Дәріс № Карбендер. Карбендерді алу әдістері. Карбендердің химиялық реакциялары



бет2/2
Дата25.09.2022
өлшемі46,24 Kb.
#40128
1   2
Байланысты:
Лекция 4

Карбендерді алу әдістері

Карбендер бірқатар қосылыстар термиялық, фотолиздік және катализдік ыдырағанда түзіледі. Метилен қарапайым алифатты диазоқосылыс – диазометан термиялық, фотолиздік немесе катализдік ыдырағанда түзіледі:


CH2N2  CH2: +N2.
Диазометанның термиялық немесе фотолиздік ыдырауы азот молекуласының бөлінуіне және синглетті метиленнің түзілуіне алып келеді. Бірақ, метиленнің негізгі күйі – триплетті, сондықтан синглетті метилен карбенге инертті немесе активтілігі төмен молекулалар (мысалы, гексафторбензол) қатысында триплетке айналады, ол басқа молекулалармен реакцияға түсіп, реакциялық ортада біртіндеп жинала береді.
Диазометанның мыс, палладий немесе родий тұздарының қатысында катализдік ыдырауы реакцияны өте жұмсақ жағдайда, бөлме температурасында және сәуле түсірмей жоғары шығыммен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл кезде метилен синглетті күйде болады.



Карбендердің химиялық реакциялары
Карбендер бос радикалдарға тән барлық реакцияларға түсе алады: рекомбинациялану және С-Н байланысынан сутегі атомын бөліп алу. Карбеннің синглетті күйіне тән реакция - С-Н, СНаl,С-Si байланыстарына ену, мысалы:
R2С: + H-Si(C2H5)3  R2CH-Si(C2H5)3
Карбендердің ең белгілі реакциясы - -байланыс бойынша қосылуы. Метиленнің этиленмен әрекеттесуі циклопропанның түзілуіне алып келеді:

Бұл реакция көптеген циклді қосылыстар алу үшін қолданылды. Мысалы, метиленнің ацетиленмен реакциясында циклопропен түзіледі, ол метиленнің артық мөлшерінің әсерінен бициклобутанды береді:

Карбендердің активтілігі сондай, олар бензол сақинасымен тұрақты циклогептатриенил-катионын түзе әрекеттеседі:

Карбенді процестер тек зертханада емес, өнеркәсіпте де қолданыс табуда. Дихлоркарбен түзілу үшін қиын табылатын диазоқосылыс қолданудың қажеті жоқ. Жоғарыда көрсетілгендей, оны хлороформ мен натрий гидроксидінен жеңіл алуға болады. 1876 жылы ашылған Реймер-Тиман реакциясы – фенол мен хлороформнан калий гидроксидінің әсерімен салицил (о-гидроксибензой) альдегидінің түзілуі дихлоркарбен қатысуымен жүреді:

Тетрафторэтилен – политетрафторэтилен алуда қолданылатын ең көптоннажды фторлы мономер дифторхлорметанның (фреон 22) немесе фтороформның пиролизі нәтижесінде алынады:

Соңғы жылдардың зерттеулері бойынша карбендер күйе түзілуде жақсы нәтижелер беріп отыр, оның себебі түзілу энтальпиясының төмен болуымен түсіндіріледі:









Н, кДж/моль

Е, ккал/моль

С2Н2

С2Н + Н

500

500

С2Н2

:ССН2

182

186

Күйе түзілу процесінің циклдік молекула түзілуін түсіндіру үшін ацетилен өзгерісінің карбендік механизмі жасалды.


Бақылау сұрақтары:
Карбендер. Карбендердің электрондық және геометриялық құрылысын түсіндіріңіз.
Карбендерді алу әдістерін қарастырыңыз.
Карбендердің химиялық реакцияларды жазыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет