Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет2/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Биотехнология - процесс барысында микроағзалардың, оқшауланған жасушалардың 

немесе  олардың  құрам  бөліктерінің  биохимиялық  əрекетін  пайдалана  отырып,  халық 

шаруашылығына  жəне  адамзат  тіршілігінің  əртүрлі  салаларына  бағытталған  бағалы 

өнімдерді алу. 

Мысалы, бидайды судан жəне тыңайтқыштан алу бір қарағанда  - биотехнология. Бірақ 

мұнда  оқшауланған  жасушалардың  іс-əрекеті  емес,  жоғарғы  сатыдағы  көпжасушалы  ағза, 

макроағза, яғни тұтас өсімдіктің биохимиялық іс-əрекеті пайдаланылады. Бұл биотехнология 




 

емес, ал өсімдік өсіру.  Дəл сол сияқты женьшеннің тамырынан дəрі алуда биотехнологияға 



жатпайды. Ал осы тамырдан ферменттердің көмегімен көпжасушалы өсімдік ұлпасынан же- 

ке  жасушаларды  бөліп  алады  жəне  осы  жеке,  оқшауланған  жасушаларды  арнайы  қоректік 

ерітіндіде  ашытқы  тəрізді  өсіріп,  женьшеннің  оқшауланған  жасушаларының  биомассасын 

алады, оны тұндыра отырып, тұтас тамырдан алғандай бағалы дəрі алуға болады. Міне, енді 

бұл - биотехнология. 

Биотехнологияның  анықтамасында  тағыда  маңызды  –  «мақсатты  бағыттау»  деген 

ұғымға  назар  аударайық..  Шындығында,  адамзат  көзқарасы  бойынша  табиғатта  

микроағзалар  əрқашанда  пайдалы  мақсатқа  бағытталмаған.  Мысалы,  көптеген  аурулар 

микроағзалардың  əсерінен  туындайды  жəне  керісінше  адам  денесін  мекендейтін  микроа 

ғзалар  (олардың  салмағы  2-3  кг  шамасында)  өте  пайдалы.  Естеріңізде  болса 

антибиотиктермен емдеу қатерлі микроағзалармен қатар пайдалы микроағзаларды да жойып 

жібереді.  Сол  себепті  адам  дисбактериоз  ауруына  шалдығады,  оны  емдеу  үшін  денеге 

бактериялар  (мысалы  бифидобактериялар  немесе  сүт  қышқылы  бактериялары)  жіберіледі. 

Бұл биотехнология емес, медицина. 

Биотехнология – бұл адамның қатысымен ұйымдастырылған, белгілі бір өнім алуға 

бағытталған микроағзалардың іс-əрекеті. 

Биотехнологияда микрообъектілердің биотехнологиялық əрекетінің қандай түрлерін 

пайдаланады? 

өнімді  көрсете  алатын,  жасушалық  массаны  өсіру.  Технологияның  мұндай  класына 



вакциналарды жəне нан ашытқыларын алу жатады. 



Бағалы  биохимиялық  өнімдер  биосинтезі  -  олардың  кейбіреуі  ортаға  бөлініп  шығады 

(жасушадан  тыс  өнімдер),  кейбіреуі  биомассада  жинақталады  (жасуша  ішіндегі 

өнімдер). 



Биотрансформация 

нəтижесінде 



микроағзалардың 

немесе 


ферменттердің  

биологиялық  іс-əрекеті  əсерінен  бастапқы  химиялық  заттың  химиялық  құрамы  

өзгеріске  ұшырайтын  процесс,  бірақ  биосинтезден  айырмашылығы  заттың  химиялық 

құрылысында салыстырмалы аз өзгеріс болады. Мысалы, глюкоизомераза ферментінің 

əсерінен глюкозаның фруктозаға айналуы. 



Микроағзалардың  сұйық  ортадан  қажетсіз  қоспалар  болып  табылатын  əртүрлі 



заттарды  тұтынуы.  Мұнда  микроағзалар  биомассасы  ағынды  суларды  тазартушы 

ретінде қолданылады жəне жарамсыз болып қалады. 



Микроағзалардың  көмегімен  сілтісіздендіру  –  қатты  денелерде  кездесетін  кейбір 

заттарды сұйық күйге ауыстыру. Мысалы, кен құрамындағы бағалы металдарды - мыс, 

қалайы, уранды микроағзалардың көмегімен сілтісіздендіру. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет