Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет28/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Байланысты:
Osnovy-BT-kaz.

комплементарлық  принцип  бойынша  жүзеге  асады.  Əрбір  азоттық  негіз  өзінің 

комплементарлық жұбына ие: 

 

ДНК молекуласында 



РНК молекуласында 

А-Т 


 

А-У 


Г-Ц 

Ц-Г 


Ц-Г 

Г-Ц 


Т-А 

У-А 


Сондықтанда əрбір  нуклеотидтің өзіне сай антинуклеотиді, ал əрбір  триплетің өзіне  сай 

антитреплеті  немесе  антикодоны  болады.  ДНК  кодондарының  өзіне  сай  антикодондарымен 

комплементарлық  қосылуы  барысында  екінші  ДНК  молекуласы  түзіледі,  ол  тізбектік 

ұзындығы  жəне  нуклеотидтердің  саны  жағынан  біріншісіне  тең.  Осылай  қос  спираль  

түзіледі  жəне  осындай  қалыпта  ДНК  молекуласы  ұзақ  уақыт  бола  алады.  ДНК-ның 

комплементарлық  тізбегі  тек  сол  ортада  басы  бос  нуклеотидтердің  саны  жеткілікті  жəне 

ДНК-полимераза  ферменті  болған  жағдайда  ғана  түзіледі.  Бұл  фермент  ДНК  жүйесінде 

катализ  қызметін  атқарады.  Тек  ДНК  жəне  РНК  молекулаларының  нуклеотидтері  жеке 

комплементарлық  жұп  түзіп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  ДНК  нуклеотидтері  РНК 

нуклеотидтері  менде  бірге  жұп  түзеді.  Бұл  қасиет  ақуыз  биосинтезі  процесі  кезінде 

гентикалық  ақпаратты  беру  кезінде  көрінеді.  ДНК  нуклеотидтері  РНК  нуклеотидтерімен 

төмендегідей жұп түзейді: 

 

ДНК 


РНК 

А 



У 

Г 



Ц 

Т 



А 

Ц 



Г 

Ақуыз  синтезі  туралы  алғашқы  ақпарат  ДНК-да  сақталады.  Дəл  осы  жерде 

ақуыздардағы аминоқышқылдардың ізбе-ізділігі анықталады. 

Нуклеотидтердің  құрамына  енетін  үш  негізгі  бөліктердің  ішінде  –  фосфор  қышқылы 

жасушада үнемі болады, рибоза көмірсулар ыдырауы кезінде түзіледі. 



22 

 

Пуриндік  жəне  пиримидиндік  негіздердің  синтезделу  жолы  əртүр.  Бірақ  синтез 



механизмінде бір қатар ұқсастықтар бар. 

1.  гетероциклдік сақинадағы азоттың көзі ретінде глицин, аспарагин, глутаминді 

қолдануы; 

2.  пуриндік  жəне  пиримидиндік  циклдердің  құрамында  көмірқышқыл  газының 

көміртегі атомының жəне құмырсқа қышқылының болуы; 

3.  нəтижесінде биосинтездің ақырғы өнімі нуклеозид-5-фосфат болатын пуриндік 

негіздің түзілуі жəне пиримидиндік негіз синтезінің аяқталуы; 

4.  нуклеотидтер синтезі процесі кезінде жүретін барлық реакциялардың ферментативтік 

күйі; 

Нұсқада көрсетілгендей пурин сақинасындағы екі азот атомы (N



3

-N

9



) глутаминнің амид 

тобынан, үшінші азот атомы (N

1

) аспартаттан(аспарагин қышқылынан), төртінші азот атомы 



(N

7

)  глициннен  алынады.  Осылайша,  глицин  молекуласы  үш  атом  береді.  Көміртегінің  



екінші жəне сегізінші атомы формиаттан(құмырсқа қышқылынан), ал көміртегінің алтыншы 

атомы CO


2

- нан алынады. 

ДНК  биосинтезі  қырық  жылдан  астам  уақыт  бойы  зерттелуде.  Қазіргі  таңда  бұл  көп 

сатылы  күрделі  процестің  ферменттік  жүйесі  туралы  көп  дүние  белгілі,  дегенмен  бірқатар 

талқылаулар  əліде  болса  қажырлы  еңбек  қажет  етеді.  Бұл  əсіресе  жоғары  сатыдағы 

ағзалардың  ДНК  синтездеуші  аппаратына  қатысты.  Бұл  мəселенің  шешімі  қатерлі  ісік 

ауруларын,  ағзаның  қартаю  процесін  бақылауға  алуда,  вирустық  инфекциялармен  күресте 

маңызы зор. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет