Дәріс №1 Атом-молекулалық ілім негізі


Дәріс №3 Химиялық байланыс



бет4/16
Дата17.10.2023
өлшемі168,35 Kb.
#116911
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
1869614765235 Лекция ядр. физ. 2

    Бұл бет үшін навигация:
  • .. ..
Дәріс №3
Химиялық байланыс


Дәрістің мақсаты: химиялық байланыс түрлері және олардың сипаттамаларын қарастыру.



  1. Химиялық байланыс түрлері.



Химиялық байланыс дегеніміз екі немес одан да көп атомның, ионның, молекуланың әр түрлі комбинацияда бірін-бірі ұстап тұру күштерін айтамыз. Мұндағы тарту күші атомның сыртқы қабатындағы электронның конфигурациясына тәуелді.
Химиялық байланыстың мынадай түрлері бар: ковалентті байланыс, иондық байланыс, металдық байланыс, сутектік байланыс; молекула аралық күш.
Ковалентті байланыс дегеніміз атомдар арасындағы электрондардың жұптасуы арқылы болатын байланыс: .. ..   ..   ..
H + H → H:H, :Cl + Cl: → :Cl:Cl: – полюссіз;
 ˙˙   ˙˙ ˙˙  ˙˙
  .. ..
Н + Сl: → Н:Сl: полюсті.
˙˙ ˙˙
Ковалентті байланыстың донорлы-акцепторлы механизмі: 
H H +
∙∙ ∙∙
H : N : + H+ → H : N : H
∙∙ ∙∙
  H H
Иондық байланыс дегеніміз иондар арасындағы электростатикалық күштің әсерінен болатын байланыс. Иондар электронын бергенде немесе қосып алғанда түзіледі:
Na0 –1ē → Na+
Cl0 +1ē → Cl- ;
  .. ..
Na + Сl: → [Na]+[:Сl:].
˙˙ ˙˙
Металдық байланыс дененіміз металдың кристалдық торларындағы металл ионының катоины мен еркін электрондар арасындағы байланыс. Металдық байланыс негізінде металдардың өзіне тән көптеген физикалық және химиялық қасиеттеріне түсініктеме беруге болады.
Химиялық байланыс байланыс энергиясымен, байланыс ұзындығымен және валенттілік бұрыштармен сипатталады. 
Химиялық байланыс түзуге жұмсалатын энергия байланыс энергиясы деп аталады. Неғұрлым энергия көп жұмсалса, соғұрлым байланыс берік болады. Байланыс энергиясының өлшем бірлігі – кДж/моль
Байланыс ұзындығы дегеніміз – энергияның ең кіші мәніндегі атом ядролары арасындағы арақашықтық. 
Валенттілік бұрыш дегеніміз – молекуладағы ядролардың арасын қосатын сызықтардың арасындағы бұрыш. Ол атомдардың табиғаты мен байланыстың сипатына тәуелді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет