Аманат партиясы
(2022 жыл) — Қазақстанның билік етуші ең ірі, әрі
доминантты саяси партиясы. Партияның төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов.
4. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың негізгі қызметтері, міндеттері. Қоғамдық
ұйымдар деп халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған
әлеуметтік мақсатқа жету үшін, ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек
көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігін айтады. Қоғамдық ұйымдар әр түрлі
болып келеді. Оған партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер,
шығармашылық (творчестволық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдық (ғылыми, ғылыми-
техникалық, мәдени ағарту, спорттық, қорғаныс және т. б.) жатады. Осы қоғамдық ұйымдар
арқылы миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғам өмірінде партиялардан басқа қоғамдық-саяси қозғалыстар да маңызды рөлге ие. Біздің
елімізде өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғында алғашқы қоғамдық қозғалыстар пайда бола
бастады. Республикадағы осы бұқаралық қозғалыстардың тарихына көз жүгіртсек олар 80-
жылдардың аяғында, әлеуметтік-ұлттық және топтық белгілері бойынша емес, қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты және саяси мүдделері негізінде құрыла
бастады. 1989 жылдың аяғы мен 1990 жылдары республикада 100-ге тарта ресми тіркеуден
өткен, өтпеген қоғамдық ұйымдар өмірге келді. Мысалы, саяси белсенділік орталығына
айналған Алматы қаласында 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарын ақтау жолында құрылған
«Желтоқсан» қоғамдық комитеті, Азаматтық «Бірлестік» қозғалысы, тарихи-ағартушылық
«Ақиқат» қоғамы, «Қазақ тілі» қоғамы, тәуелсіз "Бірлесу" кәсіподағы және т. б. пайда болды.
Осы жоғарыда аталған кезең аралығында республика халқы үшін өзекті мәселе болып
саналған - экологияны қорғау, тәуелсіздікке жету жолында, ядролық қаруға қарсы Олардың
қатарында ең танымалдары ретінде «Невада-Семей», «Арал-Балқаш», «Азат» қозғалыстары
саяси сахнаға шығып, маңызды мәселелер көтеріп, олардың шешілуіне септігін тигізді. 1989
жылы қазақ ұлтының тарихына, жеріне назар аударуына, ұлттық сананың өсуіне, желтоқсан
оқиғаларынан кейін бас көтеруіне әсер еткен Халықаралық экологиялық "Невада-Семей"
қоғамдық қозғалысының рөлі ерекше болды. Оған белгілі қоғам қайраткері ақын
О. Сүлейменов басшылық жасады. Бұл қозғалыстарда халық үлкен белсенділік көрсетті. Соның
арқасында бұл бұқаралық қозғалыс табысты нәтижеге жетті. «Азат» азаматтық қозғалысы
(1990), «Лад» славян қозғалысы (1993).
1990 жылғы көктемдегі КСРО халық депутаттарының шешімі, саяси бірлестіктердің ашық
түрде жұмыс істеуіне жол ашты. Онда КСРО Конституциясының 6-бабы-бірпартиялық кеңестік
жүйесін жою туралы шешім қабылданған еді. Сөйтіп 1994 жылдың аяғында Қазақстанда 500-ге
жуық әртүрлі қоғамдық бірлестіктер тіркеуден өтсе, 1998 жылы оның саны 1531-ге жетіп отыр.
Олардың ішінде біз әңгіме арқауы етіп отырған, жұртқа танымал болған қоғамдық (бұқаралық)
қозғалыстар да бар. Олардың заңды мемлекеттік тіркеуден өткендері 10-нан асады.
Қазіргі саясатта мемлекеттік билікке әсер ететіндей ықпалды ұйымдасқан қоғамдық
қозғалыстар, мүдделес топтар әрекеті, мемлекеттік емес және саяси партияға жатпайтын
бірлестіктердің көбею мүмкіншіліктері байқалып отыр. Оған дәлел, үстіміздегі жылдың тамыз
айының аяғындағы Алматыда құрылған "Әділ сайлау жолында" қоғамдық қозғалысы (тең
төрағалары Д. Көшімов, С. Жабанов т. б.) мен қыркүйек айының басында ұйымдасқан (төрағасы
Ж. Базылбаев) "Денсаулық сақтау, білім беру және өнеркәсіп қызметкерлерін әлеуметтік-
құқықтық қорғау жөніндегі қозғалыстардың" өмірге келуі. Соңғы қозғалыс мүшелерінің
өздерінің құрылтай конференциясында жасаған баяндамасында Қазақстан Республикасының
Конституциясын қайта қарауға талпыныс жасағандары да байқалып қалған көрінеді.
Осы қоғамдық қозғалыстардың кейбіреулері өздеріне тән, яғни әлеуметтік құрамы мен
мақсат мүдделерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ең бастысы ұйымшылдығы, үкімет
құрылымдарымен, олардың өкілдерімен белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін қорғау
барысындағы, арадағы қарым-қатынастарының принципті берік болуымен көрінеді. Мысалы,
бұл қатарға Зейнеткерлерді әлеуметтік қорғайтын "Поколения" қозғалысын, "Лад"
республикалық қоғамдық славян қозғалысын, "Өрлеу" қозғалысын, Жұмысшы қозғалысын
және тағы басқаларды жатқызуға болады. Сондай-ақ бұл әңгіме етіп отырған әр түрлі қоғамдық
бірлестіктер арасында, саясаттан тысқары тұратын (яғни саясиланбаған) да қоғамдық
қозғалыстар болуы мүмкін және бар да. Оларға Автомобиль жүргізушілер қоғамы,
Шахматшылар клубы мүшелері, Табиғатты қорғайтын экологиялық, Тарихи ескерткіштерді
қорғайтын ұйымдар да жатады.
Қоғамдық-саяси ұйымдар азаматтардың өз мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда
болады. Қазақстанда бұндай ұйымдардың құрылуына жол ашқан 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғаларынан кейінгі демократиялық үрдістер болатын. 1987-1991 жылдар аралығында ғана
Қазақстанда 140 астам өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйымдар пайда болды, олардың 23-нің
тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары болды. Ең алғашқы құрылған ұйымдардың қатарына
“Азат”, “Азамат”, “Бірлік”, “Әділет”, “Мемориал”, “Желтоқсан” және т.б. жатады. Сол
уақыттағы қоғамдық ұйымдардың 25 пайызы жастардан тұрды. 1989 жылы тарихи-
ағартушылық “Әділет” қоғамы құрылды. “Әділет” қоғамы сталиндік зұлымдықтар, 1920-1930
жылдардағы аштық туралы тарихи шындықты қалпына келтіруді, тоталитарлық тәртіптің
құрбандарын еске алуды, олардың толық ақталуына жәрдемдесуді, өмірбаяндық дәйектерді
анықтауды, ақталғандар мен олардың отбасы мүшелерінің мүдделерін мемлекеттік және
қоғамдық ұйымдарда қорғауды мақсат етті. “Әділет” қоғамы Ахмет Байтұрсыновтың,
Міржақып Дулатовтың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан
Жұмабаевтың т.б. да көптеген қазақ зиялыларының әдеби мұралары мен қоғамдық-саяси
қызметтерін зерттеуде республикалық комиссияға көмектесіп, қазақ мәдениетінің осы бір аса
көрнекті өкілдерінің рухани қазынасын халыққа қайтару ісіне үлестерін қосты. 1991 жылдың
қараша айында «Әділет» қоғамы «1917 жылдан кейінгі Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты»
тақырыбы бойынша өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ұйытқысы
болды. Ең ірі республикалық қоғамдық ұйымның бірі – «Қазақ тілі». Оның мақсаты қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде дамыту, қазақ тілі туралы Заңды іске асыруға демеуші болу. Бұл
ұйымның құрама съезі 1989 жылғы 20-21 желтоқсанда өтті. Съезге 500 делегат және 300
шақырылған азаматтар қатысты. Бүгінгі күні бұл ұйымның қатарында мыңдаған Қазақстан
азаматтары мүше. Ұйымның белсенді іскерлік дәрежеде атқарып жүрген қызметі баршаға
әйгілі. 1989 жылы «Адам құқығын қорғау» Қазақстандық қоғамдық ұйымы пайда болды. Оның
мақсаты «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы» принциптерін Қазақстанда іске
асыру. 1990 жылы «Қазақстан сәуірі» («Казахстанский апрель») деген қоғамдық ұйым пайда
болды. Оның мақсаты – қайта құру саясаты бағдарламасына қолдаушылық көрсету болды. 1986
жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Қайрат Рысқұлбековтың рухына қазақ жастары
1989 жылы «Қайрат» деген қоғамдық ұйымын арнады. Сол жылдары Қазақстанда ұлт
мәселелерінің толық шешілмеуіне байланысты Жаңа Өзенде “Бірлік”, Ақтауда «Парасат» және
тағы басқа ұйымдар құрылды. Еліміздегі демократиялық процестердің дамуына байланысты
қоғамдық ұйымдардың саны да көбейді. 1991 жылдан бастап бұқаралық ұйымдардың ішінде
әлеуметтік талаптар қойылуымен көзге түскендері: “Атамекен”, “Алтын бесік”, “Жерұйық”,
“Шаңырақ” болса, қоғамдағы саяси белсенділігімен танылғандар: “Ақиқат”, “Лад”, “Единство”
және т.б. болды. Сонымен қатар Қазақстанда ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және басқа
да қоғамдық ұйымдары қызмет атақарды. Қамтитын аумағы бойынша қоғамдық ұйымдар -
жергілікті, аймақтық, ұлттық, жалпымемлекеттік, халықаралық көлемде бірігуі мүмкін.
Осындай қоғамдық-саяси ұйымдар арқылы миллиондаған адам өзін-өзі басқаруға белсенді
қатысып, саяси өмір мектебінен өтеді. Қазақстанда жалпы республика деңгейінде бірігіп
отырған ұйымдардың бірі – Қазақстан Халқы Ассамблеясы. Бұл қоғамдық-саяси ұйым 1995
жылы 1 наурызда құрылып бүгінгі күнде тек елімізге ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танымал
болған бірлестік. Қазақстан Халқы Ассамблеясы елімізді мекендейтін 100 астам ұлт пен ұлыс
өкілдерінің мүддесін қорғайтын ұлттық мәдени орталықтарының жиынтығы. Бүгінгі күні
Қазақстанда Ассамблея құрамында 24 республикалық, аймақтық, 470 облыстық, қалалық және
аудандық ұлттық-мәдени орталықтары ел бірлігін сақтау, халықтар достығын нығайту жолында
белсенді қызмет етуде. Еліміздің бұл үлкен құрылтайы мемлекеттегі саяси тұрақтылықтың,
халықтар арасындағы ынтымақ-бірліктің, ұлтаралық татулықтың мызғымас діңгегі болып отыр.
Бүкіл әлемдік халықаралық ұйымдар Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарды нығайтудағы
біздің Ассамблея тәжірибесін зерделей келіп, өз елдерінде осындай бірлестіктер құруға
ұмтылуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан 2002 жылы
Астанаға келген сапарында: “Қазақстан халықтары Ассамблеясы ел ішіндегі жанжалдың алдын
алатын көшбасшысы” – деп атап өтті. Сонымен, «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
саласының жедел дамуының сыры неде?» - дегенде, ең алдымен тұрақтылық пен татулықты
алдымен ауызға алатынымыз сөзсіз. Ал олардың сақталып, орнығуына Ассамблеяның қосқан
үлесі мол. Қазақстан Халқы Ассамблеясы 2007 жылдан бастап Мәжілістен 9 депутаттық орын
алуға құқылы болды. Қоғамдық қозғалыстар да қоғамдық саяси ұйымдар сияқты азаматтардың
өз мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық қозғалыс деп – белгілі
бір әлеуметтік жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға
бағытталған қоғамдық күштерді айтады. Көп қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.
Тарихта қоғамдық қозғалыстардың ішіндегі кең тарағаны – «Халық майдандары». Оларға
жалпы қоғамға қатысы бар, барлық халықтың немесе көпшілігінің мүддесін қамтитын
мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпы демократиялық
принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Мысалы, ұлт-азаттық күрес кезеңінде
(ХХ ғасырдың 60-шы жылдарындағы Африка, Азия елдері), қоғамда саяси режимнің
құбылмалы жағдайға ұшырауы тұсында саяси билікті қолға алу үшін (КСРО-дағы қайта құру
кезеңінде) құрылды. Әсіресе көп жағдайда халық майдандары қозғалысы екінші дүниежүзілік
соғыста фашизмге қарсы күресте интернационалдық негізде Франция, Испания және т.б.
елдерде қалыптасты. ХХ ғасырдың 80-90–шы жылдарындағы Қазақстандағы демократиялық
процестер әр түрлі қоғамдық қозғалыстардың пайда болуына жол ашты. Біздің еліміздегі
алғашқы және неғұрлым бұқаралық қозғалыстардың бірі – «Невада – Семей» экологиялық
қозғалысы болды. 1989 жылдың көктемінде ақын О. Сүлейменовтың ұсынысы бойынша
құрылған бұл қозғалыстың түпкі мақсаты - Қазақстан территориясында орналасқан Семей және
басқа полигондарды жабу болатын. «Невада-Семей» мемлекеттік құпиялықтың пердесін
ашуды, тұрғындардың шеккен азаптарының орнын толтыруды талап етті. Осы мақсатпен
қозғалыс белсенділері пикеттер, демонстрациялар, халықаралық және республикалық ғылыми
конференциялар ұйымдастырды. Нәтижесінде бұл қозғалыстың халқымызға әкелген пайдасы
баршаға әйгілі. Келесі қоғамдық қозғалыс Арал теңізі аумағымен байланысты құрылды. Мұхтар
Шахановтың ұсынысымен Арал төңірегіндегі халықтарға көмек беру үшін Арал мен Балқаш
проблемалары бойынша Комитет құрылды. Дүниежүзілік жұртшылықтың және КСРО
үкіметінің назарын Арал теңізінің экологиялық апатына аудару үшін бұл Комитет көп
жұмыстар істеді. Осыған ұқсас еліміздің көптеген қалаларында: Өскеменде, Алматыда алғашқы
аймақтық экологиялық тазалық үшін күресетін қозғалыстар құрылды. Қазірде назарға онша
іліге бермей тасада қалып мән берілмей жүрген, кейін қатары өсіп кең етек алған жағдай-да,
саясатқа міндетті түрде ықпал ететін қабілетке ие болатын, діни сипаттағы астарында қауіпті
саяси мазмұн жатқан, стихиялық топтар мен кейбір ықпалды басшылардың рулық құрылыстан
бері келе жатқан, кезінде қандас туыс адамдардың тек бірлесіп өмір сүруі үшін ғана қажетті рөл
атқарған, бертін келе ұлттық дәстүр ғана болып қалған туысқандық қатынастарының белгісі
болған "рушылдықты" бұрмалаушылардың әрекеттері еленбей келеді. Оларға қатерлі бағытқа
ұмтылған діни бірлестік "Ваххабиттер" мен қазақтың рухани өмірінің асыл қасиеттерін саяси
мақсаттарға пайдаланушы рушылдыққа салынып, оған жаңа мазмұн беруші - "Трайбалистерді"
жатқызуға болады. Бұлар қоғамның ірге тасын шайқалтып, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан
келтіретін қатер төңдіруі ықтимал.
Сонымен саяси қозғалыс деп, өкімет билігін алу жолында күрес арқылы қазіргі
жағдайларды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып оны нығайтуға тырысқан
қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың
айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни
ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. Көбінесе саяси партиялардың бастауы осы
қоғамдық қозғалыстардың негізінде өмірге келіп жатады. Оған мына мысалды айтуға болады.
Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:
1) экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға енетіндер: «Невада-Семей»
қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті,
«Табиғат» комитеті және т.б.;
2) ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат» азаматтық
қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община»,
«Единство», қоғамдық бірлестігі, республикадағы қазақтар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс
және т.б. мәдениет орталықтары, «Қазақ тілі» қоғамы;
3) тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал», «Әділет», «Ақиқат» және т.с.с;
4) әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтын бесік», «Жерұйық», «Шаңырақ»
және т.б.
Қорытындылай келе, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың әрқайсысының өз
ерекшеліктері болуына қарамастан азаматтардың мүдделерін іске асыру құралы болып
табылады, әрбір әлеуметтік топтардың тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында олардың
өкілі, қорғаны міндетін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |