Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия



бет24/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Дәріс 4
Ферменттер.

Ферменттер – тіршілік негізі
Тірі организмдер үнемі қозғалыста және тепе-теңдікте болады, яғни организмге сырттан қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бұл құбылысты зат алмасу деп атайды. Зат алмасудың қалыпты жүруін орталық нерв жүйесі және эндокрин бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері өз әсерін ферменттер арқылы іске асырады.
Организмнің барлық клеткасында бір мезгілде белгілі ретпен және өзара үйлесімді де алуан түрлі химиялық реакциялар жүріп жатады. Ал ферменттер осы реакцияларды милиондаған есе жылдамдатады. Егер ферменттер қатыспаса, организмдегі химиялық реакциялар өте баяу да тәртіпсіз жүреді. Сондықтан да ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады.

Фермент деген не?

Фермент дегеніміз-белоктық зат, ол организмде көптеген реакцияларды тездетуші. Фермент ( латынның fermentum- ашу деген мағына, грек тілінде - enzyme, en-ішкі, zymeашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады.


Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады.
Меншікті активтілік дегеніміз –ферменттік препараттағы 1мг белокқа тиісті фермент өлшемінің шамасы; ол мкмоль 1 мин мг белок деп көрсетіледі. Меншікті активтілік ферменттік препараттың тазалық өлшемі: фермент тазартылған сайын, ол арта түседі және фермент таза күйге жеткенде, ол көрсеткіш ең жоғарғы және тұрақты болады.
Катализдік активтілік дегеніміз- стандартты жағдайда 1 моль субстратты 1с уақыт ішінде өңдеп өзгерте алатын фермент мөлшері болып табылады.

Ферменттердің химиялық құрамы және құрылымы

Фермент дегеніміз биохимиялық реакциялар кезінде катализдік активтілік активтілік көрсететін белоктар екені белгілі болды. Ферменттердің бәрі де үлкен молекулалы қосылыстар, олардың молекулалық массасы (м.м.) 10 мыңнан 1 миллионға дейін, тіпті одан да көп шамаға жетеді.


Қарапайым ферменттер дегеніміз – қарапайым белоктар, олар гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді. Қарапайым ферменттерге мыналар жатады: рибонуклеаза, пепсин, трипсин, химотрипсин, папаин, амилазалар, гидролаза класына жататын басқа да ферменттер.
Күрделі феерменттер дегеніміз-күрделі белоктар. Күрделі ферменттер екі бөліктен: белоктық және белоктық емес бөліктен тұрады. Ферменттердің белоктық бөлігі апофермент деп, ал белоктық емес бөлігі простетикалық топ немесе кофактар деп аталады. Апофермент кофакторсыз активті болмайды. Күрделі ферменттердің кофакторлары металл иондары немесе белоктық емес органикалық заттар. Мұндағы металл иондары активаторлар деп аталады.
Активаторлар мына иондар: Na+, K+, Fe²+, Cu²+, Co²+, Zn²+, Mg²+, Mn²+, Ni²+, Mo²+. 180 шамасынан астам ферментте металл иондары активатор қызметін атқарады.
Коферменттер ( лат. тілінде Ко-бірге және фермент деген сөзден ишыққан) – құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар, олар апоферментпен тығыз байланысқан.
Коферменттер – төменгі молекулалы заттар, олар жоғары температураға төзімді келеді және ферменттің белоктық бөлігінен оңай ажырайды.
Көптеген ферменттер витвминдерге жатады немесе витаминдер туындысы болып табылады. Коферменттерге активті тобы бар витаминдер –тиаминпирофосфат ( В1 витаминінің туындысы), никотинамидті коферменттер (РР витамині) жатады. В2, В6, В12 витаминдері және т.б. витаминдер кіреді. Сондықтан да витаминдер жетіспеуі коферменттердің синтезін бұзады, соның салдарынан тиісті ферменттердің түзілуі тежеледі. Осыдан зат алмасу бұзылады және адам мен организм бір қалыпты тіршілік ете алмайды.
Витаминдік емес коферменттер де бар, мысалы, металлпорфириндер, нуклеотидтер, пептидтер, т.б. Мұндай коферменттер зат алмасудың аралық өнімдерінен түзіледі және әрқашан организмде болады.
Биохимиялық реакцияларда коферменттер екі түрлі қызмет атқарады:

  1. Күрделі фермент құрамында субстраттың(фермент әсер ететін зат) катализдік өңделіп өзгеруіне қатысады, бұл кезде кофермент оның активті ортасына енеді;

  2. Бір субстраттан екінші субстратқа электрондарды, протондарды тасымалдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет