азаматтарына қос азаматтықты иеленуге тыйым салады. Мыс, қос азаматтықты алуға
әлемнің 51 елінде, соның ішінде Қазақстанда шектеу қойылған. Ал әлемнің 86 мемлекетінде
қос азаматтығын алу рұқсат етілгген.
3. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет. Азаматтық қоғам дегеніміз -
мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың,
ұжымдардың, экономикалық, мәдени, рухани-
адамгершілік, ұлттық, діни белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол -
қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары
дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік,
экономикалық саяси мәдени және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет. Азаматтық
қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, корпорациялар,
бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық және басқа
бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы,
салттары
кіреді. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін
еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет
тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады.
А.Қ. идеясы өте ерте замандарда пайда болған. Бұл турасында Аристотельдің өзі
нәтижелі пікірлерін айтып отырған. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс
қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың
жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік
жасайды.
Азаматтық қоғам термині ең алғаш рет 1594 жылы Англияда қолданылған көрінеді.
Ол латынның civis,
азамат (гражданин) деген сөзінен сivitas қоғам-общество деген ұғыммен
ұласады. Ал шын мәнінде ол ХҮІІ ғасырда Шотландияда және XIX ғасырда Германияда
жүзеге асты.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т. Гоббс, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо,Т.
Пейн және т. б. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен
немістің атақты фәлсафашысы - Гегель.
Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен
тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды,
институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық
кұқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Гегельдің айтуынша: азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және экономикалық
қажеттіліктен
туындаған, жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге
асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік-
экономикалық өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, өндіріс
орындарының,
кооперативтердің,
қайырымдылық
ұйымдардың
мәдени,
діни
бірлестіктерінің мүдделері бойынша біріккен клубтардың жергілікті өзін-өзі басқаратын
органдардың т.б. сол сияқтылардың жиынтығы ретінде көрінеді. Олардың басты белгісі ол
ұйымдардың мүшелерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі ұйымдар құрамына ерікті түрде кіре
алатындығы болып табылады.
Азаматтық қоғамның экономикалық негізін жеке меншік иелерінің дербестігі мен
меншік түрінің түрлі формасының әртүрлігі құрайды. Азаматтық қоғам, мемлекет пен жеке
тұлғалар арасында дәнекерші рөлін атқарады. Ол жеке тұлғаны мемлекеттен қорғайды,
адам құқығының сақталуын қамтамасыз етеді, мемлекеттің қызметіне бақылау қояды.
Сондай-ақ азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің тұрақтылығы мен беріктігінің кепілі де
бола алады. Адамзат қоғамының дамуында белгілі бір кезеңді ғана қамтитын бұл қоғам
белгілі бір уақыттан соң ғылыми-техникалық қоғамға ауысады.
Ал
құқықтық мемлекетке келсек, ол өз негізін осы азаматтық қоғамда
қалыптастырады да сол ортадан өсіп жетіледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы
басты принцип товарлы өндірісте жеке меншіктілік пен нарықтық қатынастардың болуы.
Алғаш рет құқықтық мемлекет термині (немісше rechfstaat) XIX ғасырда неміс заңгерлері
К.Т. Велькер мен фон Р. Молянның еңбектерінде берілді. Кейінірек XX ғасырдың соңғы
ширегінде әлемнің көптеген елдерінде жаңа, ерекше белгілері бар мемлекеттер қалыптаса
бастады. Осы ерекше белгілер құқықтық мемлекеттің сипатын құрады. Құқықтық мемлекет
деген атаудағы "құқық" деген сөздің алғашқы болып тұруында да өзіндік мән бар. Ол
қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құқық жоғары орында түру
керек дегенге мегзейді. Бұл заңның үстемдігі әрбір құқықты мемлекеттің бұлжымайтын
принципі болуы тиіс. Яғни құқық әрбір елдің негізгі заңы - Конституциясында бекітіліп,
басқа да зандары мен жарлықтарына нұсқа болуы қажет. Ал, Ата заңның баптарындағы
нұсқаулардың мүлтіксіз орындалуын құқықты мемлекеттің бүкіл сот жүйесі қадағалайтын
болады. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықты мемлекет те болмайды. Тіпті ежелгі дүние
адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның үстемдігі арқылы
ғана бостандыққа жетуге
болады деп топшылаған екен. Сол заманның атақты философы Цицерон: "Бұл заңның құлы
болғанда ғана еркін бола аламыз" - деп дәл айтқан көрінеді. Құқықтық-мемлекеттің адамға
берген сыйлығы емес, олай деп түсіну мүлде қате. Құқық адамның табиғатымен бірге туған.
