Қазақ тілі пәнінен нөлдік бақылау жұмысы. 6- сынып. Оқушының аты-жөні ___________________________
Мәтін бойынша сұрақтарға қысқа жауап беріңіз. 1-нұсқа Сандар сөйлейді Сандар халықтың уақыт немесе көлемдік, сандық мағынамен қатар, белгілі бір ұғымды білдірген. Мысалы, 2 саны туралы мынадай ұғым бар. Ай және күн, жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, ер мен әйел, күн мен түн. Екі саны «жұп», екеу деген ұғымды білдіреді.
Тоғыз және қырық саны адамның жаратылу уақытымен байланысты. Анасының ішінде тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі.
Қазақ халқының ұғымында сәтсіз немесе жамандықтың символы болатын сан жоқ екен. Әр санның өзінің бір ерекшелігі көрсетіледі. Ал кейбір халықтар үшін 13 саны сәтсіздік саны болса, Қытай халқы үшін 4 саны жолы болмаушылықты білдіреді екен. Кейбір елдердің ұшақтарында немесе басқа да отыратын орындықтарында 13 саны болмай, 12-ден кейін бірден 14 саны көрсетіледі екен. Қытайлықтар 4 саны бар немесе сол санға аяқталатын телефон нөмірін алмауға және сол телефон нөміріне қоңырау соқпауға тырысады екен.
1-тапсырма. Сандар қандай ұғымдармен байланысты қолданылады? Екеуін жазыңыз. ……………………………………………………………………………………
2-тапсырма. «Жақсылық пен жамандық», «ақ пен қара», «ер мен әйел», «күн мен түн» сөздері қандай мағыналы сөздер?
……………………………………………………………………………………………………
3-тапсырма. Адамның дүниеге келуімен қай сандар байланысты?
……………………………………………………………………………………
4-тапсырма. Қазақ халқында қандай сандар сәтсіздік немесе жолы болмаушылықты білдіреді? ……………………………………………………………………………………
5-тапсырма. Кей ұшақтарда неге 13 саны болмайды?
……………………………………………………………………………………………………
6-тапсырма. 4 санынан қытайлықтар не себепті қорқады?
……………………………………………………………………………………………………
7-тапсырма. Грамматикалық тапсырма. Берілген сөздерді тиісті сөз табына қарай сәйкестендір.
Етістік ұғым, қасиет, дарын
Зат есім үшін, және, да, әрі, немесе
Шылау білдіреді, келтірді, көрінді
Сын есім біз, сендер, олар,
Есімдік сәтсіз, күлгін, терең