Бірінші топқа саяси объектіні зерттеудің ерекшеліктеріне бағытталған тәсілдер жатады. Бұл
мақсатты іске асырумен әлеуметтік тәсіл айналысады, ол саясат пен қоғамның өзара әсерін есепке
алуға байланысты жүргізіледі. Әлеуметтік тәсіл әлеуметтік факторлардың біріне-бірінің өзара әсер
ету жүйесін ашуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, экономикалық ұйымдар, әлеуметтік теңсіздіктің
түрлері, демографиялық факторлар, психология, т.б. саяси жағдайлар (саяси жүйе ұйымдары,
сайлау жүйесі, легитимдік билік т.б.).
Әлеуметтік тәсіл саяси ғылымның зерттеу саласында жетекшілік роль атқарады. Осы топқа
жататын функционалдық және системалық тәсілдер саяси құрылымдарды басқа да күрделі жүйенің
бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін сыртқы
ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
Осы топтың ішіндегі ерекше маңыздысы – бихевиористік тәсіл. Ол саясатты жеке адамдар
мен топтардың мінез-құлқын нақты зерттеу арқылы жүргізуге бағыт береді. Бұндай зерттеу
эмпирикалық хабар мен мәліметтерге сүйенеді.
Бихевиористік тәсіл төмендегідей негізгі талаптарға сай жүргізіледі:
- саясаттың басты субъектісі адам екендігі;
- саяси мінез-құлықтың негізінде психологиялық себептер жетекші роль атқаруы, сөйтіп ол
құбылыстың жеке адамның табиғатының ерекшелігін бейнелеуі;
- саясатта адамдардың мінез-құлқын ескере отырып шешім қабылдау.
Өйткені адамдар әртүрлі болғанымен, біріне-бірі ұқсас жағдайларда саяси процеске
қатысушылардың мінез-құлқын алдын-ала білуге мүмкіндік береді.
Бихевиористік тәсіл саяси зерттеулерде математикалық санақтарға, статистикалық
мәліметтерге, анкеталық және басқа сұрақ-жауаптарға, компьютерлік техникаларды пайдалану
мүмкіндіктеріне кең жол ашады.
Бірінші топтың тәсілдерінің ішінен сыншыл-диалектикалық тәсілді ерекше атауға болады.
Бұл әдістің ең басты құндылығы саясатты іс жүзіне асыруға сын көзбен қарау және талдау.
Аталмыш тәсілдің тиімділігін қоғамың плюралистік ұйымдарының барлығы және плюралистік
демократияны жақтаушылар түгел қолдайды. Өйткені, плюралистік теория қарама-қайшылықтар
принципіне, көп салалы идеялар арасындағы күрес, бәсекеге, құндылықтарды бағалау бағдарына,
саяси, экономикалық және мәдени институттарға, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың
қатынастарына негізделеді.
Саяси ғылымның зерттеу жұмысында екінші топ тәсілдерін қолданбау мүмкін емес. Бұл
логикалық тұрғыдан зерттеу әдістері. Оған мынадай тәсілдер жатады: талдау мен синтездеу,
индукция мен дедукция, тарихи және логикалық талдауларды ұштастыру, ғылыми эксперимент,
модельдер
жасау, математикалық,
компьютерлік,
прогностикалық
және
тағы
басқа
тәсілдер. Тәсілдердің үшінші тобына эмпирикалық зерттеу әдістері жатады. Бұрын аталған тәсілдер
сияқты бұл да саясаттанудың жеке иелігіне жатпайды, бірақ оған қызмет етеді.