1.2 Денсаулық сақтау технологиялары мектепке дейінгі жастағы балалардың қимыл әрекетін дамыту факторы ретінде Денсаулық сақтау технологиялары – мектепке дейінгі жастағы балалардың қимыл әрекетін дамытудың күшті факторы. Денсаулық сақтау
16
технологиялары мақсаттары қоғам сұранысын ескеріп оқыту принциптерін анықтайды [46].
Денсаулық сақтау педагогикасының принциптері.
Принциптер жалпы әдістемелік пен арнаулы принциптерді жинақтай отырып, сауықтыру педагогикасының арнайы заңдылықтарын білдіретін біртұтас жүйені құрайды.
Жалпы әдістемелік принциптері - денсаулық сақтау оқыту технологияларының мақсатына сәйкес келетін оқыту мазмұнын, оқу процесінің ұйымдастыру формалары мен әдістері анықтайтын жағдай.
Әдістемені денсаулық сақтау заңдылығына сәйкес қолданылса ғана төменгі сынып оқушыларының ағзасына және психикасына әсер етуі жемісті болады.
Саналылық және белсенділік принципі оқушылардағы терең түсінушілікті, тұрақты қызығушылықты, танымдық іс-әрекетке саналы қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Саналылық пен белсенділікті арттыруға педагогтардың ағзаны шынықтыру педагогикасының мәселелерін шешетін арнайы әдіс - тәсілдерді қолдануы әсер етеді. Белсенді іс - әрекеттің сауықтыруға әсерін түсіне отырып, бала танымдық сипаттағы міндеттерді өз бетінше және шығармашылық тұрғыдан шеше алуды үйренеді. Оқушылардағы өз бетінше әрекет етуге, инициатива мен шығармашылыққа деген жоғары деңгейді белсенділік принципі анықтайды.
Көрнекілік принципі оқу үрдісін оқушының таным процесіне барлық сезім мүшелерін максималды қолдануына құрылуын міндеттейді. Көрнекілік принципі сезіну мен ойлаудың бір-бірімен байланыстылығына негізделіп құрылған. Ол танымдық үрдіске бүкіл сенсорлық жүйенің қызметін бағыттауға көмектеседі.
Жүйелілік және бірізділік принципі білім, білік, дағдының бір-бірімен байланысында көрінеді. Алдын - ала дайындалған және тізбектелген әрекеттер жүйесі жаңаны танып білуге және оның негізінде келесі, аса қиын материалдарды танып білуге ауысып отыруға мүмкіндік береді. Білім беру мекеменің бүкіл оқу кезеңінде оқу - тәрбие үрдісінің жүйелілігің жоспарлылығын, үздіксіздігін жүйелік принципі қамтамасыз етеді.
Арнайы принциптер ішінде сауықтыру педагогикасының заңдылықтарына сүйенетін принцип - «зияныңды келтірме», яғни медицина қызметкерлері, педагогтар, ата - аналар үшін бірдей маңызды зиян келтірмеу принципі. Бұл принцип негізінде кез - келген мамандардың кәсіби этикасы, медициналық деонтология, педагогика мен дидактика негіздері құрылады.
Біліктілік пен дағдыны қайталау принципі ең маңыздылардың бірі. Бірнеше рет қайталау нәтижесінде динамикалық стереотиптер ендіріледі. Әрекет элементтерінің сипаттамасы жаттығулар мен олардың орындалу шарттарын өзгерткен жағдайда, әдіс-тәсілдердің көптүрлігі мен әр түрлі тапсырмаларда көрінеді.
17
Стереотипке варианттық өзгерістерді ендіру кезеңдік принципін ұстануды сұрайды. Оған оқытудың бір деңгейінен екінші деңгейіне өту жатады. [47,48].
Денсаулық сақтау технологияларында сауықтыру бағыты бойынша ерекше принцип - мүмкіндік және даралық принципі.
Даралық принципі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы заңдылықтары негізінде жүзеге асады. Педагог баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның дамуын жоспарлайды және болжайды. Баланың жеке дайындығын ескере отырып, оның әрекеттілік қабілеттері мен денсаулығына сүйеніп, біліктілігі мен дағдысын жетілдіру жолдары, қозғалыс режимін құрау, танымдық әрекеттің әр түрлі формаларына қатыстыру қажет.
Балаға шамадан тыс талаптар мен тапсырмалар берілгенде ағзадағы жағымсыз және зиянды салдарларды шығару үшін мүмкіндік және даралық принципі белгіленеді.
Үздіксіздік принципі сауықтыру педагогикасының толық жүйе екендігінің құрылым заңдылықтарын көрсетеді. Ол оқушы жүктемесі мен демалысын кезекпен жүйелі қайталау принципімен тығыз байланысты. Бұндай кезекпен қайталану оқушыларға тиімді әсер етеді, сабақтан сабаққа, бір кезеңнен бір кезеңге өтуіне көмектеседі.
Циклдік принцип сауықтыру педагогикасы үрдісін тәртіпке келтіруге көмектеседі. Ол оқу-іс әрекетінің бірінен соң бірі қайталануы арқылы, баланың келесі кезеңге дайындығын жақсартады.
Денсаулық сақтау технологияларын қолдануда жас және жеке қабілеттерін ескеру принципі баланың білігі мен дағдысын қалыптастыру, әрекет қабілеттері мен ағзаның қызметтік мүмкіндігін дамытады.
Тұлғаны жан - жақты және үйлесімді дамыту принципі үлкен маңызға ие. Ол тұлғаның психофизикалық қабілеттерін, білік пен дағдыларын біргелікте жүзеге асуын және физикалық, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік және эстетикалық дамуды, жан - жақты тұлғаны дамытуға ықпал етеді. [49,50,51,].
Сауықтыру принципі оқу үрдісі барысында бала денсаулығын нығайту міндеттерін шешеді.
Кешенді дисциплина аралық оқыту принципі педагогтер мен медицина қызметкерлерінің тығыз байланысын айтады.
Белсенді оқыту принципі оқытудың белсенді формалары мен әдістеріне (жұппен оқыту, топтық жұмыс, ойын технологиялары, т.б.) үнемі қолдануда көрінеді.
Баланың өз денсаулығы мен айналасындағы адамдар денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру принципі де бар.
Теория мен практиканың байланыс принципі практика жүзінде денсаулық сақтау мен шынықтыруда өз білімін қолдануды оқушыларға үйретуге шақырады. Балаға өзін қоршаған ортаны білім көзі ретінде ғана емес, білімді қолдану ортасы ретінде үйретуіміз қажет.
18
Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жету үшін оқытудың мынадай құралдары қолданылады:
1) қозғалысқа бағытталған құралдар;
2) табиғаттың сауықтыру күштері;
3) гигиеналық факторлар.
Бұл құралдарды кешенді түрде пайдаланғанда ғана сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешеді. Қозғалысқа бағытталған құралдарда сауықтыру технологияларының міндетін шешеді және оларға мыналар жатады:
- қозғалыс;
- физикалық жаттығулар;
- сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар;
- эмоцияны басу мен «тыныштық минуттары»;
- гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақтық, корригирация-лық, тыныс алу, салқын тиюдің алдын алу, сергітуге арналған);
- емдік дене шынықтыру;
- қозғалысты ойындар;
- массаж, психогимнастика, тренинг т.б.
Табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану оқытудың денсаулық сақтаутехнологияларының мақсатына жетуге үлкен септігін тигізеді. Таза ауада сабақ өткізу биологиялық процестердің белсенділігін арттырады, ағзаның жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады, қажу процесін тежейді.
Метеорологиялық жағдайды бақылап отыру (күн сәулесі, ауа мен су температурасының әсері, атмосфералық қысымның өзгерісі, ауаның қозғалысы мен иондануы, т.б.) бала ағзасындағы биохимиялық өзгерістерді анықтауға, оқушы денсаулығы мен жұмысқабілеттілігінің өзгеруіне соқтырудың жағымсыз факторларының алдын алады.
Күн және ауа ванналарын сауықтырудың өзіндік құралдары ретінде көрсетуге болады: фитотерапия, ароматерапия, ингаляция, витаминді терапия (тамақ рационына витаминдерді қосу, суды иодтау, жылына 2 рет (желтоқсан мен көктемде) глицин аминқышқылын оқушылардың есте сақтауын күшейту мақсатында қолдану) [46,с.25].
Білім беру мекемесінде фитобарлар, физиотерапия кабинеттерін ашу, педагогикалық оқушыны сауықтыру тренингтерін өткізу де жатады. Денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жеткізетін гигиеналық құралдарға мыналар жатады:
- СанПин белгілеген санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы; - Жеке бас пен қоғамдық гигиенаның сақталуы (тәннің тазалығы, оқу орнының тазалығы, ауаның тазалығы, т.б.)
- Балалар болатын орынды желдету және дымқыл тазарту;
- Күннің жалпы режимін сақтау, қозғалыс, тамақтану мен ұйқы режимін ұстану;
- Балаларға қарапайым қол жуу дағдысын, түшкіру мен жөтелу кезінде беторамал қолдану сияқты дағдыларды үйрету, т.б.
19
- Салауатты өмір сүрудің қарапайым тәсілдерін оқып үйрену, дененің бір жерін кесіп алғанда, денеге дақ түскенде, күю кезінде, жәндіктер шағып алғанда алғашқы көмек көрсетудің қарапайым дағдыларын үйрету, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін егу жүргізуді ұйымдастыру, оқушыда зорығу болмас үшін оқу жүктемесін шектеу.
Гигиеналық талаптарды орындамау оқытудың денсаулық сақтау технологияларының тиімділігін төмендетеді [52,53].
Жоғарыда келтірілген құралдарды пайдалануға қойылатын бірден-бір талап оларды жүйелі, кешенді түрде пайдалану қажет.
Олар:
- алдын алу әдістері қолданылатын сабақ түрінде;
- функционалдық музыкаларды қолдану;
- сабақты аудио сүйемелдеу;
- жоғары мен төмен белсенділікті қажет ететін сабақтарды кезек қою арқылы;
- қайта оралту іс-шаралары түрінде;
- жаппай спорттық - сауықтыру іс - шаралары арқылы;
- денсаулық мерекесі;
- табиғатқа серуендеу;
- экскурсия;
- оқушының ата - анасымен жұмыс бағыттарында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ата-аналар жиналысында денсаулық сақтау технологиялары арқылы ұйымдастыру - теориялық, практикалық сабақтарды өткізу;
- педагогикалық ұжымды оқып үйрету барысында қолданылуы мүмкін. Денсаулық сақтау технологиясы әдістеріне сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешетін тәсілдер жатқызылады. Оқыту әдісі (грек сөзі «бір нәрсеге барар жол») дегеніміз педагогтің оқыту мақсатына жету үшін жүйеленген іс-әрекеті [54].
Денсаулық сақтау технологияларын құрайтын әртүрлі сауықтыру іс шараларының оқушы денсаулығына позитивті әсерінің тиімділігі әдіс тәсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты сауатты жалпы жүйеге кіріктірілгені, бала мен педагог денсаулығына бағытталғандығы, тиімділігімен анықталады.
Денсаулық технологиясы жеке дара болуы мүмкін емес. Керісінше, «денсаулық сақтау технологиясы» ұғымы мектептің оқушы денсаулығын сақтау, қалыптастыру мен шынықтыруға бағытталған барлық жұмыстарын кіріктіреді.
Денсаулық сақтау технологияларын ғылым, өнер ретінде және оқушыларды келешекте өз балаларын дені сау, бақытты етіп өсіре алуда үлгі болуы үшін оқытып, тәрбиелеу міндеті ретінде көрсетуге болады.
Білім беру ұйымының мен педагогтің денсаулық сақтау технологияларына жүйелі кезегімен қатыстыру төмендегідей жүргізіледі:
20
- бала денсаулығына кері әсер ететін мәселелерін анықтап, оларды жылдам шешу керектігін түсінуі;
- баланың денсаулық жағдайының сәтсіз болуына бүкіл педагог қауымы жауапты екендіктерін мойындауы;
- қажетті денсаулық сақтау технологияларын игерулері;
- игерілген дайындықты практика жүзінде бір-бірімен, медицина қызметкерлерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен бірлесе отырып іске асыру.
Бұған дейін белгілі болғандай, оқу үрдісін жүргізудің ұйымдастыру педагогикалық жағдайы технологиядағы сияқты, денсаулық сақтау технологияларында да – педагогтің әрекеті - оның негізін құрайды.
Мектепке дейінгі білім беру ұйым әрекетінің басым бағыттарының бірі - әр баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға жағдай жасау, балалардың дұрыс эмоционалдық саулығын сақтау, әрбір баланың ерекшелігін сақтауға, педагогикалық сүйемелдеуіне жағдай жасау болып табылады. Осының бәрі – денсаулық сақтау кеңістігі немесе білім беру мекемесінің денсаулық сақтау ортасы деген түсінікке жатады.
Денсаулық сақтау ортасы дегеніміз – баланы икемді дамытатын, қысым көрсетпейтін орта, оның негізіне балалардың эмоционалды жайлы ортасы мен жағымды күн тәртібі жатады. Қазіргі кезде денсаулық сақтау кеңістігі әлеуметтік-гигиеналық және психологиялық-педагогикалық, әдеп-этикалық, экологиялық, денсаулықты сауықтыру білім беру жүйелерінің кешенді шаралары деп қарастырылады. Осы кешенді шаралар баланың отбасында, балабақшада, тұрмыстық ортада аман-сау дамуына, психологиялық және физикалық денсаулығына жағдай жасайды. [54,55,56].
Мектепке дейінгі жаста адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа қызығушылығы және баланың қабілеттері ашыла бастайды. Мектепке дейінгі балалардың жасында дене шынықтырудың қалыптасуы оқу-тәрбие үрдісінде қоршаған ортаны танып білуде, жолдастарына және өзіне деген оң көзқарастық орнатады.
Дене шынықтыруды нығайтуды оқыту технологиясы баланың жинақтылығын, зейінін, ойлау белсенділігін және есте сақтау қабілетін қажет етеді.
Дене шынықтыруды нығайту үрдісінде оқушылардың ойлау қабілеттерін , рухани эстетикалық талғамдарын, өз денсаулығын, алға қойған мақсаттарын, ұйымдастырушылық және ақкөңілдік қасиеттері қалыптасады. Балалардың барлығы тәрбие үрдісінде денсаулықтарын нығайтуға және жеке жан-жақты дамуына үлесін қосады.
21
Мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру ең басты мақсат болып табылады.