Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері


Термиялық өңдеумен бекемделмейтін қорытпалар



бет39/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#82917
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
Байланысты:
Д ріс № Конструкторлы материалдар ж не оны жіктелуі. Материалд

Термиялық өңдеумен бекемделмейтін қорытпалар. Бұл топқа АМц және АМг маркалы қорытпалар жатады. Мұндай қорытпалар жоғары пластикалылығымен, жақсы пісірілгіштігімен және коррозияға аса тұрақтылығымен ерекшеленеді.
АМц маркалы корытпалар Al-Mn жүйесінің қорытпаларына жатады. Жүйе күйінің диаграммасы бойынша АМц маркалы қорытпалардың құрылысы -қатты ерітіндісінен және температураны жоғарылатқанда қатты ерітіндіге көшетін туынды Al6Mn фазасынан құралады. Темір қатысқанда MnAl6 орнына практика жүзінде алюминийде ерімейтін күрделі (FeMn)Al6 үштік фазасы түзіледі, сондықтан АМц маркалы өңдеумен бекемделмейді.
Жентектелген алюминий опасынан (САП) жасалған материал қасиеттерінің жоғары беріктігімен, қызуға беріктігімен, коррозияға төзімділігімен және термиялық тұрақтылығымен сипатталады.
Жентектелегн алюминий опалары алюминий мен алюминий тотықтарынан тұрады. САП-ты бетіндегі алюминийі тотыққан опадан оны брикеттеу, жентектеу және престеу арқылы алады.
Опаны алу кезіндегі бастапқы материал ретінде ұнтақ – пульверизат қолданылады, ол балқытылған алюминийді тозаңдату арқылы жасалады. Ұнтақ 2-3% оттек және 0,25-1,2% стеарин қышқылы үстеп қосылған азот атмосферасында шар диірменінде ұнтақталады.
САП-ның құрылымы – дисперсті Al2O3 кірмелерінің бір қалыпты таралатын алюминий негізгі болып табылады. САП-ның аса беріктігі тотық фазасының көп дисперстігімен, оның бөлшектерінің арасындағы қашықтығының аздығымен, сондай-ақ алюминий матрицасы мен Al2O3 арасындағы когеренттік байланыстың болатындығымен түсіндіріледі. САП-ның алюминийде ерімейтіндігі және жұқа дисперсті Al2O3 бөлшектерінің алюминий матрицасы арқылы коагуляцияға бейімділігінің жоқ болуы оның 5000С-қа дейінгі температурадағы құрылымының тұрақтылығы мен аса беріктігін қамтамасыз етеді.
Жентектелген алюминий қорытпалары (САС) негізінен құрамы белгілі қорытпаны тозаңдатудан алынған ұнтақтан САП-та қолданылатын технология бойынша дайындалады.
Сызықтық ұлғаю коэффициенті аз, коэффициенті болаттың сызықтық ұлғаю коэффициентіне жақын қорытпалардың практикалық маңызы бар, мәселен, САС-тың (25-30%Si, 5-75Ni қалғаны – Al) a=(14.5-15.5)10-6 10C; E=10000 кгс/мм2 болады. Мұндай қорытпалар приборлардың жеке детальдарын жасағанда өте ауыр болаттарды алмастыра алады. САС-тың механикалық қасиеттері айтарлықтай жоғары беріктігімен, қаттылығымен және төмен платикалылығымен сипатталады. Жентектелетін алюминий қорытпаларының құрамы осыған ұқсас құйылатын қорытпамен салыстырғандағы артықшылығы – құйылатын ақауларының және фазалары бір қалыпты таралған майда түйіршікті құрылымының жоқтығында. Бұл әдіспен Д16П, АК4П және басқа маркалы стандартты алюминий қорытпалары алынады. Құйылатын қорытпаларымен салыстырғанда жентектелген қорытпалардың 250-3500С температурада өте ұзаққа созылатын беріктігі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет