Ата-бабаларымыздың
еңбек құралдарын және күнделікті ӛмірде
қолданылатын
тұрмыстық заттарды жасаудағы үлесін тізбетесек: шалбар,
дӛңгелек, дӛңгелек арбалар – киіз үй, полихромдық стиль, кофта, косметика,
жасампаз бұйымдар, жылытатын алаңдар /Отырарда/, су құбырлары, лас суды
қала сыртына шығаратын құбырлар /канализация/, иригацциялық жүйе,
күйдірілген кірпіш, сәулетшілік /архитектура/, күнтізбе, тон, кілемдер,
текеметтер, етіктер, биік ӛкше /каблук/, сақтайтын қорғандар, бірінші, әрі ең
керемет керуен поездары, моншалар, бесік, ағаштан салынған үйлер, металдар,
болаттар, шойын және алтын.
Әскери ӛнерге қосқан үлесі: мықты атты әскер,
әскери соғыс әдісі, бірінші меңгерілген темір қылыштар, найза, жебелер,
қалқандар; үлкен және құрама садақтар
мен ысқыратын жебелер
психологиялық шабуылдың элементтері ретінде, ер-тұрман, жүген, қатаң
әскери тәртіп, ту, тас-темірлі қондырғылар, қабыраға бұзушылар, рыцарьлық.
Ӛнер мен ғылымға қосқан үлесі: шумерлік және орхон-енесейлік жазу,
шумерлік сандар – дәреже 6, 60, 3600, мүшел /күнтізбелік цикл/ – 12 жыл /бұл
12 алтылық/, кітаптар, ӛнердегі полихромдық және аң стильдері, астрономия,
алгебра, зороастризм, тәңірлілік,
халық медицинасы, сүйек түзеуші, мал
дәрігерліктің майталманы, фольклор, домбыра, қобыз және басқа да музыкалық
құралдар, шандап байлау, ақ ғұндардың ақша мен тиындары, ертегілер, эпостар,
айтыстар, мақалдар, ақын-жыраулар, математиктер, философтар, тарихшылар.
Осы ойды ары қарай жалғастырар болсақ, сауда мен қолӛнердің Қазақстандағы
орталығы – қалалар болып табылды. Олардың пайда болуы мен дамуы ерте
орта ғасырдағы Қазақстанның маңызды факторы болды. Жетісу жерінде 6-7
ғасырларда қалалар мен қалашықтардың тез қалыптасуына мынандай себептер
ықпал етті:
- ыңғайлы климаттық жағдай;
- ӛзендердің кӛптігі;
- Жетісу, Қытай, Иран және басқа араб елдері Үндістан мен Византия
арасындағы байланыстырушы буын болды.
VI ғасырда Жетісуда
56 қала болса, Х-ХІ ғасырларда олардың саны
200-ге
жетті. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қалалар дала мен отырықшы-
егіншілік аймақтар қиылысында орналасқан бұл жерде кӛшпелілер, қала
тұрғындары
мен егіншілер арасындағы саяси, экономикалық және мәдени
байланыстар байқалып отырды
(Омаров Е.С. Казахская цивилизация // Қазақ ӛркениеті.
- № 1. - 2001.)
Ортағасырлық қалалар экономикасын
қолӛнер мен
сауда анықтады. Сол
үшін қала қолӛнерінің жетекші түрлерін атай кетейік:
- қыш құмыра ӛндірісі;
- шыны бұйымы;
- металл ӛңдеумен байланысты қолӛнер /ұсталық, зергерлік/;
- ауыл шаруашылығы шикізаттарын ӛңдеумен байланысты қолӛнер
/тігіншілік, тері ӛңдеу ісі, сүйек және ағаш ӛңдеу.
Бұл тарихи-экономикалық сипаттамалар сонау ерте дәуірлерден сабақтаса
келген ӛркениеттілік нышандары, дәлелі. Қазақстан мемлекетінің тамыры
тереңде, қазақ хандығында, түркі дүниетанымында, алғашқы сақ тайпаларында
жатыр. Сол кезден бастап үздіксіз сабақтаса жалғасып келе жатқан жетістіктер
бүгінгі ұрпаққа мирас етілген бай мұра. Жоғарғы ӛркениеттілік нышаны болып
есептелінетін, сауда, дипломатия, құрылыс, шаруашылық, ӛндіріс т.с.с.
барлығын қазақ тарихынан, халық даналығынан,
сұңғыла ойларынан, ӛмір
сүрген ортасынан анық байқауға болады.
Орта ғасырларда күрделі әлеуметтік, экономикалық және саяси
қатынастардың ӛзгеруіне байланысты ғылым да, мәдениет те, қоғамдық-
философиялық ой да тез қарқынмен дамып, бүкіл шығыс пен батысқа, Еуропа
мен Азияға ӛзінің зор ықпалын тигізді. Бір сӛзбен айтқанда,
Мұсылман
Ренессансы болды. Шығыстық ғұлама ойшылдар дамытқан мәдениет пен
философия, нақты ғылымдар мен ғылыми жаңалықтар нағыз ӛркендеу,
ӛркениет бейнесін берді. Шығыстың болмыс-бітіміне тән баяулық ренессанстан
соң тіпті басым болды, осы сәтте ортағасырлық дін шырмауынан енді құтылған
батыстықтар үшін шығыстық жаңалықтар үлкен қор, таусылмас қазына болды.
Олар ӛздеріне тән шапшаңдықтарымен шығыстық ілім-білімді ӛз сүзгілерінен
ӛткізіп, ӛздері үшін
жаңа философия жасады. Жаңа философия – жаңа заман
философиясы. Жаңа философия шығыстық
ойды батысқа айналыдырып
жаңашаландыру. Бұл жердегі мақсат батыспен шығысты бір-біріне қарсы қою
емес, керісінше осындай пікірлерден арашалап алу және олардың бірін-бірі
толықтырушы, сабақтасушы байланыстағы механизмін кӛрсету. Осы
ренессанстық сипат қазіргі Қазақстан республикасының егемендік тарихымен
сәйкес келіп тұр. Қазақ Ренессансы дәл 1991 жылдан басталған жоқ, ол идея
қазақ хандығы тарқаса да, халық саяси бас еркінен айрылса да, ӛшпеген, оның
айғақты кӛрністері Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық кӛтеріліс, хан
Кенесары Қасымовтың елдікті сақтау мақсатындағы жорығы, 1916 жылғы
Амангелді, бекболат сынды батырлардың саяси харекеттерінен кӛрінді. Қазақ
даласында ұлт-азаттық мазмұнда кӛптеген кӛтеріліс ошақтары болды, азаттық,
елдік үшін болған қантӛгістердің бәрі тегін, еш кетпеді, олар қазақтың түптің
түбінде
жаңғырып, түлеп түсер заманына қосылған айрықша жағдайлар,
оқиғалар еді. Соның бәрі ХХ ғ. соңында қазақ болмысының жаңа замынын
ашты, ол 1986 жылғы желтоқсан кӛтерілісі болатын. Ұлттық идеямен рухтанған
қазақ ұлтшылдығы
Қазақ Ренессансының алғашқы рефлексиясы. Елдің
мәңгілігін армандаудан асқан қандай асқақ идея болмақ. Әрбір жеке адамның
ӛмірі ӛлшеулі болғанымен, ол ұрпағымен мәңгілік. Қазақ елі – мәңгілік. Бұл –
ұлттық идея
(Есім Ғарифолла. Саяси философия. Ойлар, тұжырымдар. – Алматы: Ел
шежіре, 2006. – 221б.,232б.).
Жалпы қазақ даласында қоғамдық ғылымдар таратылуының бой алуы
ежелде Шығыстың Араб, Иран, Қытай ойшылдарының кӛзқарастарынан
байқалса, кейінірек ресейлік ықпалдың күшеюімен бірге Еуропалық ойлар
жалғасты. І Петр Қазақстанды Азияға
шығар қақпаның кілті десе, хакім Абай
Ресейді Еуропаға кӛзқарасты кеңейтер үлкен терезе деп үлкен мәдени
сұхбаттастық кӛпірін мегзеді.
Қоғамдағы, саясаттағы болып жатқан құбылыстар миллионерді де,
зейнеткерді де, студентті де, ғалымды да бей-жай қалдырмайды. Халық билікке
тікелей араласпаса да, биліктің, саясаттың қайнар кӛзі. Саясат халықтан
басталады, демек ол халықтың тұрмысы, жай-күйі. Қашанда елім деген ер
азаматтар ӛз халқы үшін саясаттың жазықсыз құрбаны болды. Ұлан ғасыр, кең
байтақ қазақ жерін қазақтар қазақ үшін жаудан қорғады, кӛзінің қарашығындай
сақтады, ұрпаққа мирас етті, аманат қылды. Бертін келе,
қазақ тағдыры қыл
үстінде тұрған шақта ел еңсесін кӛтеруге тырысып, аманатқа қалған ел
тұтастығын сақтауға ұмтылған озық ойлы қазақ интеллегенциясы да
репрессияға ұшырап, елі үшін құрбан болды. Ұлы отан соғысы кезінде де
қазақтың ӛрімдей ұл-қыздары майданға ӛз еріктерімен сұранып, ортақ отанды
қорғады, кӛзсіз ерліктер жасап, қазақ есімін биіктерден кӛрсетті. Соңғы дүбірлі
оқиға “Желтоқсан” кӛтерілісінде де қазақ жастары халықтың қамы үшін алаңға
жиналды, олар үлкен ерлік жасап, еш бағаға тең келмес тәуелсіздік тұғырын
қондырды, бодандыққа бостандық жолын басатап берді. Бір сарындағы ӛмірдің
арнасын бұрып әкетті, ұйықтап қалған санамызды “Тәуелсіздік” деген жалғыз
сӛзбен дүр еткізді.
Достарыңызбен бөлісу: