Зерттеуші пайдалана алатын зерттеу деректері бар көптеген көздердің болуына қарамастан, зерттеу мәселесіне қатысты деректерді ғана іріктеп алу маңызды. Төменде деректер жинақтауда қолданылатын әдістер мен тәсілдерге қысқаша сипаттама берілген.
Жауапалужәнесауалнама Жауап алу мен сауалнамалар көп адамнан деректер жинақтауда пайдалы құрал болып табылады. Сауалнама немесе жауап алу рәсімін жүргізген кезде мынадай ұсынымдарға мән берген орынды болмақ:
Сұрақтар зерттеу мәселесіне және жобаға қатысты болуы керек.
Бұлар кем дегенде үш немесе бес адаммен өткізіледі.
Бұл рәсімді жүргізердің алдында зерттеу жұмысы туралы қысқаша ақпарат беріп, сауалнаманың немесе жауап алудың мақсатын және деректер қалай пайдаланатынын түсіндіріңіз.
Әртүрлі сұрақтардың форматтары деректердің бірнеше түрлерін алуға мүмкіндік береді.
Деректерді өңдеу және талдау кезінде компьютерді пайдалану уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.