Денсаулық және медицина Жоспар



бет2/3
Дата19.04.2023
өлшемі12,95 Kb.
#84241
1   2   3

Денсаулық сақтау жүйесін, «ауру» және «денсаулық» әлеуметтік терминдерін, медицина саласындағы адамдардың мінез-құлқын зерттейтін әлеуметтану саласы. Бұл халықтың денсаулыққа, ауруға, медициналық көмекке, медицинаға және денсаулықты қорғауға құндылық бағдарларының қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым. Қазіргі медициналық әлеуметтанудың құрылымына медициналық мамандықтар әлеуметтануы, аурулар мен пациенттердің мінез-құлқы социологиясы, медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарының социологиясы сияқты бірнеше салалар кіреді. Әлеуметтанудағы медицина әлеуметтік институт ретінде ерекшеленеді. Медицина әлеуметтік институт ретінде құндылықтарға (мақсаттарға, принциптерге, кодтарға), құрылымына, функцияларына, нысандарына, нышандарына, институционалдық ұйымының (дәрігерлер, науқастар, мемлекет және т.б.) мәртебесі мен рөлдері, кәсіби стратификация және кәсіптік білім беру жүйесі бар.



Медицина әлеуметтануы

Денсаулық әлеуметтануы

Адам денсаулығы биологиялық (аурудың туа біткен және жүре пайда болған белгілері) және әлеуметтанулық факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықталады. Денсаулық жеке адамның денсаулығы және жалпы халықтың денсаулығы болып екіге бөлінеді. Адам денсаулығы, яғни оның денесінің клиникалық, физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығы жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық және географиялық жағдайларға байланысты әртүрлі аурулардың пайда болуына, адамның дұрыс өсуі мен дамуына , адамның жасымен және тағыда басқа жағдайлармен байланысты анықталады.Жалпы халықтың қалыпты денсаулығы жеке адамдардың айлық жалақысына, жұмыс күнінің ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайына, дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау саласының дамуына, елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Қазақ халқы ежелден адам денсаулығының маңыздылығына үлкен мән берген. Күнделікті өмірде дене күтіміне, тазалыққа, дұрыс тамақтануға көп көңіл бөлген. Қазақ халқының: «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал мәтелдері, қанатты сөздері адам денсаулығына қамқорлық жасауда өзінің терең тәрбиелік мәнін жойған жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет