесі,
синтетикалық нысанадары, мәдени бағалау, мәдениет қызметтері сынды ӛзіндік
бағыттарын байланыстыра отырып кӛптеген ӛзіндік мәдени-философиялық
проблемалардың тарқатылуына жол ашты. Адамның адам болуы үшін тек
биологиялық эволюция жеткіліксіз, сондықтанда жаңа процесс болып
есептелетін мәдени-философиялық эволюция қажеттің қажеті.
А) Мәдениет философиясы теоретикалық пән ретінде
Мәдениет философиясы, культурфилософия (немісше «kulturphilosophie» -
ХІХ ғасырдың орта шенінде болмыс, әлем және ондағы адам сынды
философиялық мәселелерінің шектеулі әрі қажетті құрамдас бӛлігі ретінде
мәдениет дамуының мазмұны мен ықпалды даму мүмкіндігін, мәні мен
мағынасын зерттейтін философия бӛлімі болып қалыптасты. Мәдениет
философиясы – мәдениетті болмыс, сана, қоғам, тұлға және т.б. философиялық
проблемалар контекстінде қарастыратын философиядағы ӛзіндік бағыт.
Мәдениет философиясы - мәдениетті адамның іргелі түпкі сипаты, оның
анықтамаларының бірі ретінде түсінеді. «Мәдениет философиясы» терминін
алғаш рет ХІХ ғасырдың басында адамзаттың мәдени шығармашылығын
белгілеу үшін А. Мюллер енгізді. Әйтседе мәдениет философиясының
проблематикалары сонау ертегректік софистер кезінен мақұлданған болатын.
«Мәдениет философиясы» мәселесін ғылыми айналысқа енгізген 12 томдық
«Мәдениет философиясы» (1923-29), «Мәдениет және этика» (1960)
еңбектерінің авторы, теолог, дәрігер, музыкант, қоғам қайраткері, неміс-француз
ойшыл-гуманисті - Альберт Швейцер (1875-1965) мәдениет философиясының
теоретигі болып саналады. Философия ғылымдарының докторы, теология
докторы, медицина докторы, әлемдік Нобель сыйлығының және Франкфурттік
Гете сыйлығының лауреаты Швейцер ӛзінің философиялық ұстанымының
негізіне әлем туралы ілімді емес, нақ ӛмірдің ӛзін қойды да дәл осы принципін
ӛркениеттің кері ықпалдарына қарсы «сүзгіш» ретінде қарастырып, одан
адамзаттың моралды жетілуінің жетістігін кӛрді. Швейцердің адамзат
болашағына деген оптимистикалық кӛзқарасы діни нақышта болды. Оның
дүниегекӛзқарасы
әртүрлі
философиялық
концепцияларды
біріктіріп
қарастырғандықтан, бірқалыпты жүйеде болған жоқ. Швейцер мәдениет
философиясында мәдениеттің бірлігі мәселесі ерекше орынға ие. Оның ойынша
еуропалық мәдениет шығыс мәдениетінің құндылықтарын теріске шығарып
немесе шеттетемін деп кӛп нәрседен айрылып қалды. «Үнді ойшылдарының
Достарыңызбен бөлісу: |