Негізгі əдебиеттер:1 [5-9,27], 6, 7, 8
Қосымша əдебиеттер: 21 [15-20]
Бақылау сұрақтары:
1. Метаболизм, катаболизм жəне анаболизм процестеріне түсініктеме беріңіз.
2. АДФ жəне АТФ молекулалары - əмбебап энергия көзі.
3. Мына процестерде қандай соңғы өнімдер түзіледі: демалу, спирттік жəне
сүтқышқылдық ашуда?
4. Аэробты жəне анаэробты – тотығу реакциялары туралы түсінік.
5. Гликолиз процесі дегеніміз не?
6. Анаэробты жəне аэробты ферментативті гидролизде қандай негізгі аралық өнім
түзіледі?
Дəріс 5. Ақуыздар. Ақуыздың жеке топтарының классификациясы жəне
сипаттамасы. Ақуыздардың аминоқышқылдық құрамы. Ақуыздың биологиялық
қасиеттері. Ақуыздардың биосинтезі.
Ақуыздар - бұл құрамында азот бар жоғары молекулалы органикалық қосылыстар.
Олар гидролиз кезінде аминоқышқылдарға дейін ыдырайды.
Ақуыздың жалпы формуласы:
Н
2
N-CH-C-[NH-CH-C-]n-NH-CH-COOH
׀
׀
׀
׀
׀
R O
R O
R
Алғаш рет ақуызды 1728 жылы Я.Беккари бидай ұнынан алды. Қазіргі таңда əртүрлі
табиғи көзінен алынған ақуыздардың жүздеген түрі белгілі. Ақуыздар тірі материяның
құрылымында жəне тіршіліктегі барлық процестерде шешуші роль атқарады. Белсенді өсіп
жатқан жасушаның құрғақ заттық массасының негізгі бөлігін (55-85%) ақуыз құрайды. Ең
ұсақ жəне құрылысы қарапайым бактерия жасушасында 2000-ға жуық алуан түрлі қызметтер
атқаратын ақуыз түрлері бар екендігі анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |