Денсаулықты нығайту


Бағдарламаның өзекті 6-бағыттары мыналар болып саналады



бет6/7
Дата14.09.2023
өлшемі22,93 Kb.
#107454
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Бағдарламаның өзекті 6-бағыттары мыналар болып саналады:
1.азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша сектораралық және ведом -ствоаралық өзара іс қимылдар тиімділігін арттыру
2.санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру
3.азаматтардың денсаулығын одан әрі нығайту және негізгі әлеуметтік аурулардың деңгейін төмендету
4.Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру.
5.медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалыфқ қызметті дамыту
6. дәрілік заттардың халық үшін қолжетімділігін және сапасын арттыру
Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік осы бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай негізгі жетістіктерге қол жеткізуге тиіс:
- халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы;
- ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендеуі;
- нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі
- жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;
- туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98, 1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;
- 15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 пайыз шегінде ұстау.
Бағдарламаны жүзеге асыру тек қана денсаулық сақтау саласының қызметкер -леріне жүктелген міндет емес, барлық тиісті орындар атсалысуы керек.Әсіресе, соңғы жылдары жиі кездесетін инфаркт, инсульт, қант диабеті, туберкулез ауруларының алдын алу шаралары күшейтілді. Ана мен бала денсаулығы да басты назарда. Сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулардан сақтандыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар денсаулық саласы бойынша басқада директивті құжаттар қабылданды, соның бірі 5 қаңтар 2011 жылғы қабылданған «Амбулатория -лық- емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы №7 бұйрығы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойыншаалғашқы медициналық көмек-бұл медицина жүйесімен алғашқы ұшырасқанда тұрғындарға, қоғамның әрбір мүшесіне, әрбір жанұяға, олардың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында медициналық көмек көрсету арқылы мамандыр -ылған және білікті дәрігерлік көмекті азаматтардың мекен-жайына немесе қызмет орнына жақындату болып табылады. Бұл тұрғындардың арасында аса кеңінен тараған өте қолайлы қызмет түрі болып саналады. Сонымен қатар , ол ұлттың денсаулық сақтау жүйесінің негізгі принципі алдын алу шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет