Гидростатика сүйықтың тыныштықта түрғандағы тепе-теңдігі мен қатты дененің сүйыққа түгелімен немесе жартылай батқан кездегі сипатын зерттейді. Кинематика сүйық қозғалысының (ағынының) геометриялық көрсеткіші мен уақыт ішіндегі (жылдамдығы мен үдеуі) жағдайын зерттейді. Гидродинамикасүйық қозғалысының заңдылығын және оған түсетін барлық күш өсерімен бірге зерттейді.
Гидравлика мына пөндермен тығыз байланысты: физика, жоғарғы математика, теориялық механика, материалдар кедергісі ғылымдары, сонымен қатар сүйықтық ғылымы турбина жобалаудың, сүйық сорғыштың, басқа да гидравликалық машиналардың, сумен қамтамасыз етудің, жер суландырудың және жер құрғату сияқты ғылым салаларының негізгі базасы болады. Барлың техника саласында гидравликалық қондырғылар пайдаланылады, олар да осы гидравлика заңын қолданады.
Гидравликаның зерттеу объектісі -сұйық, табиғатта сұйықтың 4 агрегатты күйі қатты, сүйық, газ түрінде және плазмалы болып бөлінеді. Сұйықтың негізгі қасиеттеріне өте төменгі температура мен жоғары қысым кезінде, қатты дене қасиетінде болатындығын (мұз), ал өте жоғары температура мен ең төменгі қысым кезінде газ түріндегі қасиетіне айнала алатындығын (бу) жатқызуға болады.
Сұйықдегеніміз - физикалың дене, оның бөлшектері өте қозғалғыш келеді де, аққыш және сыртқы күш әсерінен өзінің формасын өзгерте алатын қасиеті бар. Сұйықтар сығылатын (газ түрлі) және қысылмайтын немесе өте аз сығылатын (тамшылы) болып бөлінеді.
Сұйық қозғалысының заңдылығын зерттеуді жеңілдету үшін идеалды (қиялды) және реалды (нақтылы) сұйықтар деп екіге бөлінеді.
Идеалды (қиялды) -тұтқырсыз сұйық, бұл сұйықта үйкеліс күші мен жанама кернеу күші болмайды да, сыртқы күш әсерінен оның көлемі өзгермейді.
Реалды (нақтылы) -тұтқырлы сұйық, табиғатта кездесетін сүйық қысымымен температураның әсерінен көлемі өте аз өзгереді. Сондықтан гидравликада нақтылы сұйықты абсолютті сығылмайтын дене ретінде зерттейді.
Реалды сұйық Ньютондық және Бингемдік болып бөлінеді. Ньютон сұйықындағы қозғалысты сұйық бір қабатының екінші қабатына қарағандағы жанама кернеу (ішкі үйкеліс) оның жылжу жылдамдығына пропорционалды болады. Егер сұйық тыныштықта тұрса, бұл кернеу күші нөлге тең болады. Ньютон сұйығына су, май, бензин, керосин, глицирин, ауа газдары, т.б. жатады.
Бингем сүйығының ағысы өте баяу болады, Ньютон сұйығынан айырмасы - тыныштықта тұрған кезіндегі бұл сұйықта жанама күші (ішкі үйкеліс) болады, әрі
мұның шамасы сұйықтың түріне байланысты. Бингем сұйығына битум, балшықты лай, колоидтар, т.б. жатады. Ал мұнай өнімдері қатуға жақындаған температурадағы сұйыққа әсерін тигізетін ішкі және сыртқы күштер деп бөлінеді. Ішкі күш сүйықтың ішіндегі бөлшектердің байланыстығы, ал сыртқы күштерге сұйық бетіне түсетін күш және көлем болып келеді. Сұйық бетіне түсетін күштер (сығу, созу, үйкеліс күші, қысым) сұйықтың белгілі көлеміне бағытталған. Көлемдік күштер (салмақ күші, инерциялық күш, электромагниттік күш) сұйық денесінің барлық көлеміне бірдей тарайды.