Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет16/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Эмпирикалық тәсілге мыналар жатады: статистика, құжаттарды зерттеу (анкеталық сұрақ-
жауап, лабораториялық эксперименттер, саяси ойындар теориясы, нақты бақылау, т.б.). Сонымен, 
алуан тәсілді пайдаланудағы негізгі мақсат – түрлі саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде 
ақиқат білім мен объективті мәліметтер алу. Сайып келгенде, саяси білімдер негізінде саяси ғылым 
немесе саясаттану қалыптасты.Олардың объектісі саясат болуы бүкіл әлемдік саяси ғылымда 
танылып, мақұлданған мәселе.
Саясат 
субъектілері 
болып 
мыналар 
табылады: 
1. Жеке адам, индивид. Саясат субъектісі ретінде көріну үшін индивид әлеуметтік белсенділік пен 
бостандық сияқты тұлғалық қасиеттерге ие болуы шарт және осы қасиеттер индивидке өз 
субъектілігін танытуға мүмкіндік береді. Индивид әлеуметтік белсенділігінің арқасында өз 


мүдделерін айқындап, оларды саяси сфераға бағыттайды, яғни саяси белсенді субъектіге айналады, 
ал бостандығы оның әрекетіне дербестік береді. 
2. Әлеуметтік топтар – адамдардың ассоциативті қоғамдастықтары, саяси қатынастардың ең 
тиімді әрекет етуші субъектісі. Әлеуметтік топтар көлеміне қарай (кіші, орташа, үлкен), 
ассоциациялардың тұрақтылығы мен ұзақтылығы, топ элементтері арасындағы байланыстың 
қарқындылығы мен әлсіздігі, ұйымдық құрылымы және т.б ерекшеліктері бойынша ажыратылады. 
Әлеуметтік топтарға мыналарды жатқызуға болады: таптар; дәрежелік, жыныстық және жас 
ерекшеліктік, этникалық, кәсіби және басқа топтар; мүдде бірлігіне байланысты пайда болатын 
тұрақты және уақытша ассоциациялар. Бірақ әлеуметтік топтар – біршама аморфты құрылым. Ұйым 
оның әрекетіне бірізділік пен тиімділік береді және осының арқасында әлеуметтік топ саясаттың 
субъектісіне айналады. 
3. Мемлекеттік билік. Қоғам, мемлекет қалыптастырған басқару органы – саясаттың ең әрекетшіл 
субъектісі. Мемлекеттік билік мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әлеуметтік басымдылығын 
айқындап, ресурстарды бөліп, әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін бақылайды. Осы негізде 
адамзаттың қоғамнық өмірінің нормаларын жасақтап, оны адамдар өміріне ендіреді және оның 
орындалуын бақылай отырып осы істерге қажетті мәжбүр ету функциясына иелік етеді. Өз 
мүдделерінің үстемдігін қамтамасыз ету үшін саяси қатынастардың субьектілеріне мемлекеттік 
биліктің қалыптасуы мен қызметіне ықпал тигізу өте маңызды. Саясат субьектілерінің мемлекеттік 
билікке өз ықпалын тигізуге талпынуы -саясаттың мәнді аспектісі.
4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін 
кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын 
адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әртүрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік 
белсенді өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси элитаны өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі, 
саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма, әдістер, құралдардың барлық ресурстар қолдану арқылы 
саяси мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп тұрады. Мемлекеттік билік , оның 
саясаты оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес 
обьектісі. Бұқарамен байланыс , оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс тұрысқа әсер ету 
– міне мұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады.
Саясат субъектісі ретінде мемлекет (сыртқы саясат шеңберінде, сондай-ақ әлеуметтік өмірдің 
қандай да болмасын түбірлі бағдарламаларын шешуде және іске асыруда); өздерінің жеке және 
аймақтық мүдделерін қорғайтын мемлекеттің құрамдас бөліктері; мемлекеттік биліктің құрамы мен 
саясатын өзгерту мақсатында оған ықпал ететін саяси партиялар және бірінші кезекке қандай да 
болмасын өзекті, өмірлік маңызды мәселені қойып, билікке бұқаралық қысым жасауды 
ұйымдастыратын қоғамдық-саяси қозғалыстар да көрінеді. Сондықтан да саясат – көп түрлі 
субъектілер әлемі. 
Саясаттың өзіне тән басты ерекшелігі – оның субъектілігі және оның субъектіге тәуелділігі мен 
онымен анықталынуы. Субъектілік – саясаттың шынайы факторы. Ол саяси процестер мен 
жағдайларға көпварианттылық, субъективті өзіндік сипат береді, олардың субъектінің жасампаздық 
әлеуетіне, оған тән ерік-жігерлік қасиетке, әлеуметтік белсенділігіне және әлеуметтік 
жауапкершілік дәрежесіне тәуелділігін сипаттайды. Сондықтан, субъектілік әлеуметтік 
оқиғалардың, әлеуметтік уақыттың тарихи аралығының, жеке әрекеттердің, өмірлік мағынаға ие 
шешімдердің, олардың қорытындыларын, нәтижелерін және т.б белгілеуде қолданылады. 
Саясат дегеніміз қоғамдық маңызды жүйеде жүйеге асыру мақсатында мемлекеттік билікті қолға 
алу, пайдалану және ұтап тұруға қатысты топтардың өзара мақсатты әрекеттерінің нәтижесінде 
қалыптасатын қатынастар жиынтығы болып табылады. 
Сонымен бірге саясат адам өмірінің ерекше саласы ретінде өзінің әлеуметтік кеңістіктің әртүрлі 
деңгейлерінде ұйымдастыруға қабілетті. Саяси ғылымда саясат деңгейлерін анықтауға қатысты 
әртүрлі көзқарастар бар. Ол басшылыққа алынған өлшемге байланысты жіктеледі. Кеңістік 
факторына құрылыстарына бөлетін болса жаҺандық, өңірлік, ұлттық және жіктік, жергілікті саясат 
деңгейін саяси қатынасушыларға өзара қарым-қатынаста жүзеге асатын кеңістік шекарасында 
анықталып отыр. 
Саясаттың жаҺандық деңгейі бүкіл әлемдік кеңістікте қамтиды, оған әлемдік мемлекеттер 
қауымдастығы, халықаралық ұйымдар қатысады. Бұл жерде саясат мемлекет аралық қарым- 


қатынастарды реттеу арқылы әлемдік дау-жанжалдар мен қарама-қайшылықтарды реттеуші ролін 
атқарады. Саясаттың өңірлік идея бір-біріне географиялық тұрғыдан жақын орналасқан бірнеше 
мемлекеттерді қамтиды. Оған орталық Азия, Шығыс Еуропа өңірлерін мысалға келтірумізге 
болады. Саясаттану ұлттық деңгейі жеке мемлекеттің кеңістігімен шектеледі. АҚШ-та федерация 
деңгейінде жүргілетін саясат, Қазақстан Республика деңгейінде жүргізетін саясаты ұлттық саясат 
деп аталады. Саясаттың жергілікті деңгейін елдің әкімшлік аумақтық бірлігіне сәйкес анықтауға 
болады. Ол әр мемлекетте әртүрлі. Мысалы, Қазақстанда облыс, қала, аудан, село дегенді білдіреді. 
Процестің әрбір кеңістігінде арнайы институттар, қатынастар, дау жанжалдарды теңдендіру мен 
тартыстарды реттеу қалыптастырады. Зерттеуші Рексфорд мемлекеттік саясатты қалыптастыруға 
қатысу дәрежелеріне қарай саясат дәрежелерін микро саясат – саясаттың қосалқы жүйесі, макро 
саясат деп бөледі. 
Саясаттағы мақсаттар мен құралдар қатынасы мәселесі барлық кезеңдерде өзектілігін 
жоғалтпайды. Саясаткерлер өз мақсатына жету үшін қатал құралдарды жиі қолданады. Көптеген 
саясаткерлер Н. Макиавеллидің «Мақсат барлық құралдарды ақтайды» пікірін басшылыққа алады. 
Демократиялық қоғамдағы саясаттың негізгі мақсаттарына жатады: қоғам мүшелері мүдделерінің 
жалпылама және жеке қажеттіліктерін келісіммен жүзеге асыру; қоғамдағы құқықтық тәртіпті 
қолдау және қақтығыстарды реттеу; қоғамдық істерді басқару; қоғам мүшелерін қорғау. Саяси 
мақсаттарға жету үшін ерекше құралдар, әдістер, тәсілдер, ресурстар қолданылады. Саясаттағы 
құралдар ретінде заңнамалық құжаттар, сайлау, қоғамдық пікірлер, әскери көтерілістер, бұқаралық 
қуғындаулар, қарулы күштер, қаржы, идеология, демагогия, параға сатып алу, бопсалау 
пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет