«Бәрі жұлдыздар» жаттығуы Бұл жаттығуды жасау үшін тағы да 3-4 рет терең дем алып, көзімізді жұмамыз. Өміріңіздегі кездескен, өзіңізді жұлдыздай сезінген сәтті есіңізге түсіріңіз. Бұл қандай оқиға еді? Жан дүниеңіз қандай сезімдерге толы болды? Қасыңызда сол сәтте кім болды? Сізге арнап жағымды сөздер айтты ма? Сонда не айтты? Қандай эпизод сіздің есіңізге түсіп тұр?... Есіңізге түсіріп болсаңыз, басыңызды изеңіз де, жайлап қана көзіңізді ашыңыз. Барлығымызда да еске түсетіндей кезеңдеріміз болды ма?
Енді біз түрлі-түсті қағаздан үлкен-үлкен жұлдыздарды ойып аламыз да, оның ішіне өміріміздегі сол бір кездегі жетістікке жеткен сәттерімізді мерейіміз тасыған шақтарды сурет етіп саламыз. Сіздің суреттеріңізде, сізге өте маңызды немесе сіздің жетістікке жетуіңізге көмектескен адамдар қатысуы мүмкін Барлық жұлдыздар жинақталып, ватман қағазына жапсырылады.
Талдау: Осы жаттығуды жасау барысында не сезіндіңіз?
Жетістікке жету жағдайын еске түсіру оңайға соқты ма?
Қалыпты өміріңізге жағымды және жағымсыз нәрселерді есіңізге жиі түсіресіз бе?
«Шеңбер бойынша қошемет» жаттығуы Нұсқау: Әртіс концерттен соң өзін қалай сезінетіндігін кім елестете алады? Шеңбер бойыша тұрыңыздар. Араңыздан біреуіңіз кімге де болса жақындап оған бар күшімен қол шапалақтап қошемет көрсетеді, содан соң олар бірігіп тағы да біреуіңіздің қасына барып сол сияқты бар күшімен қол шапалақтау арқылы қошемет көрсетеді. Дәл осылай топтағы қатысушылардың барлығына қошемет көрсетіледі.
Талдау: Қандай сезімде болғаныңыз туралы әрқайсымыз айтып береміз
Сабақтың рефлексиясы Мен бұл сабақтан алған тәлімім...
Маған ұнағаны...
Маған ұнамағаны...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені...