1. Билік ұғымы туралы түсінік саяттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік
теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін
түсініп - білуге көмектеседі. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін
күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның
басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшын философы,
қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық
ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген. Американың әйгілі әлеуметтанушысы
Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік
те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған. Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін
жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Бірақ биліктің толық мағынасы
мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Билік туралы ғалымдар арасында мынандай
анықтамалар мен тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік,
структуралистік, конфликтілік.
1.
Бихевиористік анықтама. Бұл анықтама бойынша билік адамдардың мінез-құлқына
әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі болып табылады.
2.
Телеогиялық анықтама. Телеогиялық (грекше teleos – мақсат, logos – түсінік, ілім). Ол
бойынша, билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге, қорытындыға жету.
3.
Инструменталистік билік анықтамасы бойынша билік белгілі шаралар қолдану
құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.
4.
Структуралистік (құрылымдық) билік анықтамасы бойынша: билік басқарушы мен
бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол
біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.
Конфликтілік билік анықтамасы бойынша билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді
реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің кұралы деп түсіндіреді.
Американ саясаттанушысы Гарольд Дуайт Лассуэлл (1902 -1978) мен Мартон Каплан (1921-
1991) «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға мүмкіндігі ретінде
сипаттайды. Билік өздігінен пайда болмайды. Билік үшін бір негіз болу керек.
Жалпы саяси
Достарыңызбен бөлісу: