Денсаулық сақтау технологиялары мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде


Балалардың қимыл белсенділігін басқару жөніндегі жұмысты жетілдіру (қалыптастырушы эксперимент)



бет19/27
Дата25.11.2023
өлшемі195,35 Kb.
#127931
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
РЕФЕРАТ О 10 НЕД

2.2 Балалардың қимыл белсенділігін басқару жөніндегі жұмысты жетілдіру (қалыптастырушы эксперимент)
Мақсаты: ширақтығы әр түрлі жоғарғы топ балаларының қозғалыс белсенділігін реттеу.
Міндеттері:
1) ширақтығы әр түрлі балалардың қозғалыс белсенділігін реттеуге арналған қозғалыс тапсырмалары мен педагогикалық тәсілдерді әзірлеу; 2) олар іске асыру және жоғарғы топтағы балалардың қозғалыс белсенділігінің дамуына әсерін анықтау.
Қозғалыс белсенділігі –баланың денсаулығы мен дамуының қажетті шарттарының бірі. Қозғалыс белсенділігін арттыру ағзаның барлық жүйелерінің, соның ішінде ми қызметіне оң ықпалын тигізеді. Мектептегі оқу басталғанға дейін сәбиде жасына, ағзаның жеке қажеттіліктеріне сәйкес қозғалысқа қажеттілік және тіпті қозғалыс белсенділігінің көлемінен, ұзақтығынан, қарқындылығы мен құрамынан көрінетін белгілі бір стиль қалыптасуы тиіс деп есептелінеді [20].
Қимыл белсенділігін дамытуды аз және тым көп қимылдайтын балалар қажет етеді.
Әр баланың қимыл икемділігінің таяу аймағын анықтау және болжау деректері қимыл белсенділігін дамыту жұмысының бағыттарын көрсетеді. Балалардың қимыл белсенділігін қалыптастыру кезінде мынадай мәселелер шешілуі тиіс:
- өз бастамасы бойынша қатарластарымен қимылды ойындар мен қарапайым жарыстарды ұйымдастыруға тұрақты қызығушылықты, қимыл белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу;
- психомоторлық қабілеттерді, шығармашылықты, өз бетінше қимыл әрекеттерге бастамашылдықты дамытуға жағдай жасау;
- қимыл мәдениетін дамыту, қимыл тәжірибесін байыту;
- балалардың белсенді сөздігін қимылдардың, спорттық жаттығулардың, ойындардың түрлері мен әдістерінің атауларымен байыту;
- ересек адамның өтініші бойынша қандайда болмасын қимылды дұрыс көрсету икемін дамыту;
- оңтайлы қимыл белсенділігін қалыптастыру, қимыл тәртіптемесін сақтауға ұмтылу.
49
Қимыл белсенділігінің қалыптасу деңгейін анықтау және олардың негізінде балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесін құру балалар топшаларымен олардың деңгейлерін ескере отырып, сараланған жұмыс жүргізуге және оларың әрқайсысына жеке ыңғайды пайдалануға мүмкіндік берді. Қимыл белсенділігін саралап басқару міндеттері қозғалымдылығы төмен балаларда қимыл белсенділігін арттыру, оларда қимылды ойындар мен спорттық жаттығуларға қызығушылықты, сабақтарда бұрын алған қимыл дағдыларын өз бетімен әрекеттену кезінде пайдалану икемділігін тәрбиелеуді көздейді. Қозғалымдығы жоғары балаларда – өз әрекеттерінің түрлерін бақылау білу мен ұстамдылықты, дәл орындауды талап ететін ойындар мен жаттығуларға қызығушылықты тәрбиелеу.
Қимыл белсенділігін басқарудың педагогикалық тәсілдер мен әдістері аз қимылдайтын балаларды белсенді ширақ әрекеттерге біртіндеп тартуға негізделе құрылды. Қозғалымдылығы жоғары балаларда олардың белсенділігін анағұрлым байсалды әрекет түрлеріне ауыстыруға бағытталды.
Эксперименттік жұмыс басталған кезде тәрбиеші пайдаланатын ең ұтымды ойын тәсілдері мен әдістері әр балаға құралдарды, ойнайтын орынды таңдауына дер кезінде көмек көрсету, сондай-ақ әр түрлі ынталандырғыш әрекеттерді қолдану; жаттығуларды тәрбиешінің өзі немесе сәбидің көрсетуі болды. Бүкіл жұмыс барысында тәрбиеші тарапынан балалардың қимыл белсенділігін жеке басқаруға елеулі уақыт бөлінді. Күн сайын серуенге шыққан кезде тәрбиеші балалармен дене шынықтыру сабақтарында меңгерілмей қалған қимылдар мен жаттығуларды сабақтады.
Әдебиеттерді талдау және балалардың қимыл белсенділігіне жүргізілген дербес бақылаулардың нәтиесінде педогогикалық тәсілдердің екі негізгі тобы ажыратылды:
1) бірдей – қозғалымдылығы жоғары және төмен балалардың қимыл белсенділігін басқарудың жалпы, бірақ олардың белсенділігіне әр түрлі әсер ететін тәсілдері;
2) бір-бірінен өзгеше, балалардың ширақтық деңгейіне байланысты қолданылатын тәсілдер.
Қимыл белсенділігін басқарудағы жалпы тәсіл балаларды өздік әрекетке арналған құралдар мен жабдықтарды дайындауда ересектерге көмектесуге тарту, еңбекке баулу; аз қимылдайтын балаларда белсенді әрекетті (дәлізді сыпыру), ал қозғалымдылығы жоғары балаларда - дәл, баяу қимылдарды (түрлі түсті текшелерді әр түрлі жәшіктерге жинау, кегльдерді белгілі бір қашықтыққа қою)туғызатын тапсырмаларды орындау болды.
Қимыл белсенділігін басқарудағы маңызды тәсіл балалардың дербес ойындарына белсенді локомоцияларды талап ететін сюжеттерді енгізу болды, ол қимылы аз балаларда қимыл белсенділігін арттыруға септігін тигізіп, қозғалымдылығы жоғары балалардың мақсатсыз жүгірістеріне мақсат, саналы бағыттылық берді. Байқаулар (бақылаулар) көрсеткендей, ойындардың сюжеттік бағытталуына балаларды әр түрлі нысаналы әрекеттерге итермелеген әр түрлі дене шынықтыру құралдарын пайдалану
50

түрткі болды («траппен пароходқа»көтерілу – еңіс тақтаймен жүру «матростардың батып бара жатқан адамдарды құтқаруы» – балалар гимнастикалық отырғыштан тура шеңберге секіріп түседі). Дербес ойынның барысына жанама ықпалды әртүрлі дене шынықыру құралдары көрсетті, олар балаларды әр түрлі қимылдарды орындауға мәжбүр етті (мысалы, мен былай деп ұсындым: «Аружан, азық-түлік дүкеніне велосипедпен барсаң, тезірек болады»).


Тәсілдердің жалпы тобына ширақтығы әр түрлі балаларды бірге ойнауға жұмылдыру жатады.
Мысалы, Санжар (6 жас 2 ай), жоғарыда айтылғандай, өте ширақ бала, үнемі жүгіріп жүретіні соншалық, жолындағы еш кедергіге мән бермейді, әр түрлі құрылыстарға соқтығысып, жиі сындырып кетеді, балаларды итереді.
Нұрай (5 жас 6 ай) – аз қимылдйтын қыз бала,құммен, ұсақ заттармен ойнағанды, қатарластарының ойындарын бақылап, ұзақ уақыт бойы отырғанды немесе тұрғанды ұнатады.
Біз балалардың екеуі де бір әрекетті орындай алмайтынын анықтадық – тар дәлізбен шеңберді сырғанату, допты себетке лақтырып салу. Біз оларға осы жаттығуларды үздік орындайтын тағы бір қыз баланы, Ғазизаны қосып, жаттығуларға бағыттай бастадық. Санжар мен Нұрайбірге ұзақ жаттықты, оларда әңгімелесуге, басқа жаттығуларды да бірге орындауға қажеттілік пайда болды: Санжар Нұрайға велосипед тебуді үйретсе, Нұрай оны секіргіштен секіруді үйретті. Эксперименттің соңында бұл балалардың қимыл белсенділігінде айқын сапалы өзгерістер байқалды. Санжарның қимыл-қылығы анағұрлым байсалды, мақсатты бола бастады, жаттығуларды дәл орынлдауға деген ұмтылыс пайда болды. Нұрай анағұрлым ширап, доппен ойналатын ойындар мен басқа да спорттық жаттығуарды жақсы көріп кетті.
3 Кесте. Түрлі деңгейлі қимыл әрекеті балалармен жұмыс жоспары.

Өткізу күні

Уақыты

Жұмыс мазмұны

Мақсат

28.02.14 ж.

Күннің 1- ші
жартысы

Қ/ойын «Теңіз шулайды…»
Қ/ойын
«Көбеліктер
шегірткелер»

Қимылдыбақылау, зейіннің шоғырлануын және қимыл бақылауынын дамуы. Қимылдың жылдамдығының дамуы, зейіннің шоғырлануы

01.03.14ж.

Күннің 2- ші
жартысы

Қ/ойын
«Көбеліктер
шегірткелер»
«Жалын» шарты бар жаттығулар

Жылдамдықтың дамуы, зейіннің шоғырлануы. Өзіндік әрекеттің еркін реттеуі және зейіннің шоғырлануы

51

02.03.14

Күннің 1- ші
жартысы

Ойын-тапсырма «Қызықты
жаттығу»
«Жалын» шарты бар жаттығулар

Қимылдың
жылдамдығының дамуы, зейіннің шоғырлануы Өзіндік әрекеттің еркін реттеуі және зейіннің шоғырлануы

03.03.14.

Күннің 2- ші
жартысы

Ойын-жаттығу «Қызықты
жаттығу»
«Шеңберді қағып ал»

Қимылдың
жылдамдығының дамуы, зейіннің шоғырлануы Қимылдың
жылдамдығының дамуы

04.03.14 г.

Күннің 1- ші
жартысы

Қимылды ойын «Конь-огонь»
«Шеңберді қағып ал»

Қимылдың
жылдамдығының дамуы Қимылдың
жылдамдығының дамуы

07.03.14 г.

Күннің 2- ші
жартысы

Жаттығу «Менің үшбұрыш
қалпағым»
Қимылды ойын «Конь-огонь»

Қимылдың
жылдамдығының дамуы, зейіннің шоғырлануы. Қимылдың
жылдамдығының және құрбыластарымен қатынас дағдаларының дамуы

10.03.14 г.

Күннің 1- ші
жартысы

Жаттығу
«Айдаһар»
Жаттығу «Менің үшбұрыш
қалпағым»
»

Қимылдың
жылдамдығының және құрбыластарымен қатынас дағдаларының дамуы Өзіндік әрекеттің еркін реттеуі және зейіннің шоғырлануы

11.03.14 г.

Күннің 2- ші
жартысы

Жаттығу «Цап!» саусақ ойындары Жаттығу
«Айдаһар»

қимылдың ырықсыздығын жою
Қимылдың
жылдамдығының дамуы и навыков взаимодействия со сверстниками.

14.03.14 г.

Күннің 1- ші
жартысы

Қимылды ойын «Кімде не артық?»
Жаттығу «Цап!» саусақ ойындары

Қимылдың
жылдамдығының дамуы. Ынталалықты жаттықтыру.

52


15.03.14 г.

Күннің 2- ші
жартысы

Жеке дара жұмыс Т.Алмаз және Қ.Арыстанмен. Ойын
«Түймелер»

Ерікті зейін, ынталылықты дамыту.

16.03.14 г.

Күннің 1- ші
жартысы

Қимылды
ойындар
«Жүгіріа жет және секір», «Кім жылдам?» «Кім жылдам жіпті орайды»

Қимылдың
жылдамдығының дамуы

17.03.14 г.

Күннің 2- ші
жартысы

Жаттығу «Қол аяқ»
Жаттығу
«Тасбақа»

Қимылдың
жылдамдығының дамуы Қимылдың ырықсыздығын жою.
Қимылдың
жылдамдығының дамуы

18.03.14 г.

Күннің 1- ші
жартысы

Жаттығу «Ара» Жаттығу
«Тасбақа»

Қимылдың
жылдамдығының дамуы Қимылдың
жылдамдығының дамуы

21.03.14 г.

Күннің 2- ші
жартысы

Жаттығу «Ара» Қимылды ойын «Кім жылдам»

Қимылдың
жылдамдығының дамуы и қимылдың ырықсыздығын жою.
Реакция жылдамдығының дамуы.

22.03.14 г.

Күннің 1- ші
жартысы

Қимылды ойын «Кім жылдам»
Релакс.жаттығу. «мұз және от»

Реакция жылдамдығының дамуы. қимылдың ырықсыздығын жою.

23.03.14 г.

Күннің 2- ші
жартысы

Релакс.жаттығу. «Құмды
жағажай»
Шарты бар ойындар
«Қияңқылар»

қимылдың ырықсыздығын жою
Өзіндік әрекеттің еркін реттеуі және зейіннің шоғырлануы.

53

24.03.14 г.

Күннің 1- ші
жартысы

Шартыбар ойындар
«Қияңқылар»
Жаттығу
«Компас»

Өзіндік әрекеттің еркін реттеуі және зейіннің шоғырлануы.
қимылдың ырықсыздығын жою, құрбыластарымен қатынас дағдаларының дамуы.

25.03.14 .

Күннің 2- ші
жартысы

Жеке дара жұмыс Әсем Н., Айнұр С және Н.Заринамен.
Ойын - жаттығулар «Кім алысқа
лақтырады?»,
«Шеңберді қағып ал»

Жылдамдыққимылын дамыту.

28.03.14 .

Күннің 1- ші
жартысы

«Алтын балық» жаттығу
Жаттығу «Ақман қалпағымен»

Қимылдың
жылдамдығының дамуы, қимылдың ырықсыздығын жою.

29.03.14 .

Күннің 2- ші
жартысы

«Алтын балық» жаттығу
Жаттығу
«сиқырлы доп»

Қимылдың
жылдамдығының дамуы құрбыластарымен қатынас дағдаларының дамуы..

30.03.14 .

Күннің 1- ші
жартысы

Жаттығу
«Парад»
Жаттығу
«сиқырлы доп»

қимылдың ырықсыздығын жою.
құрбыластарымен қатынас дағдаларының дамуы.

Қимыл белсенділігі жоғары балаларға міндетті нақты қимыл тапсырмалары ұсынылып, біртіндеп зейінге, үйлесімділікке, ептілікке, дәл орындауды талап ететін қимылдардықосу арқылы қиындатылды («Қол-аяқ», «Түймелер», «Өз үйшігіңді тап» және т.б.).
Қимыл белсенділігі төмен балаларға орындау дәлдігін талап етпейтін, бір қимыл сапасына әр түрлі тапсырмалар берілді. Бұл тез жауап қайтаруға, жылдамдыққа және бір әрекет түрінен екіншісіне тез ауысуға бағытталған ойын-жаттығулар («Қапты сақта», «Кім бауға бірінші жетеді?», «Шеңберді ұстап ал» және т.б.). Аз қимылдайтын балаларға эстафета-ойындар, жарыс ойындары ұсынылды. Алдын ала қимылты дамыту бойынша жеке жұмыс жүргізілді, оларға қиынға соққан қимылдарға ерекше көңіл бөлінді (жылдамдыққа жүгіру, ұзындыққа секіру және т.б.). Жаттығуларды орындаған кезде біз бұл балаларды мақтап, оларға өз күштеріне сенуге мүмкіндік бердік. Балаларға жеке ыңғай білдірудің жоғарыда аталған
54
педагогикалық тәсілдерінің бәрі сәбидің ойындар мен әр түрлі әрекет түрлеріне, сан аулан дене шынықтыру құралдарына қызығушылығын ескеру негізінде құрылды.
Мысал келтірейік: Санжар тапанша немесе автомат ұстап жүгіріп ойнағанды ұнататын. Бұл ойындар бір сарынды өтетін: Санжаралаңды бойлай жүгіретін, содан соң гимнастикалық тосқауылға отырып алып, тапаншадан атқылайтын, содан соң секіріп түсіп, қайта жүгіре жөнелетін... Біз біртіндеп баланы әр түрлі қимылдарды пайдалануға қызықтырып, дәл оындалуына қол жеткіздік, соғыс тақырыбына қызығушылығын ескеріп, Санжарға әскерлердің әр түрлі жаттығуларды жасай білуі тиістігін түсіндірдік, оған жасап көруді ұсындық. Бұл - гимнастикалық тосқауылдың төбесіне өрмелеп шығу, допты баскетбол шығырына лақтыру, буммен жүру және т.б. Сюжетті әр түрлі қимылпен және жабдықтар мен дене шынықтыру құралдарын пайдаланумен байытып, эксперименттің соңында Санжарда өз бетінше әр түрлі қимыл ірекеттеріне, спорттық жаттығуларға тұрақты қызығушылықтың пайда болуына қол жеткіздік.
Серуенде әр сәбидің айқын мүмкіндіктері анық байқалады (жинақылық, белсенділік, дербестік). Қозғалыс белсенділігі орташа және жоғары балалар аз қимылды балалармен салыстырғанда, ұсынылған дене жаттығулары мен қимыл тапсырмаларын тезірек меңгерді. Аз қимылдайын балаларда ширығу, өзкүшіне сенбеушілік пайда болатын, бұл жаттығуларды меңгеруге теріс ықпалын тигізді. Сондықтан ақ қимылдайтын балалармен көбінесе бір жаттығуды қайталанып отырды, сөйтіп әрқашан тыныш, дағдылы жағдай жасалды. Бұл балалар дене жаттығуларын еліктеу негізінде, яғни көрсету әдісінің (тәрбиешінің немесе сәбидің) көмегімен тезірек игерді.
Қимыл белсенділігі орташа немесе жоғары балалар үшін ең маңыздысы сөзбен айтып түсіндіру мен сендіру болды.
Сонымен бірге балалардың ата-аналарымен да арнайы әзірленген бағдарлама бойынша кешенді жүмыс жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет