Дәріс 1 Ақуыздар Биохимия


Рибосомалар мен информосомалар



бет22/65
Дата14.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#93056
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Байланысты:
Дәріс БИОХИМИЯ

Рибосомалар мен информосомалар РН-протеиндерден құралады. Нуклепротеиндер тұқым қуалаушы информацияны сақтауда және белок биосинтезінде аса маңызды қызмет атқарады.


Казеин молекуласында треонин қалдығымен түзілген фосфор эфирі.

2.Фосфопротеиндердегі простетикалық топ – фосфор қышқылының қалдықтары. Ол полипептидтік тізбектегі серинге немесе треонинге жалғасады. Фосфопротеиндерге сүттегі казеин, жұмыртқа сары уызындағы виталлин, балық уылдырығындағы ихтулин және бірқатар ферменттер жатады.

3. Гликопротеиндер - құрамында қанттар (D-манноза, D-галактоза, D-глюкоза, гексозаминдер, сиал қышқылы және басқалары) бар күрделі белоктар. Жануарлардың, адамның, өсімдіктердің ұлпаларында және микроорганизмдерде көп кездеседі. Гликопротеиндерге сілемей муциндері, тірек ұлпалар (шеміршек, сүйек) мукоидтары жатады. Олар буындарды майлайды, клетка мембранасы құрылымының қалыптасуына, иммунологиялық реакцияларға қатысады, эритроциттердің беткі жағында орналасады, қан тобын (группасын) анықтайды.

Серин қалдығына байланысқан Аспарагин қалдығына жалғасқан
N-ацетил-D-галактозамин N-ацетил-D-гюкозамин
Гликопротеиндердің белоктық бөлігі клетка мембранасында болады, ал көмірсу бөліктері мембранадан шығып тұрады. Қанттардың осылай орналасуы гликопротеиндердің ерекшелігін түзейді - клеткалардың бір-бірін тануы, иммун жүйесінің бөтен клеткаларды айыра білуі,
Муциндер - көп қантты гликопротеиндер, мукопротеиндер деп атайды. Сілекейде, клеткааралық сұйықтықтарда, ішекте, шеміршекте, бронхта, сүйекте, теріде болады.
Буындарда майлар ретінде өте маңызды қызмет атқарады. Ауыз қуысы, тыныс тану жолы, тағам жүретін жолының шырышты қабығы муциндермен жабылған. Муциндер созылмалы, жабысқақ белок.
Суббөліктің (мономердің) молекулалық массасы 16000, гемоглобин молекуласының (16000X4) =64 000.
Hb + O2 Hb O2
Клеткаларда оттегінің тиісті мөлшердегі қысымы азайған кезде оксигемоглобин гемоглобинге және оттегі молекуласына О2 оңай бөлінеді.
Бұл реакция қайтымды. Иіс тиіп уланған адамды таза ауаға шығарған жағдайда көміртегінің тотығы СО ығыстырылып шығарылады да, гемоглобин қайтадан оттегімен әрекеттесіп, оксигемоглобин түзеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет