Дәріс 1 Арт-терапия: девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудағы әлеуметтік педагогикалық әдістер
Жоспары:
Арт-терапия ұғымы. Арт-терапия түрлері.
Арт-терапия қолданылу жолдары.
«Терапия» – латын тілінен аударғанда емдеу деген ұғымды білдіреді. Психотерапия - бұл адамның психикасына ықпал етуші іс-шаралар жүйесі, психологиялық көрсету формасы, сондай-ақ сәйкес проблемаларды зерттейтін дәрігерлік және практикалық психологияның саласы.
"Психотерапия" ұғымының көптеген анықтамалары бар. Бұл көптеген Неміс ғалымы әрі музыканты Атаназиус Кирхердің пікірі бойынша: «музыканың психотерапевтік мүмкіндіктері музыка мен денедегі физиологиялық үдерістердің қозғалысындағы салалар арасындағы делдалдығында көрінеді. Музыка соңғысын алғашқысымен сәйкестендіре отырып, сауықтырушы ықпал етеді».
ХІХ ғасырдың басында француз дәрігер-психиатры Жан Этьен Доминик Эскирольдің музыка терапиясын психиатриялық мекемеге енгізе бастағаны белгілі. Музыканың медицинада қолдануы эмпирикалық сипатқа ие.
XVII ғасырда адам ағзасына музыканың ықпал ету механизмін ғылыми тұрғыдан тұжырымдауға жасалған алғашқы талпыныстар жасалынды, ал ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басында эксперименталды зерттеулер жүргізіле басталды. Ғалымдар физиологиялық базисті эмпирикалық фактілерге келтіруге талпынды.
Ресейде музыка мен медицинаның өзара байланысы мәселесіне қызығушылық туындады. 1913 жылы Ресейде В.М. Бехтеревтің бастамасымен музыка-терапевтік әсерлерді зерттеу комитетінің негізі қаланды, оған бірқатар танымал дәрігерлер мен музыка әлемінің өкілдері кірді. С.С. Корсаковтың [59, 42б.], В.М. Бехтеревтің [59, 44б.], И.М. Догельдің [59, 44б.], И.М. Сеченовтың [59, 44б.], И.Р. Тархановтың [59, 45б.] және т.б. жүргізген арнайы зерттеулері музыканың адам ағзасының әр түрлі жүйелеріне жағымды ықпалын анықтады: жүрек-қан тамыр, қозғалыс, тыныс алу, орталық жүйке. Жағымсыз эмоциялардың (бірінші кезекте қорқыныш) бас миы қабығының қызметтерін бұғаттау туралы тұжырымдар маңызға ие болды, ол қоршаған ортадағы адамды бағдарлауды жоғалтуға әкеледі және оның ажалына себеп болуы мүмкін. Өнермен қатынастан алатын жағымды эмоциялар психосоматикалық үдерістерге емдік ықпал етеді, адамның психоэмоциялық шиеленіске әсер етеді, оның резервтік күшін жұмылдырады, өмнердің, ғылымның және өмірдің жалпы барлық облыстарында оның шығармашылығына себепші болады. Ғалымдардың осы тұжырымдары ересек науқастармен және балалармен түзету жұмысында өнерді пайдаланудың ғылыми негіздеуге негіз болды.
ХХ ғасырдың басында Еуропада психикалық бұзылыстары бар науқастарды емдеуде бейнелеу шығармашылығын пайдалану тәжірибесі кең етек жайды. Ұлыбританияда осындай қызметпен М. Ричардсон, Дж. Дебуффе, Е. Гутман [4] және тағы басқалары айналысты. «Көркем әлем» өкілдерінің психиатрлармен өзара әрекеті жүзеге асырылады. Психикалық науқастардың бейнелеу қызметі ғылыми тұжырымдау объектісі болып табылады, диагностикалау мақсатында қолданылады. Сырқаттарды жеңуде және қалпына келтіру мен оңалту үдерістерін жылдамдатуда көркем шығармашылықты пайдалану тәжірибесі А. Хиллдің «Изобразительное искусство против болезни» кітабында сипатталынған. Ол еуропалық ғылым мен тәжірибеге емдік әсердің құралы ретінде бейнелеу өнеріне қатысты «арт-терапия» терминін енгізді (А.И. Копытин) [4].
Қазіргі кезде түзету тәжірибесінде емдеу (терапевтік және психотерапевтік) тәжірибесінде өнерді қолдануға негізделген әдіс кеңірек таралып отыр және ол «арт-терапия» деп аталады.
Алғаш арт-терапияны оқу, талдау, қолдану ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Принцхорнның, Германия, Австрия, Швейцария, Жапония ауруханаларында жан ауруына ұшырағандардың творчестволық жұмыстарына анализ жасауға негiзделген іргелі жұмыстарынан басталды (Prinzhorn, H., 1922). Кейiн келе Крепелин, Блейлер, Бумке, Кречмер сияқты атақты психиатрлар психикалық ауруға ұшырағандардың творчестволық еңбектеріне талдау жасай бастады. 1926 жылы Ресейде осы тақырыпқа орай Карповтың кiтабы, алғаш монографиясы шықты, ол «Жан ауруына ұшырағандардың шығармашылықтары және оның ғылым мен техника дамуына тигiзер әсерi» - деп аталды. Карпов сурет салудың емдiк әсерi бар екендiгiн көргендердiң алғашқыларының бiрi болды.
«Арт-терапия» – терминi («art»-өнер, «artterapy»-өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде кеңiнен тараған. Арт-терапия – ауру адамның психоэмоциялық халiне шығармашылық арқылы ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi.
Арт-терапия өнерге негiзделген, бiрiншi орында шығармашылық пен өзiндiк өнерiн көрсететiн психотерапияның мамандандырылған бөлiмi.
Алғаш бұл термин 1938 жылы Адриан Хиллдiң санаторияда туберкулез ауруына шалдыққандардың көңiл-күйлерiн сипаттау жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық терапия, драмалық терапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла бастайды Бiрақ көптеген мамандар мұндай анықтамаларды өте кең әрi нақты емес деп санайды. Отандық психотерапиялық әдебиеттерде кей кездерде «Бейнелеу терапиясы» және «Сурет терапиясы» терминi қолданылады, бiрақ олар, ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi және мән мағынасын тарылтады. Тарихқа сүйенсек арттерапевт мамандар психиатрлар мен психотерапевттердiң көмекшiсi болған, оларға пациенттiң диагнозын анықтауға немесе ем жүргiзуге, олардың суреттерiне қарап, әдiс таңдауға көмектескен. Бiртiндеп арт-терапевттер ешкiмге тәуелсiз маман статусын иемденген. 1969 жылы арт-терапевт-практиктердi бiрiктiрген американдық арт-терапиялық ассоциация құрылды. Осы сияқты ассоциациялар кейiннен Англия, Голландия, Жапония және Ресейде құрылған. Онда арт-терапевтер қазiргi уақыттағы психотерапияның процестерi мен жекелiктерiн зерттеуге өз үлестерiн қосуда. Қазiргi уақытта психотерапияда осындай күштi эмоциялық фактор, яғни өнер мен творчествоны қолдану қажеттiлiгi көрiнiп отыр. «Арт-терапия – бiздiң ғасырымыздың жемiсi», – деген тұжырымдар өте дұрыс қабылданған қорытынды.
Ал, Дельфина-Бейли арт-терапияны қолдануда 4 негiзi бағытты бөлiп көрсетедi [60].
1. Пассивтi (енжар) арт-терапия. Дайын өнер туындыларын пациентпен анализ және интерпретация жасау арқылы емдiк әсерге қолдану.
2. Актив (белсендi) арт-терапия. Пациентте өзiндiк шығармашылығын ояту, мұнда шығармашылықтық акт негiзi емдiк фактор болып саналады.
3. Бiрiншi және екiншi қағидаларды бiр мезгiлде қолдану.
4. Психотерапевттiң өзiндiк рөлiн, оның пациентпен шығармашылық жұмысын оқудағы қарым-қатынасын көрсетуi.
Арт-терапия әдiсi – адамның iшкi өзiндiк “Менiн” сурет салуда, өлең жазғанда, скульптура жасағанда, ойланбай iстесе де көрсетiп отырады деп сенiмдi тұжырымдайды.
АҚШ-та 1940 жж. М. Наубург балалармен психотерапевтік жұмыста бейсаналық үдерістерді зерттеу құралы ретінде сурет техникасын қолданды, сол арқылы баланың өзінің уайымдарын бейнелеу қызметінде білдіруін қарастырды [5, 94б.].
Осы кезде арт-терапия З. Фрейд пен К. Юнгтің теориялық идеяларының контекстінде дами бастады және психотерапевтік тәжірибеде психикалық науқасқа оны тек бейнелеу қызметіне қамту арқылы емдік ықпал ету әдісі ретінде қолданылды. Американдық арттерапевтік бағыттағы емдік әсер дәстүрлі психоанализ идеяларының көмегімен негізделеді [5, 94б.].
К. Юнг негізгі ішкі психикалық дау-дамайды анықтағаннан және оларды өнер, көркем қызмет арқылы білдіргеннен кейін науқас өзінің жасырын мүмкіндіктерін аша отырып, өз бетімен өзінің психикалық қызметін реттей алады [5, 94б.].
Осыған байланысты арттерапевтік ықпал етудің мәні эмоциялық жаралайтын жағдайдың өнер мен көркем тәжірибенің әр түрлі құралдарының көмегімен психотерапевттің көмегі арқылы өзінің сыртқы көрінісін табады, катарсистік разрядкаға жеткізеді, соның салдарынан науқастың жағдайы жеңілдетіледі.
К. Юнгтің көркем өнердің психоаналитикалық, психотерапевтік тәжірибедегі мүмкіндіктері туралы идеяларын қолдана отырып, Р. Пикфорд, М. Милнен, Д. Винникотт және т.б. негізінде бейнелеу өнері жатқан арт-терапияның дамуына үлкен үлес қосты [5, 94б.].
ХХ ғасырдың екінші жартысында арттерапевтердің алғашқы кәсіби бірлестіктерін құрумен сипатталады (1963 жылы Британдық арттерапевтер ассоциациясы, Американдық арттерапевтік ассоциация пайда болды). Осы бірлестіктер қызметінің мақсаттары мен міндеттері азаматтардың психикалық және физикалық саулығын сақтауға психотерапевтік құрал ретінде бейнелеу өнері мен шығармашылықтың басқа түрлерінің көмегімен ықпал ету болды.
1970 жж. Британдық арттерапевтер ассоциациясы арт-терапияны мемлекеттік денсаулық сақтауға енгізуге алғашқы қадамдар жасалынды. Осы уақыттарда АҚШ пен Ұлыбританияда арттерапевт-мамандарын дайындай бастады. 1980-1990 жж. арттерапевтік тәжірибеге білім беруде, соның ішінде мамандандырылған мектептерде оның рөлін көтеру тән болады.
Өнерді балаларды психикалық дамыту факторы ретінде қарастыру, балалармен жұмыста психотерапевтік және психотүзету құрал ретінде бейнелеу тәсілдерін қолдануды негіздеу X. Рид (1943), Е. Крамер (1958, 1971) еңбектерінде қарастырылған [5, 95б.].
Ресейде мұндай тәжірибе М.Е. Бурно (1989) [60], Р.Б. Хайкиннің (1982) [61], О.А. Карабанованың (1997) [62] және т.б. еңбектерінде келтірілген. Бейнелеу өнері балаларға өздерінің ойларын сөзсіз жеткізуге мүмкіндік береді. Бейнелеу қызметінің өнімдерін (сурет салу, жабыстыру, декоративтік-қолданбалы өнер) қолдану уайымдар мен қиялдардың жауап қатуын жеңілдетеді, мінез-құлықты өзгертуге ықпал етеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында музыка терапиясы дербес бағыт ретінде бөлініп шықты. Бұл Еуропа елдері мен АҚШ-та кеңінен қолданылады. Бұл кезең Швециядағы, Австриядағы, Швейцариядағы, Германиядағы, Ресейдегі музыка-психотерапевтік қоғамдар мен орталықтарды ұйымдастырумен сипатталады.
ХХ ғасырдың соңына таман түзету мақсатында өнерді пайдалануға, оның адамға ықпал ету механизміне қызығушылық өсе бастады. Бұл ғылыми-техникалық прогреспен (аудиовизуалды құралдардың, медициналық техниканың пайда болуымен) байланысты. Бұл өз кезегінде музыканың ықпалына жауап ретіндегі ағзаның физиологиялық реакцияларды тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді.
Л.С. Брусиловскийдің [63], В.И. Петрушиннің [64], 3. Матейнованың [65, 75б.], С. Машураның [65, 99б.], В.Е. Рожновтың [66] еңбектерінде арт-терапияның бағыттарына шолу жасалған.
Қазіргі кезде арт-терапияның әр түрлі түрлері барлық елдерде медицинада да (жүйке-психикалық, соматикалық ауруларда), психологияда да (жалпы, медициналық, арнайы) кеңінен қолданылады.
Арт-терапияның заманауи түрлерінің ішінде музыка терапиясы ерекше орын алады. Еуропадағы музыка терапевтік мектептердің әрбіреуінің өзінің концепциясына ие. Бұл В.С. Шушарджанның (1998 ж.) [9, 45б.] кітабында көрініс тапты.
Осылайша, Франция мен Голландияда музыка терапиясы психотерапия тәжірибесінде де, хирургияда да кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, музыка оның ағзаға физиологиялық ықпалын, адамның ерекшеліктерін, оның ауруларына ескере отырып таңдалады. Голландияда музыка жүрек-қан тамыры ауруларын емдеуде де кеңінен пайдаланылады. Белгілі бір классикалық музыка адамның жүрек-қан тамыр жүйесіне жағымды ықпал етеді, жалғыздықпен күресуге көмектеседі, адамның ішкі жағдайын жақсартады.
Танымал француз отоларингологы А. Томатис жоғары жиілікті дыбыстардың адамның психикасына ықпалын зерттеді. Ол адам жай тыңдап қана қоймайтындығын көрсетті: оның қабылдайтын тербелістері ішкі құлақ жүйкелеріне ықпал етіп, онда электр импульстеріне түрленіп, миға бағытталады. Кейбіреулері есту жүйкелеріне беріліп, дыбыстар ретінде қабылданады, ал, басқалары күрделі қозғалыстар мен тепе-теңдік сезімі үшін жауапты мишыққа қабылданады. Олар одан эмоциялар мен биохимиялық заттардың, соның ішінде, ағзаға ықпал ететін гормондарды бөлінуін бақылайтын лимба жүйесіне беріледі. Дыбыс жасайтын электр потенциалы да адамның жоғары психикалық функцияларын, оның мінез-құлқын саналы түрде басқаруды реттейтін бас миының қабығына келіп түседі.
А. Томатистің пікірі бойынша, құлақ – адам санасын қалыптастыратын мүшелердің бірі. Оған дейін көптеген зерттеушілер естудің дененің әрбір жасушасы әреке ететін тек үлкен динамикалық үдерістің жағы ғана екендігіне мән бермеді. Дыбыс ми мен барлық ағзаның энергетикалық көздерінің бірі болып табылады. Адамның есту қабылдау диапозоны, оның дауысының діріл диапозоны және денсаулық жағдайы арасындағы тікелей байланыс анықталынды.
Арт-терапияның функцияларына қатысты біз келесідей негізгі функцияларды бөліп көрсеткен Н. Сaкoвич [9], Е. Медведева, И. Левченкo, Л. Кoмиссaрoва мен Т. Дoбрoвoльскаяның [3, 54б.] көзқарасын ұстанамыз:
1. Кaтaрсистік: тазартқыш, жағымсыз жай-күйлерден босатқыш.
2. Реттегіш: жүйке-психикалық шиеленісті басу, психосоматикалық үдерістерді ретету, жағымды психоэмоциялық күйді модельдеу.
3. Коммуникативті-рефлексті: қатынастың бұзылыстарын түзетуді қамтамасыз етуші, адекватты тұлғааралық мінез-құлықты, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру.
Т. Кoлoшинa арт-терапияның келесідей функцияларын бөліп көрсетті:
1. Диaгнoстикалық: сурет – ерекше құжат және автор туралы өте көп ақпаратты қамтиды (қанша жасыруға тырысқанымен, сурет әрқашан автордың жай-күйін сипаттайды).
2. Терaпевтік: өнердің көмегімен тұлғаны емдеу, тұлғаның психологиялық тұтастыққа қайтару.
3. Гуманистік: полярлық арасында тепе-теңдікті ұстауы мүмкін теңгерімді тұлғаны дамыту (мысалы, сүйіспеншілік-жек көрушілік, әлсіздік-күш, оқшауланушылық-жақындық, кооперация-жарыс, тәуелділік-тәуелсіздік, басым болу-бағыну және т.б.).
Бұл ретте арт-терапияның міндеттері көптеген авторлардың (Е. Медведева, И. Левченкo, Л. Кoмиссaрoва, Т. Дoбрoвoльская [3,51б.]) пікірі бойынша келесілер: арт-терапевтік әдістемелерді бейімдеу және оларды балалармен, олардың ата-аналарымен психологиялық түзету жұмысы жүйесінде қолдану; әр түрлі жастағы және тұлғалық дамуы бұзылған балалармен психологиялық түзету жұмысын жүргізуде арт-терапияны қолдану ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау.
Арнайы білім беруде арт-терапия мен арт-педагогика әдістерін пайдалану Е.А. Медведеваның, И.Ю. Левченконың, Л.Н. Комиссарованың және Т.А. Добровольскаяның жұмыстарында қарастырылған.
Әдебиеттер:
Копытин А.И. Арт-терапия детей и подростков / А.И. Копытин, Е.Е. Свистовская. – М.: Когито-Центр, 2006. – 197 с.
7 Методы арт-терапевтической помощи детям и подросткам: отечественный и зарубежный опыт (под ред. А.И. Копытина). – М.: Когито-Центр, 2012. – 285 с.
8 Лебедева Л.Д. Практика арт-терапии: подходы, диагностика, система занятий. СПб.: Речь, 2008. -256 с.
Достарыңызбен бөлісу: |