Никотинамиднуклеотидті немесе пириндік коферменттер
НАД+ және НАДФ+ ( НАД+ никотинамидадениндинуклеотид, НАДФ+ никотинамидаденин динуклеотидфосфат). Бұл коферменттердің активті бөлігі никотин амид (РР витамин) болып табылады, оның молекуласында пиридин сақинасы бар және ол пиридиндік коферменттер деп аталады.
НАД+ және НАДФ+ қандай да бір арнайы белоктармен (апоферменттермен) қосылып, тиісті ферменттер түзеді.
НАД+ коферментіне қарағанда, НАДФ+ коферментінде бір фосфат тобы артық болады, ол топ, аденинмен байланысқан рибозаның гидроксил тобымен этерленген, НАД+ пен НАДФ+ өздерінің құрылымы жөнінде жақын қосылыс, бірінен-бірі алмастыра алмайды.
ФАД және ФМН флавиндік коферменттер
(ФАД–флавинадениндинуклеотид, ФМН –флавинмононуклеотид). ФАД және ФМН коферменттері әртүрлі апоферменттермен байланысады да, флавопротеидті ферменттер –флавиндік дегидрогенеза түзеді. Қазіргі кезде флавопротеидтердің 80 шамасына жетеді және олардың көпшілігінде ФАД бар. ФАД және ФМН екеуі апоферменттермен мықты байланысқан және НАД+ және НАДФ+ екеуінен айырмасы, катализдік реакция кезінде ферменттің белоктық бөлігіне байланысқан күйінде қалады.
ТПФ немесе ГДФ коферменті
(ТПФ –тиаминпирофосфат, ТПФ –диаминдифосфат) ТПФ коферменті В1 витаминінң туындысы, оның тиазол сақинасында күкірт бар. Ол апоферментпен мықты байланысқан болады және простетикалық топ деп саналады.
Кобамидтік кофемент
Бұл коферменттің активті бөлігі химиялық құрамы ең күрделі витамин –В12 витамині. В12 витамині молекуласында коррин циклы бар, ол төрт пиррол сақинасынан тұрады, сақиналар бір-бірімен өзара байланысады. Циклдың дәл ортасында коальт атомымен айланысқан ци тоб орналасады. Ондын бұл витамин цианкобаламин еп аталады. Кобаминдік коферменттерде циан тобы болмайды, оның орнын метил 5-дезоксиаденозин басады. Соған сәйкес мынандай екі кофермент түзіледі: метилкобаламин және 5- дезоксиаденозилкобаламин.
Пиродоксиндік коферменттер
Бұл коферменттің негізі В6 витамині, коферменттің құрамына бір-біріне ұқсас үш қосылыс: пиридоксин, пиридоксаль, пиридоксамин кіреді. Ол үшеуі бір-біріне оңай айналады.
В6 витаминнің негізі активті туындысы пиридоксаль -5 фосфат болып саналады, оның өзі бірқатар пиридоксальдық ферменттердің коферменті. Пиридоксаминфосфатта коферменттік қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |