«А» және «Б» тобының дәрілерінің сақталуы
Наркотикалық дәрілер оқшауланып кіруге тыйым салынған арнайы құлпыланатын бөлмеде сейфте сақталады:
Улы дәрілік заттар бөлек металл шкафта құлпыланып сақталады;
Металл шкафпен сейфтің есігінің ішкі жақ беетінде «А» тобының дәрілік заттары екендігі және жоғарғы дозасы мен тәуліктік дозасы жазылуы керек;
«А» тобының дәрілік заттары артығымен болмауы керек, улы – 5 күнге, наркотикалық – 3 күнге, әсері қатты – 10 күнге;
Әсері қатты дәрілік заттар бөлек ағаш шкафта құлыппен «Б» тобының дәрілік заттары деген жазумен жазылады.
Дәрілік заттарды бөлімшеде сақтау ережесі.
Дәрілік заттарды сақталуын, шығынын, таратылуын, дәрігердің нұсқауы, барлығын қадағалайтын және жауапты бөлім меңгерушісі. Дәрілерді сақтау олардың түрлеріне және қабылдаудағы ерекшелігіне байланысты сақталады. Қай шкафта болмасын ішінде «сыртқа қолдануға арнадған», «ішке қолдануға арналған», «парентральді жолмен енгізілетін» - деген жазулар болады. Залалсыз ерітінділер ампулада және фдаконда шығарылатын препараттарды көкілдір этикетка болуы тиіс және оларды егу бөлмесінде әйнек шкафта, бірінші қатарда сақталынады- шокка қарсы қобдиша, екінші қатарда антибиотиктер және оның еріткіштері, үшінші полкада «А» және «Б» топтарына кірмейтін ампуладағы дәрілер сақталады. Тері астына, бұлшық етке, көк тамырға арналған витаминдер, дибазол, папаверин, магни сульфаты т.б. дәрілер төртінші қатарда тамшылатып құйуға арналған сұйықтықтармен бірге сақталады. Постыдағы Медбикенің тартпасында құлыппен ішке және сыртқа қолдануға арналған дәрілер сақталынады. Барлық дәрілік заттар қолай және қандац кезде қолдануғаболатындығы жазылып бөлек бөлек жиналады, іздегенде тез табылатындай болуы тиіс.
Иісі өткір дәрілерді бөлек сақтайлы. Ал тоңазытқышта (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар, ) сонымен қатар маздар, вакцина, сыворотка (t° дан +2°С ға дейін +10°С) сақталады
Дәрілік заттарды тарату ережесі
Дәрілік заттарды таратарда Медбикенің барлық әрекетіндегідей гигиенаны сақтау қажет.Дәрілік затты таратпас бұрын қолды гигиналық тұрғыда өңдеу.
Жылжымалы столға латокка, сұйық дәріні флаконда, әр флаконға арналған пипеткалар, дәрілік затты қабылдауға арналған стакандар, су құйылған құмыра, таблеткаларды таратуға арналған пинцеттер, қайшыны қойу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |