Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру


Әрекеті қарапайым екі цилиндрлі компрессорлар



бет44/102
Дата19.09.2023
өлшемі2,17 Mb.
#108470
түріҚұрамы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102
Әрекеті қарапайым екі цилиндрлі компрессорлар. Әрекеті қарапайым екі компрессордан тұрады. Олар бір-бірімен салыстырмалы түрде 1800 немесе 900 бұрышта орналасқан кривошипті білікпен жалғастырылған. Газды сығу кезінде пайда болатын жылуды әкету үшін компрессорлар цилиндрлары, кейде цилиндрлар қақпақтары суытушы су жіберетін қаптамалармен қамтылады. Бірақ бұл жолмен барлық бөлінген жылуды кетіру мүмкін емес, бұл жағдайда газды сығуға жұмсалатын энергия төмендетіледі.
Тік бір сатылы компрессорлар көлденең компрессорларға қарағанда бір қатар артықшылықтарға ие, олар жылдам қозғалады (көлденең компрессорларда n=100-240 айн/мин, тік компрессорларда n=300-500 айн/мин), осыған байланысты өнімділіктері де жоғары, өндірістік алатын орыны аз, тік машиналардың поршендары мен цилиндрлері ұзақ қолданылады. Цилиндр көлденең орналасқанда, әсіресе үлкен диаметрлі цилиндрлерде ауырлық күшінің әсерінен поршень бір жақты бір тексіз тозу болады. Бұл поршеннің қозғалыс жылдамдығын азайтуды талап етеді.
Көп сатылы сығу. Көп сатылы сығу газдың жоғары қысымын алу үшін қолданылады. Көп сатылы сығу процесі көп сатылы компрессорларда жүзеге асырылады. Бұларда газ ілеспелі сатылар қатарынан өтеді, газ әрбір сатыда біртіндеп соңғы қысымға дейін сығылады. Сатылар арасында газ аралық суытқыштарда суытылады. Цилиндрлер көлемі бірінші сатыдан соңғыға қарай кішірейтіледі.
Көп сатылы компрессорларды жеке орналасқан бірнеше цилиндрлардағы сығу сатысы бойынша және бір цилиндрдегі сығу сатысы бойынша және дифференциалды поршень бойынша ажыратады. V тәрізді цилиндрлер құрылғысында цилиндрлар осьтері қандай да бір бұрышпен орналасады.
Сығу сатысы бөлек орналасқан цилиндрларда өтетін көп сатылы компрессорлар бір қатарлы және екі қатарлы болып бөлінеді, яғни цилиндрлардың біліктің бір бағыты бойынша орналасуынан тәуелді. Мұндай компрессорлардың салмағы үлкен және көлемі үлкен, себебі бұл машиналардың жұмыс кезінде пайда болатын үлкен теңеспеген инерция күші бұл компрессорларды біліктің көп айналым санымен дайындауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан кейінгі жылдары поршендардың қозғалысы өзара қарама-қарсы бағытталатын оппозитті компрессорлар (цилиндрлер біліктің екі жағынан да орналасады) кеңінен қолданылады.
Оппозитті компрессорлар жақсы динамикалық тепе-теңдікте, сондықтан біліктің айналу жылдамдығын 2-2,5 есе арттыруға болады және осыған сәйкес машинаның өнімділігі жоғарылайды.
Дифференциалды поршенды компрессор бірнеше сығылу сатысына ие болуы мүмкін. Әдетте дифференциалды поршенді компрессорлар өнімділігі кіші және орташа машиналарда қолданылады. Үлкен машиналарда поршень ұзындығының диаметріне қатысты кіші болғандықтан дифференциалды поршень тұтылып қалуы мүмкін.
V-тәрізді цилиндрлар құрылғысы, машина алатын көлемді кішірейтеді және оны электроқозғалтқышпен қосуға мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет