1 Деректерді реттеу әдістерін зерделеу және сипаттау
1.1 Реттеу алгоритмдерінің бағдарламалық құралдарын талдау
Жалпы білім беретін орта мектепте программалау тілін тереңдетіп оқыту информатиканы оқытудың мақсаттары болып табылмайды. Мұның айтарлықтай себептері бар.
1) Оқушылардың ұғымдық аппаратын байытып, білімін бекітуге ұмтылу. Бұл жағдайда МҚБЖ, Паскаль, QBASIC, Delphi және т.б. тілдердің бірі болуы мүмкін, бірақ машинасыз кәсіптілікті кеңейту мүмкін емес.
2) Олимпиадаға дайындық. Егер олимпиада ескі дәстүр бойынша үлкен комбинаторикалық есептерді программалау ретінде өтетін болса, онда мықты программалау тілісіз жүруі мүмкін емес.
Қазіргі Турбо жүйелер программаны тек аударып, орындап қана қоймайды, сонымен бірге көрнекі диалогты ортада жұмыс істеуге үйретеді. Бұл оқу іc-әрекетінің қуатты да, әдістемелік жүйесін тапқан құралы болып табылады. Мұндай ортада программа тексіне синтаксистік талдау эксперттік жүйедегідей орындалады, ал программаның қадам бойынша орындалуы-экспертік жүйедегі шығару процесін демонстрациялауға үқсас.
Сонымен, программалау тілін оқу бірінші немесе екінші, кей жағдайда үшінші деңгейдегі тілмен шектелуге тиіс: тіл- есеп шьіғарудың тиімді құралы; тіл тұжырымды аса маңызды құрал - оқу объектісі болып табылады.
Оқыту құралы. Оқыту құралы бұл синтаксистік талдаушысымен бірге орнатылған, текст енгізуге арналған редакторы бар компилятор. Ал әдістемелік құралға тілдің баяндалуы жатады. Егер қателер туралы хабарламалар ағлшын тілінде болатын болса, онда нұсқаудың бөлігі ретінде оның ана тіліндегі аудармасын беру қажет.
Оқыту әдісі мен түрлері. Мектептік алгоритмдік тілден кейінгі қарастырылатын екінші тіл тасымалдау, салыстыру және ұқсастыру жолымен оқытылады. Сөзбен түсіндіру барынша азаяды. Мысалы, Паскаль тіліндегі атау мектепгік, алгоритмдік тілдегідей құралады. Егер бірінші тіл машинасыз оқытылса, онда екінші тіл бірінші тілден машинаға алгоритмдерді аударып; оны жүзеге асыратын құралдың қызметін атқарады. Мүндай жағдайда бірінші тіл, егер оның деңгейі жоғары болса, қызықты болып көрінеді. Онда оқушылар МАТ-де алгоритмді ойланып жазып, одан кейін оны ешқандай ойланбастан программалау тілінде аударады.
Алгоритмнің жазылуынан практикаға көшкенде МАТ-дегі командалар тексіне түсіндірмелері бар ашық программалар әдісін пайдалану өте ыңғайлы.
Мұндағы аса маңызды тәсіл - бірінші тілдің құрылымдарын толық түсіндіріп немесе сол бірінші тілдегі алгоритммлен есепті шығару. Оқушы тілді меңгеріп қана қоймайды, сонымен бірге екі тілді өзара салыстырып отырып түсінеді. Бұл жерде екінші тіл алдыңғы алған біліміне қосымша толықтыру немесе оны екінші жағынан қарастыруға болады.
Тағы бір айта кететін мәселе - кейбір есепті шығаруға бірінші тілдің жеткіліксіздігі немесе қолайсыздығы болып табылады. Қазіргі уақытта автоматтандырьлған оқыту жүйелері арқылы тідді әдісі жиі қолданылатыны белгілі.
Мұнда оқушылардың белсенді іс-әрекеті тіл ортасында тұрақтысөздік талқылауға алмасады. Ізденімпаз оқушылар міндетті түрде үйретуші
программаның қалай құрылғанын көргісі, яғни оның қаншалықты
ашықтылығын білгісі келеді. Ашық программалармен жұмыс істеу
барысында алдымен, программаның жібірілуі, тоқтатуы және үзілуі жөнінде қысқаша түсініктеме беріледі. Бұдан біртіндеп нақты дербес есептерді шығаруға көшеді.
Тілді баяндау тәсілдері бірінші тілмен салыстырғанд екінші тілде
баяндау формальды болып келеді. Баяндаудың алғашқы тәсілдерінің
бірі - металингвистикалық формулалар мен олардың ұқсастығы.
Бұдан синтаксис оқылатын тілде келтірілмеген белгілеулердің
көмегімен жалпыланған түрде. яғни метатілдердің пайдаланылуымен
сипатталады.
Есептердің типтері. Программалау тілін үйренуге байланысты
есептерді былай топтауға болады:
Тілдің құрылымы мен олардың арасындағы байланысқа тәуелді
{ циклдағы тармақталу т.с.с >;
Информация типіне қарай { сан, текст, кесте, файлдар);
Оқушылардың іс-әрекетінің түріне қарай: дайын програмаларды меңгеру, дайын алгоритмді аудару (MAT- ден программалау тіліне немесе керісінше) дайын программаны түрлендіру ашық программадағы бос орындарды толтыру, оқушылардың өздерінің жасаған програмалары.
Енді есептерге байланысты үйретілетін тілдің енгізу тәсілдерін
қарастырайық. Бұл жерде есеп тілдік құралды пайдалануға түрткі
(себеп ) ретінде қарастырылады .
Реттеу өзімен бірге жиындардың ұқсас ақпараттық объектілердің мәндерінің өспелі немесе кемімелі ретпен реттелген процессін ұсынады. Мысалы, Егер i <= i <= ... <= I орындалса, онда n элементтер ішінен і тізімінің элементтерінің мәні өспелі ретпен реттелген болады.
Алгоритмдерді реттеудің екі түрі болады: опреациялық жадыда, дискіде болатын файл түріндегі масивтерді реттеу және дискіде немесе магниттік лентада болатын тізбекті файлдарды реттеу.
Массвитерді реттеу мен тізбекті файлдарды реттеудің айырмашылыңы мынады, массивтің әрбір элементі кез –келген уақытта ашық болып табылады. Бұл дегеніміз, кез –келген уақытта массив элменті массивтің кез –келген басқа элементімен салыстырылуы мүмкін және массивтің кез –келген екі элементі орындарын аустыруы мүмкін. Керісінше, тізбекті файлдарда әрбір уақыт мезетінде тек бір элемен ғана ашық болады. Реттеу әдісінің осы айырмашылықтар үшін реттеудің екі түрі берілген.
Жалпы жағдайда деректерді реттеу кезінде ақпараттың тек бір бөлігі ғана салыстыруда реттеу кілті ретінде қолданылады. Алмастыру орындаған кезде, барлық деректер құрылымы беріледі. Мысалы, поштамен жіберілген тізмдерде кілт ретінде пошталық индекс қолданылуы мүмкін, ал алмастыру операциясында пошталық индекске толық аты мен мекен –жайы қосылады. Реттеу әдісіне қарапайым мысал үшін символдық массивтер қолданылады. Содан кейін бұл әдісті басқа деректер құрылымында қалай бейімдеуге болатындаға көрсетіледі.
Алгоритмен жұмыс істегенде көбінесе элементтерді реттеу класы қолданады. Бұндай жұмыс реттеу класы деп аталады және есеп шығарған кезде кейбір әдістері қолданылады.
Қарапайым таңдау бойынша сұрыптау – бұл сұрыптаудың қарапайым алгоритмі. Сұрыпталатын массивте ең кіші элемент массивтің басында орналасады. Жұмыс жанында тізімдермен айқын ретте тізім элементтерінің ауыстырып қою қажеттілігі өте жиі көрінеді . Сондай мақсаттағы тізімдерді сұрыптау деп аталады және оның шешіміне арналған әртүрлі әдістерді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |