Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру


Дәріс 6. Газдардың жылжуы және қысылуы. Компрессор машиналары және олардың сипаттамалары



бет42/102
Дата19.09.2023
өлшемі2,17 Mb.
#108470
түріҚұрамы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102
Байланысты:
книга ПАХТ

Дәріс 6. Газдардың жылжуы және қысылуы. Компрессор машиналары және олардың сипаттамалары


Газдарды сығу және алмастыру (Компрессорлы машиналар).
Химиялық өндіріс орталықтарында ірі көлемде газдар мен олардың қоспасы өңделеді. Газ фазасында көптеген химиялық процестерді қысымда өткізу процестердің жылдамдығын жоғарлауына және реакциялық аппаратураның қажетті көлемінің төмендеуіне әкеледі. Газдардың сығылуын құбырлардан және аппараттардан оларды тасымалдау үшін, вакуум тудыру үшін қолданады. Сығылған газдар сонымен бірге сұйықтарды араластыру және шашырату үшін де пайдаланылады. Химиялық өндірістерде қолданатын қысым кең интервал аймағында жатады
Газдарды сығу үшін және алмастыруға арналған машиналар компрессорлы машиналар деп аталады.
Компрессорлы машинамен тудырылатын соңғы қысымның P2 бастапқы қысымға қатынасы P1 сығылу дәрежесі деп аталады.
Сығылу дәрежесіне тәуелді компрессорлы машиналардың келесі түрлері белгілі:
1.Желдеткіштер – үлкен мөлшердегі газдарды ығыстыру үшін.
2.Газ үрлегіштер – жоғары кедергіде газдарды тасымалдау үшін.
3.Компрессорлар – жоғары қысым тудыру үшін.
4.Вакуум насостар – атмосфералық қысымнан төмен қысымда газдарды сору.
Жұмыс істеу принципі бойынша компрессорлы машиналар поршенды роторлы, центрден тепкіш, осьтік болып бөлінеді.
Поршенды машиналарда газдардың сығылуы поршенның қайтымды -іргелмелі қозғалыс әсерінен газ көлемінің төмендеуі нәтежиесінде болады.
Роторлы машиналарда газдың сығылуы эксцентрлі орналасқан ротор айналғанда газ көлемінің төмендеуімен байланысты.
Центрден тепкіш машиналарда энергия газ ағынына жұмыс дөңгелегі қалақшаларының күштік әсерімен беріледі. Бұның нәтижесінде сығылу болады және кинетикалық энергия жоғарлайды. Бұл энергия машина қозғалыссыз элементтерінде қысымға айналады.
Осьтік машиналарда газ оның жұмыс дөңгелегінің және бағыттаушы аппараттың қозғалысы нәтижесінде сығылады.
Вакуум -насостар ретінде кез -келген компрессорлы машиналар қолданылады. Вакуум насостардың басқа типті компрессорлы машиналардан негізгі негізгі ерекшеліктері оларда сору атмосфералық қысымнан төмен қысымда, ал айдау атмосфералық қысымнан жоғары қысымда жүргізіледі.
Химия өндірісінде ағынды компрессорлар мен вакуум -насостар да қолданалыды, олардың құрылымы сұйықтарды тасымалдайтын ағынды насостардың құрылымы тәріздес. Ағынды насостар мен вакуум насостарда газдардың сорылуы және сығылуы көмекші сұйық немесе будың ағынның кинетикалық энергиясының әсерінен жүзеге асады.
Өндірісі жоғары, қысым тудыратын желдеткіштер мен газ үрлегіштер эксгаустерлер деп аталады. Терең вакуум алу үшін іс-әрекеті бойынша компрессорлардан ерекшеленбейтін поршенды және роторлы вакуум – насостар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет