Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Келесі саяси тәртіп түрі исламдық тәртіп



Pdf көрінісі
бет39/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Келесі саяси тәртіп түрі исламдық тәртіп. Ислам діні саяси күш ретінде солтүстік Африка, 
Азиялық кейбір елдерге және Таяу Шығыстың саяси жүйелеріне өз ықпалын тигізді. Сауд 
Арабиясы 1932 жылы таза Ислам мемлекеті ретінде құрылған алғашқы ел еді. 1979 жылы 


Ирандағы революция А. Хомейни басшылық еткен Ислам республикасының құрылуына 
әкелді. Мұндай жолды Судан, Пәкістан да таңдап алды. Ливияда Исламға негізделген ерекше 
мемлекетті Муаммар Каддафи құрды. Исламның фундаменталистік нұсқасы әдетте Иранмен 
байланысты. Бұл елде шіркеу иерархиясының он бес тұлғаларын біріктірген Ислам 
революциялық кеңесін Сейид Рухолла Мусави Хомейни өмірінің соңына дейін басқарды. 1989 
ж. М. Хомейнидің қазасынан кейін ісін жалғастырушы Али Акбар Хашеми Рафсанджани елде 
шариғат заңын орнатты. Шариғат бүгінгі күнге дейін құқықтық және моральдік кодекс болып 
қалып отыр. Исламның саяси плюрализммен үйлесетіндігінің дәлелі Малайзия болып 
табылады. Бұл елде Ислам ресми мемлекеттік дін және мемлекеттегі жоғарғы билік иелері 
діни ұйымдардың басшысы болып табылады. Сонымен қатар Малайзияда көппартиялық жүйе 
аясында саяси бәсекелестік сақталған. Алайда 1988 жылдары бұл жүйеде авторитарлық 
режимге тән үдерістер байқалды.
Соңғы режимнің бір түрі әскери тәртіптер. Саяси жүйелердің көпшілігі саяси 
экономикалық, мәдени және идеологиялық жайттар қандай да бір біріккен ықпал қалыптасса, 
әлемде таза әскери күшке мәжбүрлеу мен қуғын сүргінге сүйенген әскери режимдер де 
сақталып отыр. Оларды, негізінен, авторитарлық режимдер қатарына жатқызады. Әскери 
үлгідегі авторитаризм Латын Америкасы, Таяу Шығыс, Африка мен Оңтүстік Шығыс Азия 
елдерінің арасында кең таралған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әскери диктатура 
Испания, Португалия және Грек елдерінде де орын алды. Әдетте әскери режимде билік әскери 
қолбасшылық иерархиясында беделді санатқа ие әскерилердің қолында болады. Мұндай 
режимдер конституциялық мекемелер мен оппозиция көзқарасын жеткізетін демократиялық 
институттар жұмысын тоқтатады немесе шектетіледі. Әскери басқарудың барлық формалары 
репрессивті құралдарға жүгінгенімен, олардың арасында да өзіндік айырмашылықтар болады. 
Әскердің үкіметті тікелей бақылауында ұстауы хунта деп аталады. Латын Америка елдерінің 
тарихы көрсеткендей, хунта әскери күштердің құрлық, теңіз және әуе күштерінің біріккен 
түрінде ұжымдық кеңесі билік ететін формасы.
2. Антидемократиялық саяси режим ұғымы, оның түрлері Антидемократиялық саяси 
режимдердің көпшілігі бір-біріне ұқсас келеді. Оған халық басқару процесіне қатыспайтын 
және оның еркімен санаспайтын режим түрлері жатады. Антидемократиялық саяси 
режимдерді тоталитарлық деп топтауға болады. 
Тоталитарлық саяси режим қоғамдық өмірді ұзақ уақыт сақтап тұруға қабілетсіз. Сондықтан 
олардың күйреуі өз табиғатынан туындайды. Оның белгілері: 
1. Партия монополиясының өмір сүруі; 
2. Партияның өзінің демократиялық емес жолмен құрылуы; 
3. Идеологияның үстем болуы. Оны саяси басшы анықтап отырады;
4.Тоталитаризм қоғам өміріне араласуда монополиялық бақылау негізінде құрылады; 
5. Террористік полицияның бақылауы; 
6. Адамдар саяси процестен толық аластатылады; 
7. Билік барлық деңгейде бір орталыққа, жеке адамның немесе топтың қолына жиналады; 
8. Халық арасында бір түрлі ой және бір ауыздан бақылау басым болып келеді, қарсы пікірге 
жол берілмейді; 
9. Билік және билеуші аппарат барлық деңгейде жасырын түрде бюрократиялық 
номенклатурамен анықталып, сайланып отырады; 
10. Демократиялық құқықтар мен бостандықтарға жол берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет