Мұнайды алғашқы айдау қондырғыларының негізгі аппараттары – жылуалмастырғыштар, пештер, колонналар, конденсатор суытқыштар, реакторлар, сепараторлар, газгольдер, электродегидрататорлар, насостар Жылуалмастырғыштар.Мұнай өңдеу заводтарында тура айдау қондырғыларында қолданылатын жылуалмастырғыштар келесі топтарға бөлінеді:
«Құбыр құбырдың ішінде» типті жылуалмастырғыштар;
«Құбыр құбырдың ішінде» типті жылуалмастырғыштар тазартуға өте ыңғайлы және жылуалмастырушы ортаның кез келген температурасында қолданыла береді. Олар тура айдау қондырғыларында мазут пен гудронды қыздыру үшін қолданылады.
1-сурет. Төрт жүрісті «Құбыр құбырдың ішінде» типті жылуалмастырғыш: 1 – сыртқы құбыр, 2- ішкі құбыр, 3 – разъемный двойник; 4 – приварной двойник; Кожухотрубты жылуалмастырғыштардың қатаң құбырлы типі және басы қозғалмалы түрі бар.
Басы қозғалмалы жылуалмастырғыштар қазіргі заманғы мұнай өңдеу заводтарында қолданылатын жылуалмастырғыштардың негізгісі. Біріншілік айдау қондырғыларында жылуалмастырғыштар мұнайды өнімнің жылуы арқылы қыздыруға, су конденсатор-салқындатқыштар ретінде қолданылады.
Беттік жылуалмастырғыштардағы өнімдерді конденсациялау және салқындату үшін су қолданылады. Заводтардағы судың сапасы жоғары емес, олардың минералдылығы жоғары. Сондықтан салқындатқыш құбырларында кеуек және органикалық тұнбалар бар, судың әсерінен каррозияға ұшыраған. Бұл кемшіліктер су салқындатқышты ауа салқындатқышына алмастырғанда жойылады.
Ауамен салқындату аппаратары(2-сурет) қондырғыны және негізгі бөлікті бір қалыпта ұстайтын құбырлар жиынтығынан, электрқозғалтқышы бар желдеткіштен тұрады. Ауа желдеткіш арқылы құбыр аралық кеңістікке жіберіледі. Құбыр жиынтығы сырттан салқындатылады.
3-сурет. Горизантальды типті ауамен салқындату аппараты
Бет арқылы өтетін жылу есебінен құбырдан ағып өтетін өнім салқындайды. Ауа құбыр арасындағы кеңістікке біркелкі таралу үшін желдеткіш құбырмен диффузор арқылы таралады.
Құбырлар, коллекторлар және рамалар секцияны құрайды. Коллекторлар ашылып жабылатын қақпақтармен қамтамасыз етілген, ол құбырлардың ішкі қабырғаларын тазатуға мүмкіндік береді.