Дербес компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/5
Дата26.09.2022
өлшемі68 Kb.
#40348
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ДК негізгі және қосымша құрылғылары

Негізгі құрылғылар
Жүйелік блок – компьютердегі ақпаратты электр сигналдарының тізбектері ретінде өте үлкен жылдамдықпен өңдеуге, сақтауға, беруге болатын құрылғы.
Жүйелік блок компьютердің негізін құрайды, оның ішінде компьютердің негізгі бөлшектері орналасқан:

  • электрондық схемалар – компьютер жұмысын басқарушылар (микропроцессор, жедел жады, құрылғы бақылаушылары және т.б.);

  • қоректену блогы – компьютер электрондық схемаларына тұрақты электр тоғын беруші құрылғы;

  • қатты диск (винчестер) – компьютердегі ақпараттарды жазу және оқуға арналған құрылғы;

  • дискжетектер – иілгіш магнинттік дискілерге жазу немесе оқу үшін қолданылатын құрылғылар;

Монитор (немесе дисплей) – компьютердегі ақпараттарды экран бетінен көрсетуге арналған құрылғы;
Пернетақта – компьютерге символдар және мәтіндік ақпараттарды енгізуге мүмкіндік беретін құрылғы;
Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
Шартты түрде пернетақтаны 5 - бөлікті бөлуге болады:

  • басу пернетақтасы (алфавитті - цифрлық және таңбалық ернелер)

  • функционал пернелер: F1 - F12

  • арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace

  • меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.

  • сандық пернетақта.

Функционалдық пернелер - Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады.
Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады.
Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық - қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады.
Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет