Дәріс 1 Дүниетануды оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері. Мазмұны



бет13/28
Дата09.05.2023
өлшемі136,83 Kb.
#91298
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
Д ріс 1 Д ниетануды о ыту дістемесіні ма саты, міндеттері. Маз

Дәріс 13-14-15. Оқуда қиындықтары бар және дарынды балалармен түзету-дамыту жұмыстарын құру негіздері
Мазмұны:
Мүмкіндігі шектеулі (ЗПР) және «тәуекел тобы» (группа риска) балаларының даму ерекшеліктері. Түзету-дамыту жұмыстарын құруда стандартты емес формалар мен әдістер

2

№ 15-16
дәріс

2-МОДУЛЬ. 2-МОДУЛЬ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН «ДҮНИЕТАНУ» ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқыту нысандары, сабақ түрлері, оған қойылатын талаптар.
Дәрістің мақсаты: Оқушыларға білім берудің негізгі түрі сабақ екенін дәлеледей отырып, сабақтың түрлері, құрлымы жайында ұғым беру. Сабақты ұйымдастыра білуге жаттықтыру.
Дәріске керекті құралдар: Сабақ түрлерін көрсететін сызба
Дәрістің жоспары:
1. Дәстүрлі емес сабақтар, олардың ерекшелігі.
2. Сабақ, сабаққа қойылатын талаптар.
3. Сабақтың құрылымы.
4. Сабақ типтері.
5. Дәстүрлі емес сабақтар түрлері.
Дәрістің барысы:
Білім берудің мәселелерімен шұғылданып отырған республиқалық
әдіскерлер әр түрлі сабақтардың ұйымдастырылуын сөз еткендерімен оларды топтап білім беру формаларын саралағандары жоқ. Сонымен қатар мектепте проблемалық оқуды ұйымдастыру мәселесін зерттеген ғалымдар да білім берудің формасы ретінде сабақ мазмұнын ғана ашады. В. М. Пакулова З. И. Кузнецовалардың пікірінше табиғаттан білім беруді ұйымдастыру формасына сабақ, экскурсия, сабақтан және сыныптан тыс жұмыстар түрін жатқызуға болады. Сыныптан тыс жұмыстар мен сабақтан тыс жұмыстарды бөлу психологиялық, логиқалық жағынан, не оқушылардың білім меңгеру деңгейіне негіздеу тұрғысынан дәлелденеді.
Осы кезге дейін оқыту, білім беру формаларын зерттеген еңбектерге, педагогика мен психология ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, көп жылғы педагогтық тәжірибеміздің, Республика мектептерінде жүргізілген бақылаулар мен эксперименттік жұмыстардың негізінде жаратылыстануден білім беру формаларын төмендегідей тұргыда қарастыруды ұсынамыз. Сабақ, топсаяхат, үлескідегі практикалық сабақ, табиғат бұрышындағы сабақ. сыныптан тыс жұмыстар, дәстүрлі емес сабақтар (жарыс, сынақ, жұмбақ, қайда, қашан, не?).
Барлық пәндер бойынша сабақтың ортақ белгілері болғанмен, әр пән сабағының өз ерекшелігі бар. Сондықтанда біз жаратылыстануден білім беру формасын жүктеуде мына мәселелерді негізге алдық:
- мектепте білім беру формасының дидактиқалық негізі барлык пәнде бір тўтастықты байқатқанымен, әр пәннің білім беру формасы өзінше ерекшелік жасайтынын көрсету;
- оқушылардың білімді нақты бейнелі қабылдап, абстрактілі ойға көшуіне жағдай жасайтындай болуын қарастыру;
- жаратылыстануден білім беру түрлері оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін, біліктілігін, іс-әрекеттерін қалыптастыруға жетелейтіндей болуын;
- оқушылардың ізденуіне, өзіндік оқу әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей болуын;
- оқушының міндеті базалық білімді меңгеруіне, алған білімін кез-келген жағдаяттарда қолдана алу жағын қамтамассыз етуді ескеру.
«Сабақ» туралы ең алғашқы анықтама беру Ян Амос Коменскийден басталғаны белгілі. Қай пәннің болса да түбегейілі білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсаты сабақ арқылы жүзеге асады. Сондықтан да бүкіл педагогиқалық, дидактиқалық еңбектер де білім берудің негізгі түрі (формасы) - сабақ деп айқындалғандығы жаңалық емес. Білім берудің негізгі түрі болғандықтан сабақтың шешетін проблемасы, атқаратын қызметі (функциясы) өте күрделі.
Сабақ түрлерін талдауда үлкен үлес қосқан Р. Г. Ленберг. Бірақ ғалым әдіскерлердің ол кездегі анықтаған сабақ түрлері қазіргі таңда біраз өзгеріске ұшырап отыр. Бұл заңды құбылыс екені белгілі.
Сабаққа қойылатын педагогиқалық талапқа сай білімді сапалы меңгертуді жүзеге асыратын ізденушілік әдісі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет