Сұйықтың негізгі физикалық қасиеттері
Сұйық денесінің массасының көлеміне қатынасын сұйық тығыздығы деп атайды.
, кг/м3
мұндағы, - тығыздық, М - масса (кг), V - көлем (м3).
Сұйық тығыздығын ареометрмен өлшейді.
Біртекті сұйықтың меншікті салмағы деп сұйықтың салмағының көлеміне қатынасын айтады.
немесе , кг/м3
Мұндағы, G - сұйықтың салмағы, -меншікті салмақ, сұйықтың меншікті салмағының өлшем бірлігі 1 Н/м3, Н дегеніміз - Ньютон күш бірлігі.
Температураның әсерінен сұйық көлемінің өзгеруі
Температураның өсіп, өзгеруіне қарай, сүйықтың көлемінің өзгеруін көлемдік ұлғаю коэффициенті t арқылы бейнелейді.
,1град
Қысымның әсерінен сұйық көлемінің өзгеруі
Сұйық көлемінің қысымның әсерінен өзгеруін көлемдік сығылу коэффиңиенті с дейді.
немесе , см2 /кг
Серпімділік модулі. Сұйықтың көлемінің сығылу коэффиңиентіне кері шаманы серпінділік модулі деп атайды, К таңбасымен белгілейді.
немесе , см2 /кг
Орташа есеппен практикалық жағдайда судың серпімділік модулі К = 20,6 • 108, кг/мс2, мұнай өнімдерінікі К =13,25 • 108 кг/мс2.
Тұтқырлық. Әр түрлі жылдамдықпен аққан сұйықтың қос қабатының арасында болатын үйкеліс кедергіні тұтқырлық деп атайды немесе сұйықтың жанама кернеуге қарсы тұру қасиетін айтады, кейде сұйықтың ішкі үйкелісі деп те атайды. Сұйықтағы ішкі үйкеліс күштің барлығын түңғыш рет айтқан И. Ньютон. Ол 1687 жылы келтірілген болжамын ішкі үйкеліс күші сұйықтың екі қабатының жанасу бетінің ауданы мен салыстырмалы жылдамдықтарына тура пропорционал болып өседі деп жорамалдаған. Ньютонның бұл болжамының дұрыстығын орыс ғалымы Н.П. Петровтың «Машинадағы үйкеліс және жоғалатын (майланатын) майдың әсері» деген жұмысы арқылы дәлелдеген. Тура бағытталған цилиндрлік құбыр бойымен баяу жылжыған сұйықтарды зерттеу арқылы мына формуламен тапқан:
немесе
Мұндағы, Т -үйкеліс күші; -сұйықтың қасиетін сипаттайтын тұтқырлықтың динамикалық коэффидиенті;
S -қабаттың жанасу бетінің ауданы; -вертикаль бойынша есептелген жылдамдықтың градиенті; -су қабаттарының жанама үйкелу күшінің кернеуі. Практикалық есептерде көбінесе, тұтқырлықтың динамикалық коэффициенті мен сұйықтың тығыздығының қатынасына тең, сондықтан тұтқырлықтың кинематикалық коэффициенті қолданылады:
Мұндағы, v - түтқырлықтың кинематикалық коэффициенті.
Достарыңызбен бөлісу: |