Дәріс №11
S-элементтер және олардың қосылыстары
Дәрістің мақсаты: берілген дәріс тақырыбын толық қарастырып зерттеу.
S – элементтер.
S – элементтерге периодтық жүйеде ІА және ІІА топтары элементтері жатады. Сыртқы қабатының электрондық конфигурациясы сәйкесінше ns және ns. Сутек химиялық қатынаста тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады. Сілтілік және сілтілік жер металдары күшті тотықсыздандырғыш болып келеді. Сутектің маңызды қосылыстары сутек және сутек пероксиді болып табылады. Жануар және адам ағзаларында сілтілік металдар кальций және магний тек қана ион түрінде ғана болады. Бұл иондар гидролизге ұшырамайды, іс жүзінде комплексті қосылыстар түзбейді. Натрий және калийдің тұздарының көбісі суда жақсы ериді. Тірі ағза шарттарында тек қана натрий зәр қышқылымен аз еритін тұздар – ураттар түзеді. Кальций мен магний көптеген ерімейтін қосылыстар: оксалаттар, карбонаттар, фторидтер, фосфаттар түзеді. Кальций тұздары магний тұздарына қарағанда аз ериді.
Тіршілік қызметінің барлық процестері су ертіндісіне жүретін айналымдармен тығыз байланысты. Су орта болып қана қоймайды, сонымен қатар ол химиялық процестерге активті қатысады. Тірі ағзалардың сусыз өмір сүруі мүмкін емес. Натрий, калий, магний және кальций хлормен бірге ағзаның электролиттік фонын құрайды; кейбір ферменттердің активаторлары болып табылады; кальций сүйек ұлпасының бейорганикалық заттарының құрамына кіреді, қанның ұю процесіне қатысады, бұлшық еттің жиырылуында маңызды роль атқарады. Медецина мен ветеринарияда s– элементтер кеңінен қолданылады: Н2О2
– сутек пероксиді, жасушаларда олардың тіршілік қызметі кезінде түзіледі, оның артық мөлшері каталаза ферментімен айырылады. Бактерицидтік әсері бар, 3% ертіндісі дезинфекциялық зат ретінде шаю және жуу үшін қолданылады. NaCl – натрий хлориді ағза көп сұйықтығынан айырылғанда және дәрілерді сұйылту үшін физиологиялық (0,9%) ертінді ретінде пайдаланылады. KCl – калий хлориді скелет бұлшық еттерінің жиырылуын арттыру, жүрек қызметін жақсарту үшін қолданылады. NaBr6 KBr – тыныштандыратын зат ретінде; натрий және калий иодтері қалқанша без ауруларын емдеуге қолданылады. Калий перманганаты және тетребораты (бура) антисептиктер ретінде пайдаланылады.
[3(*2Ca] – кальцийдің апатиті-гидроксиді сүйек ұлпасының басты минералбды компоненті болып табылады. Өт және зәр жолдарында тастың байлануы, қан тамырларында склеротиттік өзгерістердің болуы кальцийдің нашар еритін қосылыстарының түзілуімен байланысты. Кальций иондары кальция өзінің өлшемдері бойынша жақын стронций иондарымен алмасып кетуі мүмкін. Әсіресе стронцийдің радиоактивті изотопы – стронций-90 өте қауіпті. Сүйекке түсіп, ол сүйек ұлпасын сәулелендіреді және канцерогенді активтілік көрсетеді. Магний оксиді – қышқылдық жоғары болғанда; кальций гидроксиді (сөндірілген ізбес) – санитарлық практикада қазылған шұңқырларды дезинфекциялау үшін; магний сульфаты Mg*7O –ішті айдайтын зат ретінде қолданылады; кальций сульфаты 2Ca*O - гипс, сынықты емдеу кезінде қолданылады; барий сульфаты рентгеноскопияда; кальций карбонаты – тіс пасталарын және ұнтақтарын дайындауда; кальций хлориді – тыныштандыратын және суық тигенге қарсы зат ретінде қолданылады.
S – элементтер периодтық жүйенің ІА және ІІА топтарын құрып, сілтілік және сілтілік жер металдар деп аталады.
Биологиялық ролі бойынша олар биогенді элементтер болып табылады.
Органикалық заттардың жасушасы периодтық жүйедегі 6 элементтен тұрады – C, H, O, N, P, S – аминқышқылдарда оларды органогендер не макробиогенді деп атайды.
7 элемент – Fe, Co, Mn, Na, K, Ca, Mg – биогенді деп аталады.
Органикалық қосылыстарға аз мөлшерде Cu, Zn, Mo, Ni, V, Cl, Br, J, Li, Be, B, Si, F қажет, оларды микробиогенді деп атайды. 99% ұлпа құрамында 4 элемент бар – H, C, O, N.
Әр элемент органикалық қосылыста тірі ағзада өз ролін атқарады.
Биогендік элементтердің өсімдік және жануар ағзаның тіршілігінде маңызды орын алады – олар фотосинтез процесіне қатысады (, ), клеткадағы қанттардың және крахмалдардың құрам деңгейін ұстап тұрады (), қан тамырларының қысым тұрақтылығын () және жүрек жұмысын интенсивтілігін (), саңырауқұлақ және батериалбді ауруларға қарсы тұру қабілетін () реттеуге қатысады.
Бұл элементтерінің жетіспеушілігі өсімдіктердің және малдардың ауруына әкеледі.
ІА топ элементтерінің атомдарының сыртқы энергитекалық деңгейінде 1 s– электроннан болады:
ІІА топ элементтердің атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 s– электроннан болады:
s– элемент атомдары бос күйінде, Н және Не газдарынан басқалаы, күшті тотықсыздандырғыштар болады. Оларда валенттілік электрондар тек s– электрондары ьолады. s– элементтердің атомдары тек электрондарының доноры болады және оң тотығу дәрежесіне ие:
ІА топ элементтері үшін +1
ІІА топ элементтері үшін +2
Достарыңызбен бөлісу: |