Деректерді жинақтау



бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі47,26 Kb.
#128717
1   2   3   4   5
Байланысты:
2. деректерді жинақтау


Қадағалау


Қадағалау - бұл белгілі бір мақсатпен бақылау (Grady, 1998: 23-24). Егер қадағалау деректер жинаудың басқа да әдістерімен бірге жүргізілсе, ол өте тиімді болады. Қадағалау рәсіміне дайындық кезеңі төмендегідей іс-шаралардың жүргізілуін көздейді:

    • Қадағалау жоспарын және деректер жинақтау үлгісін әзірлеу.

    • Қадағалауды күннің әртүрлі мезгілінде жүргізу.

    • Әріптестеріңізден қадағалау жүргізуге өтініш жасау.

    • Техникалық құралдарды дайындап, бақыланатын объектімен бейнежазба жүргізу мәселесін келісу.

    • Қадағалаушының қатысуы үдеріске әсер етуі мүмкін екенін назарға алыңыз.

(Альберттің мұғалімдер қауымдастығы, 2000)

6-кесте. Қадағалауды және аудио/бейне бақылауды пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері




Артықшылықтары

Кемшіліктері

Жазбаша тіркеп отыру арқылы қадағалау

  1. Есепті бірден алуға болады;

  2. қадағалаушы іс жүзінде не болып жатқанын көріп отырады;

  3. есеп талқылау үшін бірден берілуі мүмкін;

  4. қадағалау кезінде қадағалаушы сыныпты немесе мектепті жеткілікті дәрежеде толық шолуға мүмкіндік алады.

Қадағалаушы нені жазу керектігі туралы шешімді жедел қабылдауға тиіс, сондықтан есеп шалағай және дәйексіз болуы мүмкін.

Бейне бақылау

  1. Жазылған бейнематериалды немесе оның үзінділерін қайтадан бірнеше рет қарауға болады;

  2. Дереу шешім қабылдауға қысым жасалмайды;

  3. мұғалімге ғана немесе жеке адамға немесе оқушылардың тобына назар аударуға болады; жазылған материалды қатысушылармен талқылауға болады

  1. Бөлмедегі температура, иіс, камера объективінен тыс оқиғалар сияқты ақпарат жазылмай қалады;

  2. камераның болуы сыныпқа кері ықпал етуі мүмкін;

  3. талдау үшін уақыт талап етіледі, бір камера бір бағытты ғана қамтиды

Аудио жазба

  1. Дыбыстық жазбаны талқылау, талдау немесе бірлескен жазбаша есепті құрастыру кезінде бірнеше рет тыңдауға болады;

  2. Радиомикрофонды мұғалімнің айтып отырғанын жоғары сапада жазып алу үшін пайдалануға болады;

  3. Қадағалаушының түсініктемелері екі жолдық жазбасы бар таспаға бір мезгілде жазылуы мүмкін;

  4. сабақты одан әрі таратып жазуға мүмкіндік береді.

  1. Адамның түрі, қимылы, тілі, іс-әрекеті сияқты көзбен көрінетін маңызды сигналдардың жоғалуы;

  2. радиомикрофонсыз, әсіресе акустика дұрыс болмаса, дыбыстың сапасы нашар болуы мүмкін;

  3. жекелеген балалардың қайсысы сөйлеп тұрғанын анықтау қиын;

  4. талдау уақыты едәуір ұзарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет