Киптер. Гидравликалық , электрлі және бұрандалы-рычагты пресстер арқылы алынады. Киптер орамдаудың ең бір қолайлы тасымалдау түрі, ол қабықты, тамырсабақтарды және тамырларды, шөптер мен жапырақтарды және кейбір гүлдер түрлерін тасымалдауға қолданады. Қолдан жасалатын бұрама – рычагты пресстерде 50 кг дейін, 125 кг дейін шикізат пресстеледі; әдеттегі салмағы 100 кг.
Ұзын және жәшік формасындағы теңдер. Оларды матадан дайындайды, бұларға шикізатты пресс арқылы толтырады. Теңдерге шикізатты бөлшектеп салып, оны біркелкі етіп жаяды да үнемі пресстеп отырады.
Фанерлі жәшіктер. Мұнда жұмсақ ыдыстарға салуға болмайтын, сынғыш, морт шикізаттарды орамдайды. Шикізатты жәшіктерге себелеп, қатармен және қабаттап; белгілі бір массада алдын – ала қағаз пакеттерге орау арқылы; алдын – ала дәнекерленген ыдыстарға салып барып орамдайды.
Гофрирленген картон жәшіктер. Жәшіктерді шикізатпен толтырар алдында жәшіктің ішіне қағаз немесе пергамент төсейді, шикізат толып болған соң пергаменттің шеттері шикізаттың бетін толық жауып тұруы керек. Толтырылған жәшіктердің сыртын қағаз жіппен жапсырады. Жәшіктегі шикізат салмағы 25 кг аспауы керек.