Инклюзивті білім беру мәселесі бойынша зерттеулерді талдау, төмендегі бірқатар принциптерді атап өтуге мүмкіндік береді:
- барлық оқушылар мен педагогтардың қоғам үшін теңдей құндылығын мойындау немесе тану;
- оқушылардың жергілікті мектептердің мәдени өміріне қатысу дәрежесін арттыру және бірқатар оқушылардың жалпы мектеп өмірінен оқшаулану деңгейін төмендету;
- мұндай мектепте жұмыс әдістемесін мектеппен жақын тұратын барлық оқушылардың алуан түрлі қажеттіліктеріне толығымен жауап беретіндей қайта құрылымдау;
- барлық оқушыларға мектеп өміріне толыққанды қатысуға және білімді меңгеру жолындағы кедергілерді жою;
- жекеленген оқушылар үшін мектептің қолжетімділігін жақсарту және кедергілерді жоюға ұмтылысты талдау және зерттеу, мектептің барлық оқушыларының әл-ауқатына бағытталған реформалар мен өзгерістерді жүргізу;
- оқушылардың арасындағы айырмашылықтар – бұл педагогикалық үдеріске ықпал ететін ресурстар, олар – жеңуге қажетті кедергілер емес;
- тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан мектепте білім алуға оқушылардың құқығын мойындау;
- оқушылар мен педагогтар үшін мектептегі жағдайды жақсарту;
- оқушылардың академиялық көрсеткіштері және қоғамдық құндылықтардың дамуы бойынша мектептің рөлін мойындау;
- мектептер мен жергілікті қауымдастықтар арасындағы қолдау мен ынтымақтастық қатынастарды дамыту; инклюзивті білім беруді қоғамдағы теңдіктің бір аспектісі ретінде мойындау (6).
ЮНЕСКО инклюзивті білім беруді төмендегідей тұрғыда түсіндіреді:
- мектеп жасындағы барлық балалардың толыққанды білім беру кеңістігіне белсенді қатысуы;
- сапалы мектептік білім алудағы барлық балалардың тең мүмкіндіктері;
- ерекшеліктеріне қарамастан барлық балалардың бірге оқу мүмкіндігі;
- барлық балалардың бірге өмір сүруге үйрену мүмкіндігі;
- инклюзивті қоғамды және оның әл-ауқатын дамытудың негізі.
ЮНЕСКО-ның әдістемелік материалдарында көрсетілген инклюзивті білім беру туралы ұғымға мынадай анықтама берген: «Инклюзивті білім беру дегеніміз – барлық балалар дене, психикалық, зерде, мәдени- этникалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне қосылып, тұрғылықты көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастыру. Бұл жағдайда мектептер білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларына қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырады».
Ал, Саламанка Декларациясыныңқұжаттарында:«Бұл жалпы білім беру мекемесі жағдайында білім беру қызметінің жүйесі, тұрғылықты мекен-жайы бойынша балалардың білім алуға және оқуға толық құқығы бар ұстанымы негіздемесінде жүзеге асады», – делінген.(Саламанка, Испания 1994 жыл)
«Инклюзив» терминінің анықтамасына отандық ғалымдардың еңбектерінде де, шетелдік ғалымдар еңбектерінде де түрлі қырынан қарайтынын көруге болады.Зерттеу барысында 28 ғылыми анықтама жіктеле отырып қарастырылды. Олардың ішіндегі ең танымал бағыттарды қамтып көрсететін бірнешеуін төмендегі кестелерден көруге болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халқына Жолдауында білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып танылады.
Инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалардың өздерінің дені сау құрдастарымен бірге оқып, білім алуына жағдай жасау деп түсіндіріледі. Кіріктірудің жаңа формасы шетелде алғаш рет ХХ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды. ХХ ғасырдағы технологиялық революция мен 70 жылдардағы демократиялық реформалар педагогикада гуманистік идеялар мен инновациялық технологиялардың, оның ішінде білім берудің интербелсенді және экологиялық жолдарының теориясы мен практикасының жүзеге асырылып, енуіне ықпал етті.
2.Модель объектіні біртұтас құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Модель – бұл «... зерттеу объектісін бейнелеп немесе жарыққа шығара отырып оны меңгеру бізге осы объект туралы жаңа ақпарат алатындай етіп түсінудің орнын алмастыруға септігін тигізетін ойша ұғындырылатын немесе материалды жүзеге асырылатын жүйе» [183, б.10]. Үлгінің көмегімен объектінің құрылымдық бөліктерінің өзгерістерін алдын ала болжауға болады. Сөйтіп, үлгі бастауыш сынып мұғалімдерді дайындау үдерісін көз алдымызға айқын елестетуге септігін тигізеді.
Модельдің мақсаты – инклюзивті білім беру жағдайында ақпараттық- коммуникациялық технологияларын қолдануға даярлау үдерісін жүзеге асыруға теориялық негізді құрастыру.
Болашақ педагогті кәсіби даярлауда үлгілеудің әртүрлі тәсілдері бар (Н.В.Кузьмина, М.И.Дьяченко, Л.А.Кандыбович). Біз солардың ішінен екі компоненті: құрылымдық (үдерістің мазмұны, мақсаты мен нәтижесі) және функционалды(ұстанымдар, кезеңдер, критерийлер, деңгейлер т.б.) біріктірілген үлгіні таңдап алдық.
Модельдің мазмұнында инклюзивті білім беру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерді ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға дайындау үдерісі үшін барынша тиімді болып табылатын тәсілдер көрініс тапты. Бастауыш сынып мұғалімдерді кәсіби іс-әрекетте оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдануға дайындау үдерісіне оң ықпал ететін тәсілдің бірі – құзіреттілік тұғыр.
Кіріктірілген үдерісте скандинавиялық елдердің көтерген «қалыптандыру» концепциялары – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты әлеуметтік саясаттың бекітілген заңды қадамы кілттік рөлді ойнады. Оның негізінде халықаралық құқықтық актілерге сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік өмірін қалыптандыру туралы идеясы жатыр. Қалыптандыру аспектілерінің құрамдас бөліктерінің бірі – кіріктірілген (инклюзивті) білім беру болды.
Еуропа, АҚШ, Жапония секілді экономикалық, технологиялық және ақпараттық мүмкіндіктері дамыған елдер жалпы білім беру жүйесінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін арнайы білім беру ортасын құруға мүмкіндік берді, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді етіп, әлеуметтік өмірдегі шектеулерді барынша қысқартты.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту қағидасы ХХ ғасырдан бері бірнеше өзгеріске ұшырады. Дүниежүзілік тәжірибеде концепцияның өзгеріске ұшырауының 3 кезеңін белгілеп көрсетуге болады:
ХХ ғасырдың басы – 60 жылдардың ортасы – «медициналық модель» - сегрегация.
60 жылдардың ортасы – 80 жылдардың ортасы – «қалыптандыру моделі» - интеграция.
80 жылдардың ортасы – қазіргі уақыт – «әлеуметтік модель» - инклюзия.
«Медициналық модель» – сегрегация мүмкіндігі шектеулі балаларға ауру ретінде қарады; ондай жандарға медициналық көмек пен күтім керек және оларды арнайы орындарға жатқызу керек деп саналды.
Отандық авторлар
|
Инклюзивті білім туралы берген анықтамасы
|
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді
дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
|
Инклюзивті білім беру – баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың
әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.
|
Сүлейменова Р.А.
|
Денсаулық жағдайына, әлеуметтік, этникалық және экономикалық жағдайына қарамастан, барлық балаларды ақысыз оқу үдерісіне қосуды көздейтін білім беру үдерісінің құраушысы.
|
Мовкебаева З. А.
|
Жалпы білім берудің қолжетімділігін және барлық балалардың, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың әртүрлі білім алу қажеттіліктеріне бейімделуін білдіретін жалпы білім берудің даму үдерісі.
|
Оралканова И. А.
|
Балалардың әртүрлі білім алу қажеттіліктерін түсіну және білім беру үдерісіне толығырақ қатысу, жұртшылықты тарту және білім берудегі бөлектеу мен кемсітуді жою арқылы осы қажеттіліктеріне сай қызметтер көрсету.
|
Рсалдинова А. К.
|
Білім беру, әлеуметтік, түзету-дамыту қызметтерінің сапасына кепілдік бере отырып, білім беру ұйымдарының барлық түрлерінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін арнайы білім беру жағдайларын жасауға және оған қолжетімділікті
қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясаты.
|
Байтурсынова А.А.
|
Инклюзивті білім беру – бұл барлық білім беру ұйымдарында арнайы білім беруге жағдай жасау үшін, ондағы кедергілерді жою арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру үдерісіне ендіруді
қамтамасыз ететін мемлекеттік саясат.
|
Құлсариева А.Т.
|
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді кәдімгі білім беру ұйымдарының білім беру үдерісіне белсенді түрде қосу, және барлық санаттағы балалардың білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беру
жүйесі мен оқу-тәрбиеүдерісін қайта құру.
|
Бақылау сұрақтары:
1.Инклюзивті білім берудің критерийлерімен көрсеткіштерін, компоненттерін қандай білесіз?
2.Инклюзивті білім берудің субьектісі: педагогтар, ата-аналар, оқушылар, БАҚ өкілдері, басқару органдары, қоғамдық және т.б. инклюзивті үрдістегі толеранттық субьектілері туралы?
3.Инклюзивті білім беруді қалыптастырудағы мәліметтер жүйесі туралы не білесіз?
4.Инклюзивті білім беру режимінде жұмыс істейтін мамандарды даярлау туралы ?
5.Инклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық жағдайлар туралы айтыңыз?
Әдебиеттер:
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж.
Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Айтбаева А.Б., Байтурсынова А.А. Основы инклюзивного образования (учебное пособие). - Алматы: L-Pride, 2013. – 280 с.
Z.A.Movkebayeva, A.T. Iskakova, Inclusive Education, Almaty, 2016. – 200 с.
Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқулары бар балалар: Оқулық құрал. – Қарағанды, 2005– 380 б.
Г. Қасымова «Танымдық іс-әрекетті түзету». Көмекші мектепке арналған байқау бағдарламасы. – Алматы, 2004. – 180 б.
«Инклюзивті білім беру – толеранттылық қоғамның бастауы»республикалық ғылыми лекторий баяндамалар тезистері кірген жинағы – Астана, Еуразия гуманитарлық институты, 25 қазан 2017 ж. – 71 б.
Достарыңызбен бөлісу: |