Дербес білім беру ұйымы графика және жобалау


Нобай және техникалық сурет



бет17/37
Дата15.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#68255
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Нобай және техникалық сурет.
(Т) Оқушыларға дизайн орындауды ұсыныңыз. Мыс, орындық. Орындалған кескінді талқылап, нобай мен техникалық суреттердің қажеттілігіне оқушылардың көздерін жеткізу.
(Ұ) Оқушылармен бірге техникалық және нобай суреттердің әртүрлі салада қолданатының қарастырыңыз. Сызба мысалдарындағы техникалық және нобай суреттердің негізгі мағынасын, қасиетін, ерекшеліктері мен түрлерін талқылаңыздар.
(МК) Заттар бөліктерінің пропорцияларын сақтай отырып, жарық пен көлеңке техникаларымен орындалған техникалық суреттерді көрсетіңіз.
(Ө) Оқушыларға сыныпта бар қарапайым заттардың пропорциясын ескере отырып, нобайын немесе техникалық суреттерін орындауды ұсыныңыз.
(Ұ) Нобай мен техникалық суреттер арасындағы ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтап талдаңыз.

Әр топқа түрлі заттардың дизайнын орындауға тапсырмалар беру ұсынылады.
Техникалық сурет аксонометриялық проекция ережесімен орындалатының оқушылардың назарын аударыңыз.
Оқушылардың техникалық суреттерінен көрме ұйымдастыру.

Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 2 сағат ұсынылады.

Техникалық сурет.
http://cherch.ru/graficheskoe_otobrazhenie/technicheskiy_risunok.html
Дәптер, сызба аспаптары: даярша, рейсшина, лекала, транспортир, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш және т.б.


Жәй қаламдар жиынтығы.

Заттың (геометриялық денелердің) сызбаларын оқу және орындау

10.2.3.1.
Бұйымдардың геометриялық формасының қасиеттерін ескере отырып, сызбаға өлшемдерді қоюды білу және қолдана алуларын көрсету



Сызбаға өлшемдерді түсіру.
(Ұ) Оқушылармен бірге қарапайым заттың тік бұрышты және аксонометриялық проекцияда орындалған, өлшемдері берілмеген мысалды қарастырыңыз.
Оқушылармен бірге өлшемдерді түсірудің ерекшеліктерін қайталаңыз.
Сыныппен талқылаңыз:

  • Сызбада өлшемдер қалай қойылады?

  • Көріністен кейін қандай қашықтықта бірінші өлшем қойылады? Екінші және одан кейінгі өлшемдер ше?

  • Бұрыштық және сызықтық өлшемдердің айырмашылығы қандай?

  • Сызбадағы заттарға қойылған өлшемдер масштабына сәйкес байланысты болама?

  • Үлкейту және кішірейту масштабы қандай жағдайда қолданады?

Оқушыларға берілген сызбадағы тікбұрышты проекцияға өздігімен өлшемдерді түсіруді ұсыныңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет