2.3 Зерттеунәтижелерін талдау Мақсаты: 5–6 жастағы балаларда қимыл белсенділігінің даму деңгейінің үрдісін анықтау.
Міндеттер:
1) сынау тобындағы балалардың қимыл белсенділігін қайта анықтау; 2) бақылау экспериментінің диагностикасы (анықтау) деректерін өңдеу; 3) эксперименттің констатациялау және бақылау кезеңдерінің нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасау.
57
Бұл кезеңде констатациялық эксперименттегідей диагностика пайдаланылды.
Қайталама диагностикадан соң мынадай нәтижелер алынды: эксперименттік топтағы локомоциялар көлемінің орташа көрсеткіші14664 қадам, бақылау тобында – 15373 қадам, бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: эксперименттік топтағы локомоциялар көлемінің өсімі 1420 қадам, бақылау тобында – 840 қадам;
қимыл белсенділігі ұзақтығының орташа көрсеткіші эксперименттік және бақылау топтарында өзгерген жоқ, 210 минут құрады;
минуттық қимыл қарқындылығының орташа көрсеткіші эксперименттік топта 70 қадам, бақылау тобында – 73 қадам, бұдан мынадай қорытынды жасауға болады, эксперименттік топтағы минуттық қимыл қарқындылығының өсімі 7 қадам, ал бақылау тобында – 4 қадам.
Балалардың қимыл белсенділігін зерттеу нәтижелері көрсеткендей, эксперименттік топта қимыл белсенділігінің төмен деңгейі балалардың14%- да және бақылау тобында – 14%-да. Орташа деңгей эксперименттік топта – балалардың 86%-да және бақылау тобында – 71%-да. Бақылау тобында қимыл белсенділігінің жоғары деңгейі балалардың 14%-да, және эксперименттік топта –қимыл белсенділігінің деңгейі жоғары балалар 0% құрады.
Сонымен, констатациялық және бақылау экспериментінің нәтижелері эксперименттік топта балалардың қимыл белсенділігінің орташа деңгейінің 58%-ға жоғарылағанын көрсетті. Төменгі деңгей –29%-ға және жоғарғы деңгей 28%-ға төмендеді.
Эксперименттік жұмыс барысында балалардың қимылдарды дамыту жұмыстарын ұйымдастыру нысандарында меңгерген қимыл икемділігі мен дағдыларының өз бетінше (дербес) әрекетке ауысу құбылысы анықталды. Спорттық ойындар мен жаттығулардың ауысуы қимыл белсенділігінің деңгейі орташа балаларда айқынырақ көрінді.
Балалар өз ойындарында әр түрлі дене шынықтыру құралдарын шығармашылық тұрғыдан пайдалана бастады. Ойындарда бірлесе орындайтын әрекеттерде балалардың арасындағы қарым-қатынас уақыты ұзарды. Тұрақты әуестену, қызықты іспен тез айналысу икемділігі, спорттық ойындарға үлкен қызығушылық –осының бәрі эксперименттік топтағы балаларға тән болды.
Жеке-саралы жүргізілген жұмыс эксперименттік топтағы балалардың дербес әрекеттерінің мәніне оң ықпалын тигізді. Күні бойы жалпы салмақты белсенділік, жақсы көңіл-күй, әрекеттің алуан түрлеріне қызығушылық байқалды.
Жоғарғы топта жүргізілген бүкіл эксперименттік жұмыс қимыл белсенділігінің үш көрсеткішінің барлығына оң ықпалын тигізді (локомоциялар саны, ұзақтық, қарқындылық).
58
Эксперименттік топта қозғалымдылығы орташа балалардың саны артып, қозғалымдылығы жоғары және төмен балалар азайды. Бақылау тобындағы өзгерістер елеусіз.
Сонымен, ұсынылған мектепке дейінгі жоғары жастағы балалардың қимыл белсенділігін реттеудің педагогикалық тәсілдері балалардың дербес әрекеттерінде әр түрлі дене жаттығуларын ұтымды пайдануына, сондай-ақ қозғалымдылығы орташа және төмен балалардың қимыл белсенділігінің артуына елеулі ықпалын тигізді деп қорытуға болады.
Балалардың дербес қимыл белсенділігі құрамы жағынан анағұрлым байыды, оларда спорттық ойындарға (бадминтон, теннис, боулинг) және спорттық жаттығуларға деген тұрақты қызығушылық пайда болды. Шығармашылық ойындар әр түрлі қимылдар мен дене шынықтыру құралдарын пайдаланумен мақсатты сипатқа ие болды. Эксперименттік топтағы балаларда қимыл белсенділігінің үш көрсеткішінің барлығы (локомоциялар саны, ұзақтық, қарқындылық), сондай-ақ қимыл дайындығы көрсеткіштері айтарлықтай артты.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Павлодар қаласының №10 балабақшасында 2012-2013 оқу жылының қыркүйек бастап 2013-2014 оқу жылының мамыр айына дейінгі кезеңінде шартты түрде 14 адамнан құралатын екі топқа бөлінген 5–6 жасар балалармен өткізілді.
Диагностикалық зерттеу сынау тобындағы қимыл белсенділігінің деңгейін анықтауға бағытталды. Қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін өлшемі қимыл белсенділігінің көлемін өлшеуге мүмкіндік беретін қадам өлшеу әдісі пайдаланылды.Қимыл белсенділігін сапалық зерттеу сабақ уақытында және бос уақытта балаларды бақылау көмегімен жүзеге асырылды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, эксперименттік топта қимыл белсенділігінің жоғары деңгейі балалардың 28%-да, қимыл белсенділігінің орташа деңгейі балалардың 28%-да, ал төмен деңгейі 43%-да болды. Бақылау тобында қимыл белсенділігінің жоғары деңгейі балалардың 28%-да, орташа деңгейі балалардың 57%-да және төмен деңгейі – 14% -да байқалды.
Қимыл белсенділігінің қалыптасу деңгейін анықтау және олардың негізінде балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесін құру балалар топшаларымен олардың деңгейлерін ескере отырып, сараланған жұмыс жүргізуге және оларың әрқайсысына жеке ыңғайды пайдалануға мүмкіндік берді.
Қимыл белсенділігін басқарудың педагогикалық тәсілдер мен әдістері аз қимылдайтын балаларды белсенді ширақ әрекеттерге біртіндеп тартуға негізделе құрылды. Қозғалымдылығы жоғары балаларда олардың белсенділігін анағұрлым байсалды әрекет түрлеріне ауыстыруға бағытталды.
Қимыл белсенділігін басқарудағы маңызды тәсіл балалардың дербес ойындарына белсенді локомоцияларды талап ететін сюжеттерді енгізу болды, ол қимылы аз балаларда қимыл белсенділігін арттыруға септігін тигізіп,
59
қозғалымдылығы жоғары балалардың мақсатсыз жүгірістеріне мақсат, саналы бағыттылық берді.
Жалпы педагогикалық тәсілдерден басқа, қозғалымдылығы жоғары және төмен балаларға серуенге шыққанда, дене шынықтыру сабақтары болмаған күндері ойын-жаттығулар түрінде өзіміз арнайы іріктеп, әзірлеген қимылды тапсырмаларды ұсындық.
Эксперименттік жұмыс барысында балалардың қимылдарды дамыту жұмыстарын ұйымдастыру нысандарында меңгерген қимыл икемділігі мен дағдыларының өз бетінше (дербес) әрекетке ауысу құбылысы анықталды.
Жеке-саралы жүргізілген жұмыс эксперименттік топтағы балалардың дербес әрекеттерінің мәніне оң ықпалын тигізді. Күні бойы жалпы салмақты белсенділік, жақсы көңіл-күй, әрекеттің алуан түрлеріне қызығушылық байқалды.
Эксперименттік топта қозғалымдылығы орташа балалардың саны артып, қозғалымдылығы жоғары және төмен балалар азайды. Бақылау тобындағы өзгерістер елеусіз.
Сонымен, ұсынылған мектепке дейінгі жоғары жастағы балалардың қимыл белсенділігін реттеудің педагогикалық тәсілдері балалардың дербес әрекеттерінде әр түрлі дене жаттығуларын ұтымды пайдануына, сондай-ақ қозғалымдылығы орташа және төмен балалардың қимыл белсенділігінің артуына елеулі ықпалын тигізді деп қорытуға болады.