Бұл туралы американың тәуелсіздігі декларациясына енген өзінің тамаша сөзінде Томас
Джефферсон құқықтық мемлекеттегі демократиялық үкіметтің іргетасын қалайтын негізгі
қағиданы атап көрсеткен еді. Онда демократиялық үкімет Джефферсон айтқандай
бостандықтың басты түрлерін халыққа сыйлай салмайды, үкімет әр адам туғаннан бастап
ие болуға тиісті бостандықты қорғау үшін ғана құрылады деген. Ал мемлекет құқықты тек
іске асыруға жағдай жасаушы ғана. 1948 жылғы халықаралық дәрежеде қабылданған "Адам
құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында: "Барлық адамдар жаратылысыда азат,
бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында ақыл, бойында
ар болғандықтан олар бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс". (1-бап) -деп
жарияланған. Осы тұжырымды айқындай келіп Декларацияның 3-бабы: "Әрбір адам өмір
сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы", - деп бүкіл әлем
халқынан қолдау тапқан.
Барлық адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың аталған
қағидалары Қазақстанның Ата заңында да толығымен өз бейнесін тапқан. Оның 1-бабында
"Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары" - деп жазылған.
Міне, Ата заңымызда көрсетілгендей тәуелсіздігі қолына енді ғана тиген, Қазақстан
Республикасы да батыс өркениетіндегі
мемлекеттер сияқты құқықтық, демократиялық
мемлекет құруға талпынуда.
Бұл жерде еркіндік, бостандық деген ұғымдарды шексіз (абсолюттік) деп түсінбеу
керек. Әрбір адам қоғамда өмір сүрген соң белгілі жағдайда сол қоғамдық ортаға тәуелді
болады. Оның да белгілі шегі, өлшемі бар, қоғам өмірінде бостандық өлшемі құқылық
формада көрінеді. Ал ол өлшем жұрттың бәріне бірдей болуы тиіс. Ал құқықтық мемлекет
адамдардың сол бостандығы мен теңдігін кісінің туа біткен қасиеттері деп жариялайды.
Мұндай мемлекет барлық құқылық жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқын
өктемдікпен жәбірлеушіліктен қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен
жарлықтары адамның құқығына сай келетін, оның ешбір
бұзылмайтын принциптеріне
бағынатын болуы керек. Сонымен, адам құқығының, оның ары мен адамгершілігінің,
абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғап, кепілдігін қамтамасыз ету
құқықты мемлекеттің негізгі басты принципі болады. Құқықты мемлекеттің тағы бір
ерекшелігі - ол оның билік жүргізуді бұйрықтар, жеке актілер арқылы емес, заң арқылы іске
асыратындығы. Ол зандар әділ болып, әділетті шаралармен заң арқылы іске асырылып
отырылуы керек. Осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Ол
принцип бойынша өкімет билігінің үш тармағы мемлекеттің заң шығару, атқару және сот
билігін жүргізу органдары құрылуы тиіс.
Ал енді өкіметтің осы үш тармағында басымдылыққа жету үшін таласты болдырмау
үшін солардың бәріне құқықты мемлекетте жоғары мәртебе беріледі. Ондай мәртебе заң
шығарушы
өкіметке
тиесілі.
Барлық
құқықты
мемлекеттерде
заңдардың
Конституциялығын қадағалап отыратын Конституциялық соттар құрылады.
Сөйтіп құқықтық мемлекет болуы үшін:
1.
Халықтың саяси тәуелсіздігі, мемлекеттің егемендігі.
2. Оның пайда болатын негізі яғни, алғышарты болып табылатын азаматтық қоғам,
атына сай жан-жақты жетілген болуы керек.
3. Барлық азаматтардың құқықтық теңдігі, мемлекет заңдарынан адам құқығының
жоғары тұруы қажет.
Мемлекеттер басқару түрі, өзіндік құрлысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да
ерекшеленеді. Ол "Қоғамның саяси жүйесі" деген тақырыпта қарастырылады.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Мемлекеттің пайда болуы туралы пікірлерден нені ұқтың?
2. Мемлекеттің саяси ұйымдардан айырмасы қандай?
3. Мемлекеттің белгілері мен қызметтері қандай?
4. Азаматтық қоғам дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: