Денсаулық сақтау технологиялары мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде


Тәрбиешілерге арналған балалардың денсаулығын сақтау бойынша психологиялық ұсыныстар



бет23/27
Дата25.11.2023
өлшемі195,35 Kb.
#127931
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
РЕФЕРАТ О 10 НЕД

Тәрбиешілерге арналған балалардың денсаулығын сақтау бойынша психологиялық ұсыныстар:
∙ Баланың қабілетіне сай тапсырмалар бере отырып, баланың психикасын тұрақтандыру;
∙ Баланың маужыраңқы күйден арылуға, тез жинақталуға, өзіне деген сенімділігін арттыру;
∙ Танымдық процестерін (ойлау, есте сақтау, зейін қою қабілеттерін) дамыту; ∙ Балалардың пәндерге деген қызығушылықтарын ояту;
∙ Оқу мотивациясын арттыру;
∙ Балаға қандай да шағын (кішкентай) жаңалық ашуына мүмкіндік беріңіз; ∙ Есіңізде болсың! Бала- толығымен кемшіліктерден, денқойлықтардан тұрмайды.
∙ Шапшаң немесе баяу, жеңіл немесе ауыр мінезді кез-келген бала өзіне тән сүйіспеншілікке, сыйластыққа және бағалауға лайық.
∙ Барлық жоғары талапты мақтаудан бастаған жөн.
∙ Эмоционалдық жағдайы қаншалықты жоғары деңгейде болса, оқуда соншалықты мүмкіндігі мен табысқа жетеді.
Ата-аналар үшін жадынама
1. Таңертең балаңыз ұйқыдан оянғанда оған: «Қайырлы таң!» деңіз де, жауап күтпеңіз. Жаңа күнді ұрыс-айқайсыз, көңілді бастаңыз. 2. Балаңызға ұрысқан кезде «Сен әрқашан», «Сен ылғи», «Сен мәңгі» деген сөздерді айтпауға тырысыңыз. Сіздің балаңыз әрқашан, ылғи, мәңгі жақсы, бүгін ғана кемшілік жіберді. Осы туралы оған айтыңыз. 3. Баламен ұрысып айырылыспаңыз. Міндетті түрде татуласыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызға кетіңіз
4. Бала балабақшадан келгенде одан: «Бақшада бүгін қандай қызық болды?- деп сұраған дұрыс.
5. Бала отбасы тұратын үйге келуге асығыс болуы керек. Сондықтан үйге келгенде әрқашан: «Біздің үйіміз бәрінен де жақсы ғой» -деп айтыңыз. 6. Егер балаңызға: «Өтірік айтпа» дегіңіз келсе, езу тартып күлімдеңізде: «Біреу өтірік айтып тұр»-деңіз.
7. Бала үйге оралғанда үйде қалған ата-ана оны әрқашан есік алдында қарсы алғаны жөн. Бала оның үйге келуіне қуанатынын білуі керек, тіпті кейде кінәлі болып қалса да.
8. Қанша шаршасаңыз да, балаңызға шаршағаныңызды білдірмеуге тырысыңыз. Наразылық білдірсеңіз, балаңызды да наразылыққа үйретіп, аяныш білдіруден айырасыз. Бала өзін аяғаннан гөрі басқа адамды, туған туыстарын аяуды үйренген жөн.
9. Балаңызға дауыс көтеріп, қатты сөздер айтуға болмайды.
62
10. Сіздің жағыңыздан балаңызға деген сүйіспеншілік сезімі мен көңіл бөлуіңіз жоғары деңгейде болу қажет.
11. Басқа адамдар көзінше оны мұқатып, кемсітуге болмайды. 12. Ата-ананың, яғни сіздің әрбір сөйлеген сөзінің, әр қылығының баланың ауытқуы мен тәрбиесінде маңызы бар екенін әрқашан есте ұстап отырыңыз.
13. Балаңыздың бос уақыттарында қоғамдық жерлерде, далада өзің қалай ұстайтынын біліп отырыңыз.
14. Балаңыздың әрқашан көңілді, қуанышты болсын десеңіз, оның мұңаюына кедергі жасаңыз.
15. Балаңызға қандай да шағын (кішкентай) жаңалық ашуына мүмкіндік жасаңыз.
16. Балаңызға деген сүйіспеншілігіңізді көрсетуге ешқашан қорықпаңыз.
17. Есте сақтаңыз: Балаға әрқашан түсіністікпен қарау қажет.Бала - ол сіздің өз еңбегіңізбен жасалған бақытыңыз. (В.А.Сухомлинский) Жалпы, мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау әрекеті денсаулық сақтау мәселелері педагогтердің құзыреттіліктері жоғарлағаны, ата аналардың валеологиялық сауаттылығы сонымен қатар жалпы балабақшада сауықтыру әрекетінің белсенділігі байқалады. Осының бәрі қорыта келгенде баланың қимыл әрекетіні, физикалық сапасының дамуына жалпы баланың денсаулық жағдайына қолайлы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет