Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет35/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір 
орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол 
берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары 
органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Олар Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Франция 
және т.б. жатады. 
Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік 
құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған 
кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік 
конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, 
атқарушы, сот органдары болды. Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Австралия, Австрия, 
Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малайазия, Нигерия, Ресей және т.б. жатады. 
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір 
мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді 
елдердің тұрақты одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген 
мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның мүшелері өздерінің 
мемлекеттік дербестіктерін сақтайды. Бірақ олардың алған шешімдері ол одаққа кірген 
мүшелердің бекітуінен өтуі тиіс. Конфедерация 1848 жылға дейін Швецарияда, 1778-1787 
жылдарда Солтүстік Америка штаттарында, 1815-1867 жылдары Германия т.б. кейбір 
мемлекеттерде болды. 
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда капиталистік сатыға өткен батыс өркениетін құраған 
Ұлыбритания, Франция, Германия т.б. елдер 3 ғасырдан астам уақыт коммунизм құрамыз 
демей-ақ, капиталистік құрылыстың өзінде-ақ өмір сүре отырып адамға қажетті 
игіліктердің бәрін жасады. Олардың, құқықтық мемлекеттің арқасында, "социалистік" 
қоғам құрмай-ақ молшылыққа кенеліп отырған жайы бар. 
Бүгінде мемлекеттің сан-алуан түрлері өмірге келгені белгілі. Жалпы мемлекеттер, 
басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына қарай да 
әртүрлі болады. Қазіргі өркениетті елдердің көбі азаматтық қоғам арқылы құқықтық 
мемлекет дәрежесіне жеткен жайлары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет