Деректерді жинақтау



бет3/5
Дата27.11.2023
өлшемі47,26 Kb.
#128717
1   2   3   4   5

Сұхбат алу


Сұхбат – бұл респонденттер мен зерттеушінің арасындағы белгілі бір мақсатқа бағытталған әңгіме. Сұхбат жүргізу үшін:

  • зерттеуіңіздің өзіңіз айқындаған проблемасына бағытталған бірқатар сұрақтарды құрастыру арқылы сұхбат жоспарын жасау керек.

  • Сұхбат сұрақтарын зерттеуге қатыстырылмаған үш немесе бес адаммен сынақтан өткізіңіз.

  • Зерттеу сұрағының сипатына қарай оқушылармен өткізілген топтық сұхбат пайдалы болуы мүмкін.

  • Сұхбат кезінде респонденттермен байланыс орнатуға уақыт бөліңіз.

  • Аяқталған соң сұхбат жазбасын қараңыз (қатысушылардың рұқсатымен).

(Альберттің мұғалімдер қауымдастығы, 2000)


5-кесте. Сұхбатты пайдаланудың және фокус-топтардың
артықшылықтары мен кемшіліктері




Артықшылықтары

Кемшіліктері

Сұхбат алу

  1. Анағұрлым бай мәлімет алуға мүмкіндік беретін кеңейтілген деректер алуға болады.

  2. Бұрын қаралмаған, жаңа проблемаларды анықтауы мүмкін.

  3. Алынған ақпарат басқа әдістер арқылы жиналған мәліметтерге қосымша сандық және сапалық ақпарат бере алады.

  1. Уақыттың шектеулі

  2. Болуына байланысты оқушыларды және әріптестерді қатысуға жинау қиындық туғызуы мүмкін.

  3. Сұхбат және топ құрамының үлкен болуы кейбір қатысушыларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.

  4. Әңгімелесудегі қиыншылықтар жете түсінбеушілік пен қате ұғынуға негіз бола алады.

Фокус-топтар

  1. Шағын фокус-топтар қатысушылардың жайлылық деңгейін арттыра алады.

  2. Фокус-топтар қатысушылардың наным- сенімін, қарым- қатынастарын, тәжірибелерін және сезімдерін зерделеу үшін пайдалы.

  3. Фокус-топтар көптеген және әртүрлі көзқарастар болатындығы туралы бірегей ақпаратты ұсына алады.

  4. Олар топ жұмысы тұрғысынан өзара қарым- қатынас қарқыны туралы ақпарат бере алады.

  1. Сіз қатысушыларды еліктіріп әкетіп, оларды өзіңіздің көзқарасыңызбен келісуге мәжбүрлеу қаупі бар

  2. Топта кейбір қатысушылар басымдық танытып, олардың мінез-құлқы жалған келісу сезіміне алып келуі мүмкін.

  3. Топтағы жекелеген қатысушылардың арасындағы айырмашылықты анықтау қиындық тудыруы мүмкін.

  4. Егер топ шағын болса, жұмыс қорытындысы бойынша түпкі тұжырым жасау қиын болуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет