2) Құрамында гликозидтері бар шикізаттарды 50—60 °С температурада кептіреді. 1 сағат көлемінде төмен t° кептіреді. Жоғары t° ферменттердің инактивациясы үшін қажет. Бұл әдіс гликозидтерді ыдыратушы ферменттердің инактивациясын тездетеді;
3) Құрамында жүрек гликозидтері бар шикізаттарды кептіруде, біріншілік кептіру t° - 60-70° С температурада жүргізіледі;
4) Егер шикізат – құрамында полисахариді бар жер асты мүшелері болса , онда жоғары температурады кептіруге тиым салынады, себебі беттік қабаттың карамелизациясы жүріп, ішкі қабатта ылғал қалуы нәтижесінде шіру басталуы мүмкін;
5 Құрамында алкалоидтары бар шикізаттарды 50 °С кептіреді;
6) Құрамында аскорбин қышқылы бар шикізаттарды 80-90 °С температурады кептіреді. Әрі қарай ферменттердің денатурациясын болдырмау мақсатымен температураны төмендетеді;
7) Бүршіктерді тек салқында кептіреді, себебі жылулы кептіруде олар бүршік жарады.
Улы және күшті әсер етуші дәрілік өсімдіктерді кептірудегі ерекшеліктер:
Улы және күшті әсер етуші дәрілік өсімдіктерді кептірудегі ерекшеліктер:
1. Кептіруді фармацевт немесе арнайы білімі бар жауапты тұлға жүргізеді.
2. Бұл шикізат түрін басқа шикізат түрлерімен араластырып кептіруге ТИЫМ САЛЫНАДЫ.
3. Бөлме уақытша бекітіледі.
4. Берілген шикізатты дайындаудағы ерекшеліктер ескерілуі қажет.
Ашық аспан астында кептіруді көбінесе тамырларға, тамырсабақтар мен қабықтарға қолдану олардың сапасына онша әсер ете қоймайтындай етіп жүргізеді. Ашық аспан астында кептіру көптеген дәрілік өсімдіктерде кептіруге қолданылатын әдіс. Оны шатыр астында, арнайы шатырлы бөлмелерде өткізеді. Бұндай жағдайда кептіру үшін желдетілген шатыр астында күн сәулесі арқылы қыздыру керек.