Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет23/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Ақуыздың биологиялық қасиеттері. Бірінші кезекте ақуыздардың биокаталитикалық 

(ферментативтік)  белсенділігін  атап  айту  керек.  Ақуыздың  бұл  қасиеті  тіршілік  процесі 

барысында маңызды роль атқарады. 



18 

 

Басқа  маңызды  биологиялық  қасиеттерінің  бірі  –  гормондық  белсенділігі,  яғни 



ағзадағы  бірқатар  химиялық  реакцияларға  əсер  ету  қабілеті.  Кейбір  ақуыздарға  токсиндік 

қасиет, потогендік белсенділік тəн. Ақуыздардың пластикалық ролі маңызды. 

Ақуыздық  алмасу  ағза  мен  сыртқы  орта  арасындағы  күрделі  зат  алмасу  процесінде 

басты орынға ие. Тірі ағзадағы барлық химиялық реакциялар ауыз-ферметтердің қатысуымен 

жүреді.  Сондықтан  тірі  табиғаттағы  барлық  зат  алмасу  барысы  ақуыздық  денелерге 

бағынышты. 

Ақуыздар  адам  жəне  жануарлар  ағзасына  ақуыздық  мөлшері  ауытқып  отыратын, 

əртүрлі  қоректік  заттар  арқылы  түседі.  Ақуыздың  ағзаға  сіңімділік  дəрежесін  ақуыздың 

биологиялық  құндылығы  сипаттайды.  Қоректік  ақуыз  құрамындағы  аминоқышқылдар 

құрамы  берілген  ағзадағы  құрамға  қаншалықты  жақын  болса,  сіңімділік  дəрежесі 

соншалықты  жоғары  болады,  яғни  биологиялық  құндылығы  жоғары  болады.  Ақуыздардың 

биологиялық 

құндылығына 

байланысты 

сұрақтар 

туындағанда, 

ауыстырылатын 

аминоқышқылдар  жəне  ауыстырылмайтын  аминоқышқылдар  деген  түсінік  пайда  болады. 

Бірқатар  аминқышқылдарының  қоректік  заттар  арқылы  міндетті  түрде  ағзаға  енуі  қажет, 

себебі ағза оны өздігінен синтездей алмайды. Ауыстырылмайтын аминоқышқылдарға: валин, 

лейцин, изолейцин, треонин, метионин, фенилаланин, триптофан, лизин жатады. Адам жəне 

ауылшаруашылық  малдарының  қоректенуі  кезінде  ақуыздарды  рационалды  сұрыптау  өте 

маңызды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет