Дәріс 1 Дүниетануды оқыту әдістемесінің мақсаты, міндеттері. Мазмұны



бет16/28
Дата09.05.2023
өлшемі136,83 Kb.
#91298
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
Д ріс 1 Д ниетануды о ыту дістемесіні ма саты, міндеттері. Маз

Сарамандық сабақ.
Қоршаған орта туралы оқушыларға білім беруде олардың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға көмегін тигізетін сабақтын түрі —сарамандық сабақ. Сарамандық, сабақта оқушылар бүкіл білімін сарамандық жұмыстар атқаруға қолданады. Мұндай сабақтың түрін ұйымдастыруға қолайлы тақырыптарДүниетанупәні бойынша өте мол. Мәселен, горизонт бағыттары, түсбағдар, термометр, план, кіші және үлкен заттың планын сызу, жердің планын салу, географиялық карта т.б. тақырыптардың бәрі де сарамандық сабақ түрінде өткізілген жағдайда ғана өзінің тиімділігін арттырады. Сарамандық сабақтар жаңа тақырыпты оқып-үйрену кезінде де, белгілі бір тарауды оқып өткеннен кейін қортынды ретінде де ұйымдастырылады. Әсіресе, горизонт бағыттары туралы 2 —сыныпта ұғым беруді түсбағдарды пайдалана отырып, сарамандық сабақ етіп өткізген жөн. Сабақта түсбағдарды көрнекілік ретінде ғана қолданудың жолы бір басқа, ал оны қолданып түрлі жаттығулар жүргізу негізінде сарамандық жұмыстар орындату арқылы бүкіл сабақты бір бағытта осы құралмен жұмыс істеуді меңгертуге және оның маңызын ұғынуға бағыттаудың жолы мүлде басқаша екенін ескеруге тиіспіз.
Сарамандық сабақтар көбіне географиялық картаның түрлерімен, глобуспен таныстыру барысында да ұйымдастырылады. Географиялық картамен жұмыс кезінде оқушы­лар картаның бояуын, шартты белгілерін, жер бедерлерінің көрінісін тек оқып қана қоймай, соларға қарап ой қорытады. Кез келген пайдалы қазбаны өндіретін жердің геогра­фиялық орынын тауып қана қоймай, оның маңайындағы нысандарға қарап георафиялық сипаттама беруге дейін көтеріле алады. Сарамандық сабақтарда бастан аяқ оқушылардың өзіндік жұмысы жүйелі ұйымдастырылады. Ол үшін мұғалім бағыт сілтеп, не істейтіндерін ғана түсіндіреді. Ал географиялық нысандарды кескін картаға түсіру, аттарын жазу т.б оқушылар өздігінен орындайды. Сарамандық, сабақтарда оқушылар алған білімдерін іс жүзінде қолдануға төселеді. Сарамандық сабақтың сынып­та да сыныптан тыс та ұйымдастырылуы мүмкін. Мәселен, "Жердің планын түсіру" тақырыбына арналған сарамандық сабақ сыныптан тыс белгілі бір шағын жер бөлігінін планын түсіруге байланысты өтеді. Әрине бұған дейін оқушылар планның шартты белгілерімен танысып, масш­таб туралы ұғым алғандықтан, оларға көздеріне түскен нысандарды планға белгілеу қиынға түспейді. Мұғалім көмекке масштаб аларды ғана келуіне болады. Сарамандық сабақтарда орындалатын жұмыстар негізінде оқушылар материалды саналы менгереді. Сарамандық сабақтың құрылымы:

  • Тақырыптың мақсаты мен міндетін таныстыру.

  • Оқушылардың орындайтын сарамандық жұмыстары.

  • Жұмыстың нәтижесін қортындылау.

  • Үйге тапсырма беру.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



1

№ 9-10
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет