Проекциялау әдістері.
|
10.2.1.1
Проекциялау әдіс- тәсілдерін білу және түсіну
|
Проекциялаудың негізгі әдістері.
(Ұ) Оқушыларға жарық көздерімен әртүрлі геометриялық фигуралардан тәжірбие жүргізуді ұсыныңыз және заттың алынған кескінін, сондай ақ орталық проекциялауды алу барысын талқылаңыз.
(Т) Оқушыларға геометриялық фигура кескіндерінің әртүрлі әдістер арқылы алынған проекциясын беріңіз (орталық, тікбұрышты және қиғашбұрышты). Алынған проекцияларды талқылауды ұсыныңыз. (алыну ерекшелігі, әдісі, мысалдар келтіру)
Оқушылар мысалдарды қарау барысында салу үдерісін, пішінің, мазмұнын салыстырады.
(Ө) Оқушылар орталық, параллель, ортогоналдық (тікбұрышты) әдістері арқылы қарапайым геометриялық фигура кескіндерін орындайды.
|
Әр түрлі геометриялық денелердің (цилиндр, шаршы, және т.б.) және қарапайым заттардың (кітап, шырпы қорабы, хоккей шайбасы, және т.б.) көлеңкелерін қарастыру ұсынылады. Көлеңке мысалдарын қарастыру- оқушылардың проекция туралы білімдерін визуалды түсінуге көмектеседі.
Зат сызбасының негізгі қасиеттерін қараңыз, оқушыларды сызбаның қайтымдылығына көңілін аударыңыз, өйткені затты сызба арқылы ғана жасауға болатынын ескеріңіз.
Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 1 сағат ұсынылады.
|
Әдебиеттер: Н.А.Гордиенко «Тематическое поурочное планирование по черчению 9 класс»
А.А. Павлова Е.И.Корзинова «Творчество на уроках черчения».
Проекциялау әдістері:
http://chertejnik.narod.ru/
Орталық проекциялау:
https://www.youtube.com/watch?v=zebmi4zz3yo
Дәптер, сызба аспаптары: даярша, рейсшина, лекала, транспортир, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш және т.б.
|