Денсаулықты нығайту



бет5/7
Дата14.09.2023
өлшемі22,93 Kb.
#107454
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Іске асыру мерзімі:
бірінші кезең: 2011 - 2013 жылдар

екінші кезең: 2014 - 2015 жылдар


Осы Мемлекеттік бағдарлама «Қа­зақстан Республикасының 2030 жыл­ға дейінгі стра­тегиялық даму жос­пары туралы» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің 2010 жыл­ғы 1 ақпандағы №922 Жарлы­ғын іске асыру мақсатында бекітілген.
Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсатыелдің орнықты әлеу­мет­тік-демография­лық дамуын қам­тамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақ­сарту бо­лып табылады және ол:
1.Қоғамдық денсаулық сақтау мә­селелері бойынша сектораралық және ведомство­аралық іс-қимыл­дың тиімділігін арттыруға;
2.Профилактикалық іс-шаралар­ды, мақсат­ты ­зерттеп-қарауды кү­шейтуге, диагнос­ти­каны жетілдіруге, негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу мен оңалтуға;
3.Санитариялық-эпидемио­ло­гия­лық қызмет­терді жетілдіруге;
4.Бірыңғай ұлттық денсаулық сақ­тау жү­йе­сінде медициналық кө­мек­ті ұйымдастыруға, басқару мен қаржыландыруды жетілдіруге;
5.Медициналық, фармацевти­ка­лық білімді жетілдіруге; иннова­циялық технологияларды дамыту­ға және медицинаға енгізуге;
Халық үшін дәрілік заттардың қол­жетім­ділігі мен сапасын арт­ты­руға, денсаулық сақ­тау ұйымда­рын медициналық техникамен жа­рақ­тан­дыруды жақсартуға бағыт­талған.
2015 жылға дейін денсаулық сақ­­тау сала­сында негізгі басым­дық медицинаның про­филак­тика­лық және әлеуметтік бағдарды кү­шейту болады.
Медициналық көмектің, әсіресе шалғайда және жетуге жолы қиын өңірлерде тұратын ауыл тұрғын­да­ры үшін қолжетімділігін қам­та­ма­сыз ету үшін мемлекет көлік меди­ци­на­сын, оның ішінде санитария­лық авиацияны дамытуды қол­дады.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру ден­саулық сақтау мәселе­лерінде бүкіл қоғам­ның келісімге қол жеткізу жолымен қазақ­стан­дықтардың денсаулығын нығайту­ға және халықтың өмір сүру ұз­ақтығын арттыра оты­рып, жал­пы және ана мен бала өлім-жітімін, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар ау­руларды төмендете отырып, ден­сау­лық сақтау сала­сы­ның бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптасты­руға ықпал ететін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет