Бериллий және оның қорытпалары Бериллий жоғары серпімділік модулы, беріктігі, өлшемділік тұрақтылығы, жоғары балқу температурасы, жақсы коррозиялық тұрақтылығы бар металл.
Бериллийдің негізгі кемшілігі: уландырғыштығы, төменгі пластикалылығы және жартылай фабрикаттарда механикалық қасиетінің айрықша анизотропиялығында. Бериллий төменгі пластикалылығы оның технологиялығының жаман болуына себепкер.
Периодтық кестеде 4 нөмірлі, атомдық салмағы 9,013, ІІ топтың элементі. Оның түрі сұр, сыртқы пішіні болатқа ұқсас. Оның екі полиморфтық модификациясы бар, аллотропиялық өзгерісі 1254ºС температурада байқалған.Бериллийдің төменгі температуралы модификациясы (α – Ве) 18ºС гексагональды тордан тұрады. Оның параметрлері а = 0,22856 нм, с=0,35832 нм, с/а = 1,5677. Жоғары температуралы β = модификациясы КОК тордан тұрады, а = 0,2549 нм ~ 1250ºС. α→β полиморфтық өзгерісте атомаралық қашықтығы кемиді, ал тығыздығы шамамен 5% - ке өседі.
Бериллий негізіндегі қорытпаларды алу өте қиын. Бериллий атомдарының өлшемі басқа металдарға қарағанда өте аз болғандықтан бериллий негізіндегі қорытпалар үшін көлемдік фактор мен қатты ерітіндіні алу өте қолайсыз. Периодты системадағы элементтер бериллийде ерімейді немесе ерігіштігі аз болады. Жоғары температурада қатты бериллий айрықша еруімен Co, Ni, Cu, Au, Pd байқалады. Бірақ бұл металдың бериллийде төменгі температурада еруі екінші фазалардың пайда болуына әкеледі және ол бириллийдің морттығын тудырады.
Магний және оның қорытпалары Магний алюминийден 1,6 есе, темірден 4,5 есе және мыстаг 5 есе жеңіл болуы магний қорытпаларының жоғары меншікті беріктігін қамтамасыз етеді. Магний қорытпалары механикалық вибрацияны жақсы сіңіреді, сондықтан оны авиацияда, реката техникасында және транспортта қолдану маңыздылығын көрсетеді.
Магний ІІ топ элементіне жатады, атомдық салмағы 24,32. Химиялық қасиеттері бойынша сілтілі-жер металдарға жатады. Ал физикалық қасиеттері 6-кестеде келтірілген. Магнийдің полиморфтық өзгерісі жоқ, балқу температурасынан төмен аралықта гесагональды тығыз орналасу құрылымын сақтайды, оның с/а остерінің қатынасы 1,6235. Магний – химиялық белсенді металл. Металдың таза беті күміс-ақ түсті, бірақ ауада МgО қабатын түзеді. Төменгі температурада тоттық қабыршығы аморфты, ал 200ºС жоғары температурада кристалдық құрылысы болады.
Магнийдің коррозияға төзімділігін темір, мыс, кобальт, кремний және никель кенет төмендетеді. Ал магнийді циркониймен және марганецпен легірлеу арқылы оның коррозияға төзімділігін жоғарлатады. Магний құрамына 0,02% бериллиий ендіру арқылы ауада балқыту нүктесіне дейін қыздыру кезіндегі оның жалындауын жоюға болады.
Магний қорытпалары алюминий сияқты екі топқа бөлінеді:
а) деформацияланған қорытпалар - әртүрлі қысыммен өңдеу әдістерімен жартылай фабрикаттар өндірісі үшін;
ә) құйма қорытпалар – фасонды құю әдістерімен бұйымды алу үшін;
Деформацияланған және құйма магний қорытпалары МА және МЛ деп маркаланады (олардың химиялық құрамы 5 және 6 – кестелерде көрсетілген).
Беріктік деңгейі бойынша:
а) беріктігі аз; ә) беріктігі орташа; б) беріктігі жоғары болып бөлінеді.
Тығыздығы бойынша: а) жеңіл; ә) өте жеңіл. Өте жеңіл тобына литиймен легірленген (МА21, МА18), ал жеңілге қалғандары жатады.
Самолет жасауда магний қорытпасынан дөңгелек, шосси түйіншегін, қондырғалар қаптамасын, беру қорабын, кабина есегін, фонарлар, самолет бөлшегін дайындайды. Ракета қаптамасында, отындық және ауа бактарында, тірегіш түйіндерінде, реттегіштерде, қолданады. Жылулық нейтрондарды сіңіруі аз болғандықтан, уранмен өзара әрекеттеспейтіндіктен, атомдық реакторнларда жылу бөлетін элементтердің қаптамасын дайындайды.
Мыс адамның ең алдымен танысқан элементi. Ол қазiргі кезде кеңiнен қолданылуда. Электр өткiзгiштiк қасиетi бойынша күмiстен кейiнгi екіншi орынды алды, сондықтан ол өткiзгiш материал ретiнде де жиі қолданылады. Жылу өткiзгiштiгi бойынша да күмiске орын бередi және ол әртүрлi жылу алмастырушы ретiнде де қолданылады. Мыс қорытпалары жеткiлiктi коррозияға төзiмдiлiгiмен ерекшеленеді. Түсi әдемi, керемет жылтырайды. Мыстан – табақтар, ленталар, табақшалар штамптар, құбырлар, сымдар және басқа да бұйымдар дайындалады. Олар жақсы пiсiрiледi. Оның кемшiлiгi: тығыздығының жоғары болуы, жоғары температурада тотығуға ұмтылуы, коррозияның жарылысының және су ауруының болуы.
Мыс I В топшасына жатады. Нөмірі 29, атомдық салмағы – 63,54. Балқу температурасы 1083°С, қайнау температурасы 2540°С. Мыста полиморфтық түрлену жоқ. Балқу температурасынан төмен температурада ҚОК торы бар, тор периоды а – 0,36153 Нм. Мыс ауыр металға жатады. Оның 20°С – дағы ρ = 8,94 г/см3.
Мыс диамагниттi металл. Оның меншiктi магниттiк қабылдау қасиетi бар. Мыстағы қоспалар оның электр өткiзгiштігін төмендетедi . Мыстың электр кедергiсiн P, As, Al, Fe, Sb, Sn қатты жоғарлатады. Көміртегі мыстың электр өткiзгiштiгiн артырады. Таза мыстың аз ғана берiктiгi мен жоғары пластикалылығы бар.