Дербес компьютердің программалық жасақтамаларын сипаттамасы
Қазіргі замандағы электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) жэне олардың жүйелерінің жүмысыиа икемді компонент программалық жасақтама болып табылады.
Программалық жасақтама дегеніміз - белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған, оның аппараттық құралдарының жан-жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программалар жиынтыгы. Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың эртүрлі режімдердегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар есептерді дайындап, жөндеуден өткізу, шыгару үдерістеріне ыңгайлы, жетілдірілген пайдаланушы интерфейсін береді.
Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: базалық немесе негізгі, жүйелік, қызметтік жэне қолданбалы.
Программалық жасақтама қызметі:
- Компьютер жұмысын қамтамасыз ету:
- Тұтынушы мен компьютер байланысын жеңілдету ;
- Есептеу жүйесінің мүмкіндігін көбейту;
- Құрылғыларды пайдалану тиімділігін арттыру;
- Адамның жұмыс сапасы мен өнімділігін көрсету;
Базалық деңгей. Программалық жасақтаманың ең төменгі деңгейі - базалық. Базалық деңгей базалық ақпараттық құрылғылармен байланысуга жауап береді. Ереже бойынша, базалық программатор базалық саймандар құрамына кіреді жэне тұрақты жадыда сақталады. Программалар жэне мэліметтер жасау кезеңінде жедел жадыга жазылады жэне пайдалану үдерісінде өзгертіле алмайды. Базалық программалық құралдарды пайдалану барысында программаланатын тұрақты есте сақтайтын құрылғылары пайдаланылады. Бұл жағдайда жедел жадының мазмұнын озгерту есептеу жүйесінің құрамында тікелей орындауга да болады, одан тыс та программалаушы деп аталатын арнайы құрылымдарда да болуы.
Жүйелік деңгей (ЖД) - өтпелі. Бұл деңгейде жұмыс істейтін программалар базалык деңгейдің программалары мен дербес компьютерлік жүйенің өзге де программалары және тікелей аппараттық жасақтамамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, ягни «делдалдық» функцияны атқарады. Программалық жасақтаманың бұл деңгейіне кобінде барлық есептеу жүйесінің пайдалану көрсеткіштері тәуелді. Мысалы, жүйелік деңгейде есептеу жүйесіне жаңа жабдық қосқанда басқа программалар үшін осы жабдықпен байланысты қамтамасыз ететін программа орнатылуы тиіс. Накты кұрылгылармен өзара эрекеттесуді қамтамасыз ететін нақты программаны драйвер кұрылғысы дейміз. Ол программалық жасақтаманың жүйелік деңгейінің кұрамына кіреді.
Қызметтік деңгей. Программалық жасақтаманың бұл деңгейі базалық деңгейдегі программалармен де, жүйелік деңгейдегі программалармен де тыгыз байланыста болады. Қызметтік программалар дербес компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады.
Қолданбалы деңгей. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жүмыстар атқарылады. Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жо балау жүйелері, баспахана жүйелері, web-редакторлар, браузерлер және т.б. жатады.
Дербес компьютерге арналған программалық жасақтамаларды функционалдык қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:
- жүйелік программалық жасақтама;
- аспаптық программалық жасақтама;
- қолданбалы программалық жасақтама;
Жүйелік программалық жасақтама - дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама. Амалдық жүйе және программалау жүйесі жүйелік программалық жасақтаманың негізгі бөліктері болып табылады. Аймақтық, мемлекеттік жэне ғарыштық жүйелердің алуан түрлерімен бірге олардың сәулеттік формасын, жұмыс істеу тәсілдерін, қоршаған ортаға әсерін және адамдық фактордың қатысуын қамтиды.
Аспаптық программалық жасақтама (АПЖ) - бұл дербес компьютерге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері. Оларға мысалы, Турбо Паскаль программалау тілін алуға болады.
Қазіргі заманның программалау жүйелері жаңа программаларды құруға программалаушыға мүмкіндігі жоғары және ыңғайлы құралдарды ұсынады. Программа- ны түрлі тәсілдер бойынша құруға болады. Оған қойылатын негізгі талап - оның сапалы және қолданушыға түсінікті болуы.
Қолданбалы программалық жасақтама (ҚПЖ) - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына төмендегідей ҚПЖ кіреді:
- жалпы мақсаттағы ҚПЖ;
- мәселелік бағытталған ҚПЖ;
- интегралданған ҚПЖ.
Сонымен, қорыта келгенде программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың мүмкіндіктерін жетілдіретін және онымен қолданушының белгілі бір программалық құралдардың негізінде тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін сыртқы қоршам болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |